10-тақырып

    1. Еңбекақы қандай көрсеткішті есептегенде ескеріледі:

    ЖІӨ-ді табыс бойынша
    ЖІӨ-ді шығын бойынша
    Мемлекеттік кәсіпорындарға таза субсидияны
    Соңғы өнімді
    Аралық өнімді

    2. Макроэкономиканың негізін қалаған кім?

    М.Фридмен
    И.Фишер және Хидоури
    Й.Шумпетер
    Дж.М.Кейнс
    К.Маркс

    3. Францияда жұмыс істейтін Италияндық жұмысшылар сол жақтан жалақы алады. Олардың табыстары қандай көрсеткішті арттырады?

    Францияның ЖҰӨ-ін
    Францияның ЖІӨ-ін
    Италияның ЖІӨ-ін
    Италияның ТҰӨ-ін
    Францияның ЖҰӨ мен Италияның ЖІӨ

    4. Атаулы ЖІӨ-гі тауарлар мен қызметтер қандай бағамен анықталады:

    Ағымдық бағамен
    Нақты бағамен
    Базистік кезең бағасымен
    Өткен жылдың бағасымен
    Натуралды көрсеткішпен

    5. Егер, ҰТ-тан корпорация пайдасына салықты, бөлінбеген пайданы, әлеуметтік сақтандыру нормасын айырып, сосын трансферттік төлемді қосса, не шығады:

    ЖТ
    Амортизация
    ЖҰӨ
    ТҰӨ
    ҚБТ

    6. Төмендегілердің қайсысы негізгі макроэкономикалық мақсатқа жатпайды?

    Экономикалық өсу
    Толық жұмысбастылық
    Тауар бағасын түсіру
    Табысты шынайы бөлу
    Сыртқы сауда балансы

    7. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:

    Жалпы ішкі өнімге территориялық сипат тән
    ЖІӨ - қосылған құндар сомасы
    ЖІӨ резиденттердің ел сыртында өндірген тауарлары мен қызметтерінің құнын есепке алмайды
    ЖІӨ - белгілі бір уақыт аралығында, белгілі бір елдің территориясында өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны
    ЖҰӨ - нақты елдің ішінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің жиынтық көлемі

    8. ЖІӨ дефляторы дегеніміз - бұл:

    Атаулы ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы
    Нақты ЖІӨ-нің ЖІӨ-ге қатынасы
    Нақты ЖІӨ-нің баға индексіне қатынасы
    Нақты ЖІӨ-нің ТБИ-ге қатынасы
    Ағымдағы жылы шығарылған заттай өнімнің базистік жылға қатынасы

    9. Y = C + I + G + Xn теңдеуіндегі G факторының мағынасы төмендегі көрсеткіш:

    Мемлекеттік шығындар
    Тұтыну шығындары
    Инвестициялық шығындар
    Таза экспорт
    Мемлекеттік табыстар

    10. Ұлттық байлық дегеніміз – бұл:

    Мемлекетімізде өндірілген өнім көлемі
    Қоғамдағы жинақталған материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы
    Жаңадан жасалған құн
    Ұлттық өндірістен алынған табыс
    Алтын қоры

    11. Қазақстан азаматы АҚШ-та америкалық фирмада уақытша жұмыс істейді. Оның табысы қайда қосылады:

    Қазақстанның ЖҰӨ-не және АҚШ-ң ЖІӨ-не
    Қазақстанның ЖІӨ-не және АҚШ-ң ЖҰӨ-не
    Қазақстанның ЖҰӨ-не және АҚШ-ң ЖҰӨ-не
    АҚШ-ң ЖҰӨ-не және АҚШ-ң ЖІӨ-не
    Қазақстанның ЖІӨ және АҚШ-ң ЖІӨ-не

    12. Нақты ЖІӨ қандай көрсеткішпен есептеледі?

    Натуралды көрсеткішпен
    Ағымдық бағамен
    Өндірушінің бағасымен
    Тұрақты бағалармен
    Монопольді бағамен

    13. Территориялық сипатқа қандай макроэкономикалық көрсеткіш тән?

    Ұлттық байлық
    ЖҰӨ
    Жалпы сыртқы өнім
    ЖІӨ
    ТІӨ

    14. Макроэкономикада шеңберлі айналым үлгісіне сәйкес қандай субъектілер өзара әрекетке түседі:

    Үй шаруашылығы мен фирмалар
    Үй шаруашылығы, фирмалар және мемлекет
    Инвесторлар, қаржылық агенттер, мемлекет және сыртқы орта
    Үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет және сыртқы орта
    Ішкі орта, сыртқы орта және мемлекет

    15. Экономикада 1 тоннасына 100 доллар бағамен 10 тонна бидай және 1 станоктың бағасы 500 доллар болатын 2 станок өндіріледі деп жорамалдайық. Сонда бұл елдің ЖҰӨ-і тең болады:

    2000
    1000
    500
    10
    20

    16. Шығындар әдісі бойынша ЖІӨ-ді есептегенде келесі шамалардың қайсысы қолданылмайды?

    Жалпы инвестициялар
    Тұтыну шығындары
    Тауарлар мен қызметтердің таза экспорты
    Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы
    Еңбекақы

    17.Экономикадағы номиналды ЖІӨ – 40 млрд. теңге, ал нақты ЖІӨ – 32 млрд. теңге. ЖІӨ дефляторы қандай шамаға тең болады?

    1,25
    0,8
    8
    1
    25

    18. Атаулы ЖІӨ қалай өлшенеді?

    Базистік бағамен
    Экспорттық бағамен
    Ағымдық нарықтық бағамен
    Әлемдік бағамен
    Алдағы күтілетін бағамен

    19. Ұлттық табысты есептеген кезде төмендегі өлшемдердің қайсысы есептелмейді?

    Корпорациялар төлеген дивидендтер
    Жалақы
    Корпорацияның бөлінбеген табысы
    Трансферттік төлемдер
    Үй шаруашылығының несиеге берген капиталы үшін төлем

    20. Макроэкономикалық негізгі көрсеткіш:

    ЖІӨ
    Жиынтық сұраныс
    Жиынтық ұсыныс
    Жай табыс
    Қолда бар табыс

    21. Қоғамда бар материалдық игіліктер жиынтығы – бұл:

    Жиынтық қоғамдық өнім
    Ұлттық байлық
    Соңғы өнім
    Ұлттық табыс
    Жалпы ұлттық өнім

    22. Ұлттық есеп-шоттар жүйесінің негізін қалаған кімдер?

    Меркантилистер
    Физиократтар
    Классикалық мектеп өкілдері
    Кейнсшілдер
    Маржиналистер

    23. Төмендегілердің қайсысы ұлттық байлыққа кірмейді:

    Негізгі өндірістік қорлар
    Негізгі өндірістік емес қорлар
    Табиғи ресурстар
    Материалдық ресурстар
    «Сыртқы әлемнің» интеллектуалдық меншігі

    24. Қолда бар табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?

    Жеке табыс пен ұлттық табыстың
    Жеке табыс пен трансферттік төлемдердің
    Жеке табыс пен жеке табыс салықтарының
    Тұтыну мен жинақтың
    Ешқайсысының айырмасына тең емес

    25. Тұтыну бағаларының индексі - бұл:

    Атаулы ЖІӨ-ң нақты ЖІӨ-ге қатынасы
    Тұтынушылардың сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің жалпы құнын есептейтін көрсеткіш
    Нақты ЖІӨ-ң атаулы ЖІӨ-ге қатынасы
    Өткен жылғы тауарлар мен қызметтердің саны
    Азық-түлік өнімдерінің жалпы құнын есептейтін көрсеткіш

    26. Таза экспорт дегеніміз:

    Экспорт – импорт
    Импорт – экспорт
    Экспорт + импорт
    Экспорт + импорт – шетелден түскен факторлық табыс
    Экспорт + импорт + шетелден түскен факторлық табыс

    27. Төменде көрсетілгендердің қайсысы ЖҰӨ-нің құрамына кіреді:

    Кітап дүкеніндегі жаңа оқулықтың құны
    Үй шаруашылығындағы әйелдің қызметтері
    Көршінің пайдаланылған автомобилін сатып алу
    Брокерден жаңа акциялар сатып алу
    Жеке меншік жерде жеке тұтыну үшін картоп егіп өсіру

    28. Жалпы ішкі өнім дегеніміз не?

    Тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемі
    Бір жылда елдің ішінде ғана емес, шел елде де ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны
    Бір жылда елдің ішінде тауар өндірушілер өндірген соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны
    Бір жылда елдің ішінде тауар өндірушілер өндірген тауарлар мен қызметтер
    Бір жылда шет елде ұлттық тауар өндірушілер өндірген соңғы таарлар мен қызметтердің соңғы құны

    29. Жалақы нені есептеуде қосылады?

    ЖІӨ-ді табыс бойынша есептегенде
    ЖІӨ-ді шығын бойынша есептегенде
    Мемлекеттік кәсіпорындарға берілетін таза субсидияны есептегенде
    Соңғы өнімді есептегенде
    Аралық өнімді есептегенде

    30. Макроэкономикалық талдаудың басты ерекшелігі - ол:

    Көрсеткіштерді комбинациялау
    Берілгендерді агрегаттау
    Корреляциялық тәуелділікті құрастыру
    Графиктерді құрастыру
    Нақты шындық деректерге сүйену

    31. Қолда бар табыс көрсеткіші қандай формада қолданылады?

    Тұтыну және жинақтау формасында
    Тұтыну және инвестиция формасында
    Инвестициялар және қарыздар түрінде
    Несие беру және инвестициялар түрінде
    Жинақтау және несие беру нысанында

    32. 1929-1933 жылғы дағдарыстан кейін пайда болған, жиынтық сұранысты мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігін қуат­тайтын экономикалық саланың бір бағыты:

    Монетаризм бағыты
    Кейнстік бағыт
    Неоклассикалық бағыт
    Ұтымды күтулер тәсіліне негізделген бағыт
    Бизнес-циклді оқытатын бағыт

    33. Мыналардың қайсысы жеке табыстың құрамына кіреді?

    Корпорацияның бөлінбеген пайдасы
    Әлеуметтік сақтандыру жарналары
    Трансферттік төлемдер
    Амортизация
    Жанама салықтар

    34. Ұлттық табыс – бұл таза ұлттық өнім мен келесі көрсеткіш арасындағы айырма:

    Пайыз, яғни ақшалай капитал үшін төлем
    Жанама салықтар
    Жерді жалға беруден рента
    Ғимарат үшін жал ақысы
    Пәтер үшін жал ақысы

    35. Жиынтық сұраныстың құрамына не кірмейді?

    Тұтынушының сұранысы
    Инвестициялық сұраныс
    Мемлекет жағынан сұраныс
    Таза экспорт
    Таза импорт

    36. Жеке табыс дегеніміз – бұл:

    Бір жылда өндірілген тауарлар мен қызметтер құны
    Бір жылда үй шаруашылықтарының және фирмалардың тапқан табыстары
    Салық төлегеннен кейінгі жеке тұтыну шығындарына арналған барлық табыстардың сомасы
    Салық төлегенге дейінгі жеке тұтыну шығындарына арналған барлық табыстардың сомасы
    ЖІӨ минус амортизация

    37. Макроэкономика дегеніміз – бұл:

    Экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін ғылым
    Экономиканың даму заңдылықтарын адам, отбасы және кәсіпорын деңгейінде зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлімі
    Ресурстар мен өндіріс факторларының шектеулі болу жағдайында адамдардың іс-әрекетін зерттейтін ғылым
    Экономикалық ойдың даму кезеңдерін зерттейтін ғылым
    Тек экономиканың Циклдік дамуын ғана зерттейтін ғылым

    38. Таза ұлттық өнім дегеніміз:

    ЖҰӨ – амортизация
    ЖҰӨ – жанама салықтар
    ЖҰӨ – трансферттер
    ЖҰӨ + амортизация
    ЖҰӨ – субсидиялар

    39. Егер Қазақстан азаматы Ресейде орналасқан қазақстандық компанияда жұмыс істесе, онда оның табысы:

    Қазақстан ЖҰӨ мен Ресей ЖІӨ-нің бір бөлігі болады
    Қазақстан ЖІӨ мен Ресей ЖҰӨ-нің бір бөлігі болады
    Қазақстан ЖІӨ мен Ресей ЖІӨ-нің бір бөлігі болады
    Қазақстан ЖҰӨ мен Ресей ЖҰӨ-нің бір бөлігі болады
    Қазақстаннан тыс жерде алынған табыс болғандықтан ескерілмейді

    40. Мына табыстардың қайсысы ЖІӨ-ге (ЖҰӨ-ге) кіреді?

    Медбикенің табысы (жалақысы)
    Ескі жиһазды сатудан түскен табыс
    1984 жылы салынған қала сыртындағы үйді сатып алу
    Жақын туысыңа ақша аудару
    Туған күн иесіне сыйлық жасау



Тексеру Жауаптарды жою Кілт