11-тақырып

    1. Ұлттық шоттар жүйесіндегі жинақтау көрсеткіші - бұл:

    Жанұяның барлық активтерінің сомасы
    Белгілі бір мезетте алынатын, бірақ тұтынылмайтын табыс
    Жанұяның барлық активтері мен міндеттілік сомасы арасын­дағы айырмашылық
    Белгілі бір мезетте алынатын табыс
    Барлық ақша-қаражаттарының жиынтығы

    2. Кейнстің психологиялық заңы қалай сипатталады?

    Табыс өскен сайын тұтыну да өседі, бірақ тұтынудың өсуі табыстың өсуіне қарағанда кем өседі
    Табыс өскен сайын тұтыну да өседі, бірақ тұтынудың өсуі табыстың өсуіне қарағанда артығырақ өседі
    Тұтыну қолда бар табысқа тәуелді, сондықтанда табыс өзгергенде тұтыну да өзгеріп отырады
    Табыс өскен сайын тұтынуға деген орташа бейімділік тұрақты болып қалады
    Табыс өскен сайын тұтынуға деген шекті бейімділік тұрақты болып қалады

    3. Мультипликатор нені көрсетеді?

    Инвестиция өсімінің тұтыну өсіміне қатынасын
    Ұлттық табыс өсіміне инвестиция өсімінің қатынасын
    Сұраныс өзгерісі мен баға өзгерісі арасындағы тәуелділікті
    Ұсыныс өзгерісі мен баға өзгерісі арасындағы тәуелділікті
    Ұлттық табыстың инвестицияға қатынасын

    4. Жиынтық сұраныстың құрамына не кірмейді?

    Тұтынушының сұранысы
    Инвестициялық сұраныс
    Мемлекет жағынан сұраныс
    Таза импорт
    Таза экспорт

    5. Жиынтық сұраныс дегеніміз – бұл:

    Барлық үй шаруашылықтарының сұраныстары
    Үй шаруашылықтарының және мемлекеттің жалпы сұраныстары
    Мемлекеттің жалпы сұраныстары
    Жоспарланған шығындар сомасы
    Фирманың сұранысы

    6. Жинақтау төмендегідей түрде анықталады:

    ЖҰӨ – тұтыну – салықтар
    Мемлекеттік жинақтау – үй шаруашылықтарының тұтынуы
    Экономиканың барлық шаруашылық субъектілерінің жинақталған қорларының сомасы
    Салықтар – мемлекеттік шығындар
    Мемлекеттік жинақтау – салықтар

    7. Айталық, инвестиция 10 млрд. теңгеге өскенде ұлттық табыс 20 млрд. теңгеге өсті. Бұл жерде мультипликатор коэффициенті қаншаға тең болады?

    20 млрд.
    2 млрд.
    30 млрд.
    200 млрд.
    10 млрд.

    8. Жиынтық ұсыныс сілкінісінің әсері қалай байқалады?

    Жиынтық ұсыныс қисығының солға жылжуынан (жоғарыға)
    Жиынтық ұсыныс қисығының оңға жылжуынан (төменге)
    Жисық бойымен солға жылжуынан (төменге)
    Жиынтық ұсыныс қисығы көлбеуінің өзгеруінен
    Жиынтық сұраныстың өзгеруінен

    9. Мұнайға деген бағаның өсуі ұсыныстың сілкінісі ретінде қарастырылуы мүмкін, бірақ ол:

    Мұнай ұсынысының өсуіне алып келеді
    Жалақы шығындарын арттырады
    Мұнайды тұтынушылардың тәуелсіздігін шектейді
    Материалдық шығындарды арттырады
    Мұнай ұсынысының өзгермеуіне алып келеді

    10. Классикалық бағытты жақтаушылардың ең негізгі қағидасы:

    Экономикада мемлекеттік сектордың басым болуы
    Ең төменгі жалақы туралы заң енгізу
    Жиынтық сұранысты ынталандыру үшін мемлекеттік шығын­дарды өсіру
    Экономикаға мемлекеттің араласпау саясаты
    Ең жоғары жалақы туралы заң енгізу

    11. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары:

    Ұлттық өнімге деген сұраныс көлемінің өзгерісін тудырады
    Ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныстың өзгерісін тудырады
    Ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныс көлемінің өзгерісін тудырады
    Ұлттық өнімге деген жиынтық ұсыныстың өзгерісін тудырады
    Ұлттық өнімге деген жиынтық ұсыныс көлемінің өзгерісін тудырады

    12. AS қисығының кейнсиандық кесіндісіне сәйкес AD-ның өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді?

    Бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
    Бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады
    Бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
    Бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді
    Бағалар да, өндіріс көлемі де өзгермейді

    13. Жиынтық сұраныс қисығының өзгерісі нені көрсете алмайды:

    Бір уақыттағы баға деңгейі мен нақты ЖҰӨ деңгейінің өсуін
    Бір уақыттағы баға деңгейінің өсуі мен нақты ЖҰӨ деңгейінің төмендеуін
    Тек қана нақты ЖҰӨ деңгейінің өсуін
    Тек қана баға деңгейінің өсуін
    Тек қана баға деңгейінің төмендеуін

    14. Жиынтық ұсыныстың «сілкінісі» (шок) – бұл:

    Өндіріс көлемінің күрт төмендеуі
    Шығарылым көлемінің төмендеуі
    Бағалардың өсуі
    Факторларға деген бағалардың шапшаң өсуі
    Бағалардың төмендеуі

    15. Қандай фактор AS қисығын оңға қарай жылжытады?

    Ресурстарға деген бағаның өсуі
    Фирма пайдасына салынатын салық мөлшерлемелерінің өсуі
    Ресурстарға деген бағаның төмендеуі
    Еңбек өнімділігінің төмендеуі
    Еңбек өнімділігінің өзгермеуі

    16. AS қисығының классикалық кесіндісіне сәйкес AD-ның өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді?

    Бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
    Бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады
    Бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
    Бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді
    Бағалар да, өндіріс көлемі де өзгеріссіз қалады

    17. Қай кезде жиынтық сұраныстың артуында өндірістің тепе-теңдік көлемінің өсуі орындалады?

    AS қисығының кейнсиандық кесіндісінде
    AS қисығының аралық кесіндісінде
    AS қисығының классикалық кесіндісінде
    AS қисығының аралық және классикалық кесінділерінде
    AS қисығының тік кесіндісінде

    18. AS қисығының аралық кесіндісіне сәйкес AD-ның өсуі кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді?

    Бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
    Бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады
    Бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
    Бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді
    Бағалар мен өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады

    19. Жиынтық ұсыныс қисығының кейнсиандық кесіндісіне сәйкес жиынтық сұраныстың өсуі:

    Бағаның өсуіне алып келеді, бірақ нақты көріністегі ЖҰӨ динамикасына әсер етпейді
    Бағаның төмендеуі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің өсуі­не алып келеді
    Нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді, бірақ баға деңгейіне әсер етпейді
    Баға деңгейі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді
    Бағаның төмендеуіне және нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне де алып келеді

    20. Қандай фактор AS қисығын солға қарай жылжытады?

    Еңбек өнімділігінің өсуі
    Ресурстарға деген бағаның өсуі
    Ресурстарға деген бағаның төмендеуі
    Фирма пайдасына салынатын салық мөлшерлемелерінің төмендеуі
    Тауар бағасының өсуі

    21. Жиынтық ұсыныс қисығының аралық кесіндісінде:

    Баға өзгереді
    Өндіріс көлемі өзгереді
    Баға мен өндіріс көлемі өзгереді
    Баға да, өндіріс көлемі де өзгермейді
    Пайыз мөлшерлемесі өзгереді

    22. Жиынтық сұраныс қисығы қай уақытта оңға жылжиды:

    Жұмыссыздық деңгейі өскен кезде
    Ақша ұсынысы артқанда
    Табыс салығы мөлшерлемесінің өсуі кезінде
    Ағымдағы инфляцияның өсуі кезінде
    Ақша айналымының жылдамдығы төмендегенде

    23. Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық үлгісін құрудың алғышарттары:

    Өндіріс факторларының жетілген бәсекелі нарығы
    Бағалардың икемділігі
    Субъектілердің ұтымды тәртіптері
    Ақпараттардың мол болуы
    Аталғандардың барлығы дұрыс

    24. Жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі, ал барлық тең жағдайларда ақша ұсынысының өсуі:

    Баға деңгейінің сақталуына және нақты өндіріс көлемінің өсуіне алып келеді
    Нақты өндіріс көлемін сақтауға және бағалардың өсуіне алып келеді
    Баға деңгейінің өсуіне және нақты өндіріс көлемінің өсуіне алып келеді
    Баға деңгейінің өсуіне және өндіріс көлемінің қысқаруына алып келеді
    Баға деңгейінің және өндіріс көлемінің өзгермеуіне алып келеді

    25. Тұтынудың кейнстік функциясына сәйкес:

    Тұтыну пайыз мөлшерлемесіне тәуелді емес
    Тұтыну пайыз мөлшерлемесіне тәуелді
    Тұтыну ағымдық табысқа тәуелді емес
    Тұтыну перманентті табысқа тәуелді
    Тұтыну жиналған байлыққа тәуелді

    26. Ұзақ мерзімде жалпы өндіріс көлемінің әлеуетті өндіріс көлемімен сәйкес келген кездегі тұтыну шығындарының өсуі нені тудырады?

    Жалпы өндіріс көлемінің өсуін
    Баға деңгейінің өсуін
    Жалпы өндіріс көлемінің және баға деңгейінің өсуін
    Жалпы өндіріс көлемінің төмендеуін және баға деңгейінің өсуін
    Баға деңгейінің өзгермеуін

    27. Тұтынушының қарыздары ағымдағы тұтынуды қысқартады, сол себепті:

    Жиынтық сұраныс көлемі қысқарады
    Жиынтық сұраныс қысқарады
    Жиынтық сұраныс көлемі қысқармайды
    Жиынтық сұраныс қысқармайды
    Жиынтық ұсыныс көлемі қысқарады

    28. Тұтыну функциясы қай түрде жазылады:

    С = C (Y-T)
    C = C (r)
    C = C (W/P)
    C = (K)→F(K)
    C = C (R)

    29. Қолда бар табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?

    Жеке табыс пен ұлттық табыстың
    Жеке табыс пен жеке салықтардың
    Жеке табыс пен трансферттік төлемдердің
    Жеке табыс пен жанама салықтардың
    Ешқайсысының айырмасына тең емес

    30. Тұтыну функциясы белгілі бір бұрышқа сәйкес орналасады, ол бұрыш:

    автономды тұтыну мөлшерімен анықталады
    тұтыну мен табыстың арасындағы байланысты анықтайтын коэффициентпен анықталады
    тұтынуға деген шекті бейімділікпен анықталады
    тұтынуға деген орташа бейімділікпен анықталады
    жинақтауға деген орташа бейімділікпен анықталады

    31. Тұрақты табыс жағдайындағы МРС және MPS көрсеткіштерінің соммасы неге тең:

    100
    1000
    0
    1
    -1

    32. Табыс өскен сайын:

    MPC пен MPS бірге өседі
    MPS өседі, MPC азаяды
    MPC өседі, MPS азаяды
    MPS мен MPC бірге қысқарады
    АРС өседі, АРS азаяды

    33. Инвестиция көлеміне әсер етпейтін факторлар:

    Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі
    Кәсіпкерлердің күтімі
    Табыс деңгейі
    Тұтынуға шекті бейімділік
    Салық салу деңгейі

    34. Кейнсиандық теорияға сәйкес жинақ пен инвестиция динамикасының негізгі факторы болып табылатындар:

    Қолда бар табыс деңгейі
    Нақты пайыз ставкасы
    Нақты кассадағы қалдық
    Инвестициялық шығын деңгейі
    Автономды тұтыну деңгейі

    35. Жинақтауға деген орташа бейімділік мынаған тең:

    Жинақ өзгерісінің табысқа қатынасы
    Жинақтың табыс өзгерісінің қатынасына
    Жинақтың табысқа қатынасына
    Жинақтың инвестицияға қатынасына
    Табыс өзгерісінің жинақ өзгерісінің қатынасына

    36. Перманентті табыс теориясының тұжырымдамасы келесідей:

    Тұтыну тәртібі ұзақ мерзімді тәртіптің мүмкіндіктерімен анықталады
    Тұтыну тәртібі ағымдағы табыс деңгейімен анықталады
    Тұтыну тұрақты табысқа кері пропорционалды
    Тұтыну тәртібі инфляция деңгейіне байланысты болмайды
    Тұтыну тәртібі фирманың инвестициялық шешімімен анықталады

    37. Пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі:

    Тұтыну мен инвестицияны арттырады
    Тұтыну мен инвестицияны төмендетеді
    Жинақтың өсуіне алып келеді
    Тұтыну мен жинақты өсіреді
    Инвестицияны қысқартады

    38. Тұтынуға деген шекті бейімділік – бұл:

    Максималды тұтыну
    Тұтынудың табыстағы үлесі
    Табыс өзгерген кездегі тұтынудың өзгеруі
    Минималды тұтыну
    Тұтынудың автономды табыстағы үлесі

    39. Қолда бар табыс неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым:

    Тұтыну шығыны азая береді
    Жинақтауға деген шығын көбейеді
    Тұтыну шығыны көбейеді
    Жинақтауға деген шығын азая береді
    Инвестициялау көбейе береді

    40. Жинақтауға деген шекті бейімділік – бұл:

    Максималды жинақтау
    Минималды жинақтау
    Табыстың өзгеруі кезіндегі жинақтаудың өзгеруі
    Жинақтаудың табыстағы үлесі
    Жинақтаудың автономды табыстағы үлесі



Тексеру Жауаптарды жою Кілт