12-тақырып

    1. Экономикалық өсу қалай бейнеленуі мүмкін:

    Өндірістік мүмкіндіктер қисығының солға жылжуымен
    Өндірістік мүмкіндіктер қисығының оңға жылжуымен
    Өндірістік мүмкіндіктер қисығындағы нүктелердің қозғалысы арқылы
    Өндірістік мүмкіндіктер қисығы ішінде бір нүктеден екіншіге қозғалу арқылы
    Өндірістік мүмкіндіктер қисығынан тыс бір нүктеден екіншіге қозғалу арқылы

    2. Қай көрсеткіштің сандық мәні өрлеу фазасында азайып, құлдырау фазасында өседі?

    Құнды қағаздар бағамы
    ЖҰӨ көлемі
    Жұмыс аптасының орташа ұзақтығы
    Жалақы деңгейі
    Өңдеуші өнеркәсіптегі тауар қорларының көлемі

    3. Дж. Кейнстің тұжырымдамасына сәйкес, экономикалық циклдің себебі неге байланысты?

    Тек сыртқы факторлар әсеріне
    Тек ішкі факторлар әсеріне
    Жиынтық сұраныс динамикасына басымды әсер ететін факторларға
    Жиынтық ұсыныс динамикасына басымды әсер ететін факторларға
    Тек кездейсоқ саяси факторларға

    4. Экономикалық цикл (кезең) дегеніміз – бұл:

    Экономикада кезең кезеңмен қайталанатын өрлеу құбылыстары
    Тұтыну мен инвестициялардың өзара қатынастарының ауытқуы
    Бір экономикалық фазаның басталуынан екінші бір фазаның басталуына дейінгі кезең
    Экономикада кезеңділікпен орын алатын құлдыраулар
    Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өзара ауытқулары

    5. Жұмыспен толық қамтылған экономикадағы экономикалық өсудің жоғары қарқыны нені талап етеді?

    Қор жинақтау мен инвестицияның төменгі мөлшерін
    Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның төменгі мөлшерін
    Қор жинақтаудың жоғары мөлшерін және инвестицияның жоғары мөлшерін
    Қор жинақтаудың және инвестицияның төменгі мөлшерін
    Қор жинақтаудың төменгі мөлшерін және инвестицияның жоғары мөлшерін

    6. Экономикалық циклдің сыртқы факторлары – бұлар:

    Тұтыну
    Инвестициялау
    Соғыстар
    Үкімет шаралары
    Инфляция

    7. Қысқа мерзімді экономикалық циклдер кімнің атымен аталады?

    П. Самуэльсонның
    С. Кузнецтің
    Дж. Китчиннің
    Н. Кондратьевтің
    К. Маркстің

    8. Мыналардың қайсысы экономикалық өсудің жағымды жақтарына жатпайды?

    Әлеуметтік көмектерді арттыру
    Адамның табиғатқа белсенді түрде араласуы
    Адамдардың мәдени деңгейін арттыру
    Адамдардың тұлға ретінде даму мүмкіндіктіктерін өсіру
    Тұтыну стандарттарын арттыру

    9. Экономикалық циклдің өрлеу немесе шың фазасында экономикада не байқалады?

    Бағалардың едәуір өсуі
    Жалақының артуы
    Фрикциондық жұмыссыздықтың мардымсыз орын алуы
    Жинақтау көлемінің артуы
    Осы аталғандардың барлығы

    10. Экономикалық өсудің қарқынын графикалық түрде қандай қисық нақты бейнелей алады?

    Жалпы шығындар қисығы
    Инвестиция мен жинақтар қисығы
    Өндірістік мүмкіндіктер қисығы
    Сұраныс қисығы
    Ұсыныс қисығы

    11. Экономикалық өсу дегеніміз – бұл:

    Құлдырау алдындағы өндіріс деңгейінің өсуі
    Бір экономикалық циклдің басынан екінші экономикалық циклдің басына дейінгі кезең
    Ұлттық өнімнің сандық және көлемдік жағынан ұлғаюы
    Ұлттық өнімнің сандық ұлғаюы және сапалық жетілдірілуі
    Берілген жылдағы инвестиция өсімінің алдыңғы жылғы ұлттық табыс өсіміне сандық қатынасын көрсететін жағдай

    12. Алғашқы экономикалық тоқырау қай елде болды:

    АҚШ-та
    Қазақстанда
    Германияда
    Англияда
    Канадада

    13. Елімізде тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы экономикалық өсу қарқыны қай жылы байқалды деп айтуға болады?

    1992 жылы
    1995 жылы
    2000 жылы
    2001 жылы
    1997 жылы

    14. Экономикалық өсудің ұсыныс факторлары қалай сипатталады?

    Табиғи ресурстармен
    Еңбек ресурстарымен
    Негізгі капиталдың көлемімен
    Технологиямен
    Аталғандардың барлығы дұрыс берілген

    15. Мына көрсеткіштердің қайсысы проциклдік параметрлерге жатады?

    Экспорт көлемі
    Корпорациялардың пайдасы
    Жұмыссыздық дәрежесі
    Дайын өнім қорлары
    Фирмалардың банкроттыққа ұшырауы

    16. Н.Д. Кондратьевтің «ұзын толқындары» теориясын кім дамытты:

    С. Кузнец
    Дж.М. Кейнс
    Й. Шумпетер
    В. Леонтьев
    Э. Хансен

    17. Домар мен Харродтың экономикалық өсу үлгілерінде қандай факторға басты назар аударылады:

    Салықтарға
    Мемлекеттік шығындарға
    Адам капиталы факторына
    Инвестициялық факторға
    Ұлттық табысқа

    18. Экономикалық өсу типтеріне мыналар жатады:

    Экстенсивті, интенсивті және аралас
    Экстенсивті және аралас
    Интенсивті және аралас
    Еңбектік және капиталдық
    Шикізаттық және ақшалай

    19. Экономикалық циклдің форрестерлік типінің басты ерекшелігі:

    Өркениеттердің дамуы
    Энергия мен материалдар
    Тұрғын үй құрылысы
    Техникалық проресс
    Тауарлық қорлардың көлемі

    20. Экономикалық циклдің құлдырау фазасында қандай құбылыс байқалады?

    Жаппай жұмыссыздықтың орын алуы
    Жалақының төмендеуі
    Бағалардың айтарлықтай өсуі
    Инвестициялардың артуы
    Тауарлардың кем өндірілуі

    21. Мына алғышарттардың қайсысы экономикалық өсудің неоклассикалық моделін құруда қарастырылмайды?

    Бағалардың икемділігі
    Жетілген бәсеке
    Өндіріс факторларының өзара алмастырылуы
    Өндіріс ауқымының тұрақтылығы
    Мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру

    22. Экономикалық циклдің фазалары – бұлар:

    Өндіріс, еңбек бөлінісі, мамандандыру, сауда
    Жиынтық сұраныстың қысқаруы, жиынтық ұсыныстың қысқаруы, бағалардың құлдырауы, өндірістің жандануы
    Өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну
    Өрлеу, құлдырау, тоқырау, жандану
    Туу, өсу, кемелдену, шегіне жету

    23. Экономикалық өсу мынадай түрде бейнеленеді:

    Өндіріс мүмкіндіктері қисығының оңға жылжуымен
    Өндіріс мүмкіндіктері қисығындағы нүктенің жылжуымен
    Өндіріс мүмкіндіктері қисығының солға жылжуымен
    Өндіріс мүмкіндіктері қисығының ішінде орналасқан нүктелердің біреуінен екіншісіне жылжумен
    Өндіріс мүмкіндіктері қисығының сыртындағы нүктелердің біреуінен екіншісіне жылжуымен

    24. Экономикалық циклдің фазаларын алғаш рет кім зерттеп қарастырып еді?

    Н. Кондратьев
    С. Кузнец
    К. Жугляр
    К. Маркс
    Дж. Китчин

    25. Жуглярдың циклдерін қандай себептермен байланыстыруға болады?

    Ақша айналымымен
    Жиынтық сұраныстың үнемі жеткіліксіздігімен
    Инвестициялық үдерістердің кезеңділігімен
    Тауардың өмір сүру уақытымен
    Инновациялармен

    26. Экономикалық өсудің интенсивті типі кезінде өндіріс көлемінің ұлғаюы ненің есебінен орын алады?

    Жаңа өндірістік куаттылықты енгізу арқылы
    Еңбек өнімділігінің артуымен
    Өндірістің тиімділігін арттырумен
    Ғылыми жетістіктерді енгізу жолымен
    Осы аталғандардың барлығы дұрыс

    27. Қазіргі уақытта Қазақстанда адам басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші қанша долларға жетіп отыр?

    6500-7000 долл.
    3500-4500 долл.
    5500 долл.
    1200 долл.
    1000 долл.

    28. С. Кузнецтің циклдері – бұл ұзақтылығы қанша жылға созылатын экономикалық толқулар?

    10 жылға
    18-25 жылға
    2-4 жылға
    48-65 жылға
    200 жылға

    29. Экономикалық өсудің қандай моделінде ҒТП басты фактор ретінде қарастырылады?

    Солоу үлгісінде
    Кейнстің моделінде
    Харродтың үлгісінде
    Домардың үлгісінде
    Кобб-Дуглас моделінде

    30. Мыналардың қайсысы экономикалық циклдің фазаларына жатпайды?

    Инфляция
    Құлдырау
    Тоқырау
    Шың
    Көтерілу

    31. Қазақстанда алғашқы экономикалық өсім қанша пайыз болды?

    1998 жылы 2% болды
    1999 жылы 2,7% болды
    2000 жылы 10% болды
    1995 жылы 0,5% болды
    1996 жылы 9.6% болды

    32. Мына көрсеткіштердің қайсысы контрциклдік параметрлерге тән болып табылады?

    Корпорациялардың пайдасы
    Экспорт
    Жұмыссыздық дәрежесі
    Өндірістік қуаттардың қолданылуы
    Баға деңгейі

    33. Экономикалық өсудің экстенсивті жолының көздері қандай?

    Технологиялық өзгерістер
    Жұмыскерлердің біліктілік деңгейі
    Жұмысшылар санының артуы
    Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар
    Еңбек өнімділігінің артуы

    34. «Ұзын толқындар» теориясы кімнің атымен байланысты:

    К. Маркстің
    Дж.М. Кейнстің
    Н.Д. Кондратьевтің
    Й. Шумпетердің
    С. Кузнецтің

    35. Кез-келген елде экономикалық өсуді өлшеудің басты көрсеткіші:

    Мемлекеттік бюджет
    Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс
    Жан басына шаққандағы ЖІӨ
    Инвестициялар
    Ұлттық байлық

    36. Экономикалық циклдің өрлеу фазасында қандай параметрлер байқалады?

    Несие пайызының ең төменгі деңгейі
    Бағалардың едәуір өсуі
    Жинақтардың төмендеуі
    Жұмыссыздықтың сәл азаюы
    Тауарлардың артық өндірілуі

    37. Экономикалық өсудің сұраныс факторлары қалай сипатталады?

    Жиынтық шығындардың деңгейімен
    Ресурстарды тиімді пайдалану арқылы
    Технологиямен
    Еңбек ресурстармен
    Адам капиталын жетілдіру жолымен

    38. Экономикалық циклдің тоффлерлік типінде басты ерекшелік ретінде не қарастырылады?

    Инфляция мен жұмыссыздық
    Негізгі қорлар
    Өркениеттік даму
    Миграция мәселелері
    Демографиялық факторлар

    39. Орта мерзімдік экономикалық циклдің толқулары қанша жылға дейін созылуы мүмкін?

    40 жылға дейін
    65 жылға дейін
    12 жылға дейін
    5 жылға дейін
    25 жылға дейін

    40. Айталық, егер нақты жалпы ұлттық өнім көлемі өткен жылы 200 млрд. долларды және осы жылы 250 млрд. долларды құраса, онда жалпы ұлттық өнім көлемінің өсу қарқыны қанша пайызды құрайды?

    5%
    25%
    10%
    20%
    1%



Тексеру Жауаптарды жою Кілт