ГЛОССАРИЙ


     Шартсыз рефлекстер – нақты сыртқы қоздырғыштарға автоматты, ырықсыз түрде жауап беру. Кейбір рефлекстер сыртқы әлемге физиологиялық бейімделуді қамтамасыз етіп, кейіннен ему, іздеу, тамақтану, қорғану және т.с.с. рефлекстерінде сақталады. Басқа рефлекстер атавистік сипатта болып, жануарлар тегінен алынған мұраны білдіреді.
     Саналылық – мән арқылы анықталады, өйткені тілде (сөйлеуде) көрініс табатын дүниенің барлығы саналы.
     Онтогенез – туғаннан адам өмірінің соңына дейінгі дара даму. Аталмыш ұғым биологиядағы онтогенездің жүктіліктен және жаңа өмірдің пайда болу мезетінен өлімге дейінгі дара даму ретінде анықталған ұғымға сәйкес келмейді.
     Өсу – жеке ағзалардың, олардың жүйелерінің, тұтастай организмнің маңызды мүмкіндіктерінің сандық өзгерістері, мөлшерлерінің ұлғаюы.
     Даму – құрылымның сапалы өзгеру, қайта құрылу, өңделу үдерісі. Даму әрдайым жүйенің дамуы болып табылады, жаңа қасиет тек жүйенің қайта өңделуі ретінде туындайды. Соған сәйкес даму объектісі – оқшауланған элемент емес, жүйе болып табылады.
     Дағдарыс – онтогенетикалық дамудағы дамудың бұзылуы.
     Конвергенция – тұқымқуалаушылық пен ортаның өзара бірін-бірі толықтыруы мен өзара әрекеттесуін болжайтын ортақтастық.
     Жетілу – генетикалық жоспарға сәйкес органикалық өсу мен дамудың бағдарламаланған үдерісі. Жетілу сандық және сапалы өзгерістерді қамтиды.
     Салыстырмалы әдіс – сыналушылардың немесе таңдаулардың әртүрлі топтарының салыстырылуы.
     Лонгитюдті әдіс немесе «бойлай қима» әдісі – бір адамның уақыттың біршама ұзақ мөлшерінде бірнеше рет зерттелуі.
     Эмпирикалық әдістер – бақылау және өзіндік бақылау; эксперимент және психодинамикалық әдістері (тестер, анкеталар, сұрақнамалар, социометрия, сұхбаттасу және әңгімелесу) іс-әрекеттің үдерістері мен нәтижелерінің талдамасы, өмірбаяндық әдістер (адамның өмір жолындағы оқиғалардың, құжаттардың талдамасы).
     Мәліметтерді өңдеу әдісі – сандық (статистикалық) және сапалы талдау (мәліметтердің топтарға жіктелуі және т.с.с.) әдістер.
     Интерпретациялық әдістер – генетикалық және құрылымдық әдістер.
     Генетикалық әдіс – зерттеудің бүкіл өңделген мәліметтерінің психикалық жаңа құрылымдары қалыптасуының фазаларын, сатыларын дағдарысты мезеттерін қарастырып, даму сипаттамаларында талқылануына жағдай жасайды. Ол даму деңгейлерінің арасындағы «тігінен» генетикалық байланыстарды орнатады.
     Құрылымдық әдіс – тұлғаның барлық зерттелінетін сипаттамаларының арасындағы көлденең, құрылымды байланыс-тарды жүзеге асырады.
     Преформизм – индивидтің жетілген формадағы барлық қасиеттері мен сипаттамалары бала біту мезетінен бастап беріліп, алдын ала анықталып, ұрық жасушаларының өзінде болатын психикалық даму тұжырымдамасы. Преформизм – баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері тұрғысында нативизмнің бір түрі.
     Рекапитуляция (латын тілінен аударғанда rekapitulato) теориясы – онтогенездегі жеке дара даму түрлер мен адам тегі тарихының жылдам қайталануын білдіреді.
     Даярлық заңы – индивидте стимулдың нақты түрімен бекітуге даярлығының болуы.
     Либидо – адамзаттың жетістіктерін анықтайтын және оның дамуының негізін құрайтын адам белсенділігінің қуаты.
     Танатос – өлімге құштарлық ретінде тепе-теңдікке қатысты жалпы бетбұрыс: адам ғайыптан келіп, ғайыпқа кетуі тиіс. Өлімге құштарлық бұл – өмірлік циклдің аяқталғандығының көрініс.
     Ығыстыру – бейсаналылыққа ығыстыру, санадан тыс сақтау және аластату;
     Регрессия – мінез-құлық пен ойдың алдыңғы формаларына, объектілі қатынастарға, дамудың едәуір ерте кезеңдеріне қайта оралу;
     Кету – физикалық қашу немесе ойша іштей кету;
     Реактивті құрылыс – Супер Эгомен сыналатын тілектермен және ойлармен байланысты мазасыздықты бейсаналы жасыру, қалаулы мінез-құлықтың тікелей қарама-қарсы үлгісін таныту;
     Проекция – адамның өзі үшін сынға ұшыраған және кешірілмейтін тілектер мен ойлардың өзгеге таңылуы;
     Идентификация – едәуір құдіретті және билікке ие адамдардың бағдары мен көзқарастарын, құндылықтарын бір жүйеге келтіріп, өзіне таңуы; балалар өздерін ата-аналарымен салыстырады;
     Изоляция – ойлардың немесе әрекеттердің уақытша ретін (мәселен, салттардың көмегімен) үзуге мүмкіндік беретін тәсілдердің жиынтығы;
     Орын басу (алмастыру) – мазасыздықтың немесе жағымсыз аффектінің шынайы бастауын құдіреті және қауіп-қатері неғұрлым төменірек фигурамен алмастыру;
     Рационализация – жалған дәлелдің көмегімен ақиқаттың бұрмалануы;
     Сублимация – инстинктивті тума әуестіктердің әлеуметтік қалаулы және қолайлы мақсаттарға ауыстырылуы.
     Операциялар – өзге әрекеттер арқылы біртұтас жүйеге реттелген әрі кері қайтарымы бар интериоризацияланған ішкі әрекеттер. Кері қайтарым объектінің шарты ретінде анықталып, негізгі қасиеттерінің сақталуына байланысты.
     Метаморфоза заңы – дамуды сана күйлерінің бір ізді сапалы өзгерісі.
     Инстинкт – тума мінез-құлық, үйретуді қажет етпейді, түрдің барлық мүшелеріне ортақ, бейімделу шеңбері өте тар.
     Дағдылар немесе жаттықтыру – тума емес, үйретудің нәтижесінде туындайды, бейімделу шеңбері едәуір кеңірек.
     Интеллект – мінез-құлықтың жоғары формасы (үйретуді қажет етпейді, қиын жағдаяттың мәнді қатынастарын күтпеген жерден түсінуге, яғни инсайтқа негізделеді).
     Сексуалды мақсат – ләззат алудың бастауы болып табылатын денедегі эрогенді аймақ.
     Эгоцентризм – бұл құбылыстар мен объектілер тек дербес көзқарасының тұрғысында қарастырылатын, қоршаған әлемге қатысты иеленген субъектінің ерекше танымдық ұстанымы. Дербес ұстанымы бойынша әлемді тану, пәнге қатысты әртүрлі көзқарастарды реттей алмаушылық;
     Децентрация – дербес көзқарасын объектіге қатысты басқа да ықтималды көзқарастармен реттеу.
     Тепе-теңдікке ұмтылыс – қызмет етудің және дамудың басты қағидасы әрі негізгі реттеушісі болып табылады.
     Эпигенез – дамудың негізгі кезеңдерін анықтайтын біртұтас тума жоспардың болуы. Ол жоспар ағзалардың, яғни психологиялық қабілеттердің қалыптасу сатылылығын алдын ала болжайды.
     Пубертантты кезең (12-19 жас шамасы) – ұқсастықтың қалыптасуының сын кезеңі. Әлеуметтік-психологиялық дағдарыстың мәні эго-ұқсастық пен ұқсастықтың алмасуының арасында таңдау жасауда анықталады.
     Психологиялық жас – даму талдауының «бірлігі» болып табылады. Психологиялық жас құрылымымен және динамикасымен сипатталады. Жастың құрылымы дамудың әлеуметтік жағдаятын және жас ерекшелік психологиялық жаңа құрылымдарды қамтиды.
     Жас ерекшелік дағдарыс бұл – адам ағзасы мен психикасындағы тұрақты кезеңінің барысында орын алған сандық өзгерістердің сапалы өзгерістерге алмасатын адамның өмірлік циклінің барысындағы нормативті, заңды кезең.
     Пренаталды – тіршілік иесінің құрсақтағы пайда болуынан дүниеге келгенге дейінгі дамуы.
     Герминалды кезең – (ұрықтанғаннан 2 аптаға дейін) – жасушалардың жылдам жетілуі мен алғашқы дифференциялану кезеңі;
     Эмбрионалды кезең – (2 аптадан 2 айға дейін) – негізгі құрылымдар мен ағзалардың қалыптасу кезеңі;
     Фетальды кезең – (3 айдан туғанға дейін) – ұрықтың қарқынды морфофизиологиялық даму кезеңі.
     Жандану кешені – алғашқы жарты жылда балада ересекпен қарым-қатынасында мінез-құлықтың күрделі формасы, сөйлеген ересектің бет әлпетіне деген аффективті-жағымды, мимикалық-соматикалық реакциясының қалыптасуы.
     Сюжеттік-рөлдік ойын – бұл балалардың ересектердің еңбек немесе әлеуметтік қызметтерін өзіне теңгеріп, арнайы құрастырылған немесе ойдан шығарылған ойын жағдайларында ересектердің өмірін қайталауы.
     Психологиялық қолдау – адамның жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделуіне байланысты орын алған қиыншылықтарды едәуір жылдамырақ және қиыншылықсыз кешіруге, стресогенді жағдайды жеңуге, айналасындағылармен өзара тиімді қатынастарды қалыптастыруға, өзінің психологиялық, психикалық және физикалық денсаулығын сақтауға көмектесу.
     Ассоциация – өзіндік ортақ іс-әрекеттің мақсаты, құрылымы бар, бірақ біртұтас әлеуметтік психологиялық бүтін бола алмайды.
     Корпорация – ортақ мақсат және оны жүзеге асырудағы іс-әрекеттің біртұтастығымен анықталады. Осындай топтарға тән серіктестік, топ мүшелерінің өзара әрекеттестігі, қарым-қатынастың белгілі бір дәрежеде топтық тәжірибені құрап, оның сол іс-әрекет түрінде даярлығын қамтамасыз етеді.
     Ұжым – дамудың ең жоғары деңгейі. Іс-әрекеттің негізінде қоғамдық құны, мақсаттары мен мотивтері бар мұндай топ даярлықтың, психологиялық біліктің ең жоғарғы деңгейін сипаттайды.
     Еліктеу – индивидтің қандай да бір мінез-құлық көріністерін, әрекеттерін, мәнерін қайталау.
     Эмпатия – басқа адамның ішкі әлеміне еніп, оның барлық сезімдері мен ойларын эмоциялы түрде қабылдау.
     Симметриялық стиль – отбасы мүшелерімен серіктесу негізінде құрылады. Бұл фактордың жасөспірімнің өзін-өзі бағалауында эмансипацияға ықпалы зор.
     Ассиметриялы стиль – отбасындағы мәселелерді шешуге жасөспірімдердің қатысуына шектеу жасау. Қарым-қатынастың ассиметриялы стилі жасөспірімдердің «Мен» бейнесі мен өз-өзіне жағымсыз қарым-қатынасын қалыптастырады.
     Белсенділік – жаратылыстағы заттардың, құбылыстардың, тірі организмнің іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысының қарқынын білдіретін ұғым.
     Психикалық белсенділік – субъектінің ұстанған бағдарын жүзеге асыру барысындағы іс-әрекетінің жігерлілігі. Ол жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктеріне, яғни белгілі бір ахуалға сай әсерленуіне, мінез-құлқына, шешім қабылдау қабілетіне байланысты.
     Өзара әрекеттестік – бұл объектілердің (субъектілердің) өзара байланысы мен міндеттілігін тудыратын бір-біріне жанама немесе тікелей ықпалы.
     Қартаю – бұл организмде жас өзгерістерінен заңды түрде туындайтын физиологиялық үдеріс. Қартаю үдерістеріне әртүрлі жүйелерде әртүрлі жылдамдықта байқалатын жас шамалық өзгерістердің дамуы тән.
     Кәрілік – адамның тарихи-эволюциялық дамуының әртүрлі сатыларында және әртүрлі экологиялық-популяциялық және әлеуметтік топтар ішінде шартты және шекаралық түрде ауысып тұратын биопсихологиялық және әлеуметтік тарихи түсінік.
     Гериатрия – (грек. geron және iatreia – емдеу ілімі) кәрі және қарттық жастағы адамдардың ауруларын зерттейді.
     Геронтология – қарттық кезеңнің психикалық ерекшеліктерін зерттейтін даму психологиясының саласы.
     Геронтологияның мақсаты – кәрілікке байланысты туындайтын кейбір кемшіліктерді жеңу. Өйткені әрбір жас тобының әлеуметтік мәртебесі мен қоғамдағы орны сол топтың экономикалық «жетістіктерімен» тығыз байланысты.
     Жас ерекшелік дағдарыс – адам ағзасы мен психикасындағы тұрақты кезеңінің барысында орын алған сандық өзгерістердің сапалы өзгерістерге алмасатын адамның өмірлік циклінің барысындағы нормативті, заңды кезең.