ДОҒАЛОВ АМАНГЕЛДІ НӘЖМИДЕНҰЛЫ

Экономика ғылымдарының кандидаты доцент.

1973 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-ң философиялық-экономикалық факультетінің «саяси экономия» мамандығына үздік дипломмен бітіріп, қазіргі ҚазҰАУ-де оқытушы болып қызметке орналасқан.

1974-1978 жж. Қаз.ССР ҒА Экономика институтының ғылыми қызметкері. 1978-1998 жж. Қазақ ҰАУ-де аға оқытушы. 1998-2006 жж. ҚР Көші-қон және демография агенттігінде бас маман, бөлім бастығы, ҚР АШМ ауыл аумақ басқармасының бастығы, ҚР Парламент Мәжілісінің бас консультанты қызметтерін атқарды.

2001-2002 жылдары «ҚР-да халық саясатын қалыптастыру» бойынша БҰҰ-ң Жоба директоры болып істеді.

2004 жылы экономикалық мәселелер бойынша консультант ретінде «Биоалуантүрлілікті сақтау бойынша Ортаазиялық шекарааралық жоба» (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан) бойынша жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Экономикалық теория» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты.

90-нан астам ғылыми мақалалары, 4 монография ҚР БҒМ-ң таңбасын алған 3 оқулығы, 6 оқу құралы, 5 оқу-әдістемелік құралдары жарияланған.

«Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ң Хабаршысы. Экономикалық сериясы» ғылыми журналының жауапты редакторы. «Болашақ» бағдарламасының стипендианты. «Үздік автор» номинациясы бойынша Ахмет Байтұрсынов атындағы медальмен.

«Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы – 2013» мемлекеттік грантының иегері.




ДОСМАҒАНБЕТОВ НҰРЛАН СЕРІКҰЛЫ

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті Экономика факультетінің «Кәсіпорындардағы экономика және менеджмент» мамандығына оқуға түсіп, оны үздік дипломмен аяқтады.

2004 жылдан бастап Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Экономика факультетінің «Экономикалық теория» кафедрасына оқытушы-ассистент, оқытушы, аға оқытушысы қызметінде жұмыс жасап келеді.

2011-2013 жылдары экономика ғылымдарының магистрі атанды.

30-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектері, мақалалары, ҚР БҒМ-ң таңбасын алған 3 оқулығы, 8 оқу-әдістемелік құралдары жарияланған.

2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің үздік жас оқытушысы атанды.