13-тақырып

    1. Қайта жұмыс табамын деп үміттеніп жүрген адам:

    Жұмыссыздар қатарына жатады
    Жұмыспен қамтылғандар қатарына жатады
    Жұмыс күші құрамында ескерілмейді
    Толық жұмыспен қамтылмағандар қатарына жатады
    Жұмыстан күдерін үзгендер қатарына жатады

    2. Баға деңгейі мен табысқа қатаң бақылау жасау – бұл:

    Ашық инфляция
    Жасырын инфляция
    Сұраныс инфляциясы
    Шығындар инфляциясы
    Күтілетін инфляция

    3. Жұмысбасты адам категориясына кім кірмейді:

    Толық емес жұмыс аптасында қызмет еткен бухгалтер
    Ауру адамды қамқорлауға көмектесетін қызметкер
    Газет-журнал сатып, ақша табатын жасөспірім
    Университеттің кешкі бөлімінде оқитын студент
    Тұмаумен ауырып қалған сатушы

    4. Бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуін не деп атаймыз:

    Инфляция
    Дефляция
    Дезинфляция
    Стагфляция
    Стагнация

    5. Ұшқыр инфляция дегеніміз – бұл:

    Өндіріс шығындарының өсуінен пайда болатын инфляция
    «Aқшадан қашуды» туғызатын, өте жылдам қарқынды инфляция
    Табысты алушымен болжанатын инфляция
    Белгілі бір тауарларға бағаның жасанды өсуімен сипатталатын инфляция
    ЖҰӨ-нің өзгермейтін көлемі кезіндегі артық сұраныстан пайда болатын инфляция

    6. Елдегі жұмыссыздар саны 6 млн. адам, ал жалпы жұмыс күшінің саны 120 млн. адам, онда жұмыссыздық деңгейі қаншаға тең?

    5%
    20%
    0,05%
    25%
    2%

    7. Үлкен жұмыссыздықпен және инфляцияның өте жоғары деңгейімен бірге жүретін өндіріс тоқырауы, депрессия – бұл:

    Күтілетін инфляция
    Дефляция
    Стагнация
    Стагфляция
    Жасырын инфляция

    8. Жұмыссыздық деңгейі келесідей анықталады:

    Жұмыссыздар саны/Жұмысбастылар×100%
    Жұмыссыздар саны/жұмыс құрамына кірмейтіндер×100%
    Жұмысбастылар/Жұмыссыздар саны×100%
    Жұмыс күші/Жұмыссыздар саны ×100%
    Жұмыссыздар саны/Жұмыс күші ×100%

    9. Экономиканың құлдырауы себебімен жұмысынан айырылған адам келесі жұмыссыздық түрін көбейтеді:

    Фрикциондық
    Құрылымдық
    Циклдік
    Табиғи
    Маусымдық

    10. Жұмыс күші құрамына кіретін, өз еркімен жұмыстан шыққан, бірақ әлі жұмыс таппаған жұмысшы – бұл:

    құрылымдық жұмыссыздықтың құрамына кіреді
    уақытша жұмыссыздықтың құрамына кіреді
    фрикциондық жұмыссыздықтың құрамына кіреді
    жасырын жұмыссыздықтың құрамына кіреді
    циклдік жұмыссыздықтың қатарына кіреді

    11. Мына құбылыстардың қайсысы инфляцияның пайда болуына себеп болмайды?

    Ақша эмиссиясын мемлекеттің монополизациялауы
    Кәсіподақтардың жалақы көлемін белгілеудегі монополиялық үстемдігі
    Ірі фирмалардың өндіріс шығындарына монополиясы
    Бағаны әкімшіліктік бақылау
    Жинақтау көлемінің өсуі

    12. Қай құбылыс экономикаға сұраныс инфляциясын әкелмейді:

    Әскери шығынның артуы
    Инвестициялық шығынның артуы
    Еңбек өнімділігінің азаюы
    Салықтың азаюы
    Пайыз мөлшерлеменің қысқаруы

    13. Оукен заңы бойынша:

    Нақты ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасында кері тәуелділік болады
    Номиналды ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасында тура тәуелділік бар
    Нақты ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасында тура тәуелділік бар
    Номиналды ЖҰӨ деңгейі мен жұмыссыздық арасанда кері тәуелділік бар
    Нақты ЖҰӨ деңгейі мен инфляция арасында тура тәуелділік бар

    14. Дезинфляция дегеніміз – бұл:

    Бағалардың өсу қарқынының бәсеңдеуі
    Ұлттық валюта бағамының ресми түрде төмендеуі
    Айналысқа қажетті ақшалардың, тауарлар мен қызметтердің жетіспеушілігі
    Бағалардың жалпы деңгейінің төмендеуі немесе ақшалардың сатып алу қабілетінің жоғарылауы
    Ұлттық валюта бағамының ресми түрде жоғарылауы

    15. Толық жұмысбастылық дегеніміз – бұл:

    Барлық еңбекке қабілетті халықтың жүз пайыз жұмыспен қамтылуы
    Табиғи жұмыссыздықтың орын алмауы
    Құрылымдық жұмыссыздықтың орын алмауы
    Фрикциондық жұмыссыздықтың орын алмауы
    Инфляция қарқыны төмен болған жағдайда ғана жұмыспен қамтылудың толық орындалуы

    16. Инженер К. Смирнов неғұрлым көпақылы жұмысқа орналасу үшін «ПОК» фирмасынан кетті. Бұл қандай жұмыссыздықты білдіреді:

    Фрикциондық және құрылымдық
    Циклдік
    Фрикциондық
    Құрылымдық
    Фрикциондық және циклдік

    17. Инфляцияның қарқынына қарай қандай түрлері болады?

    Баланстанған және балансталмаған
    Сұраныс инфляциясы және шығындар инфляциясы
    Күтілетін және күтілмейтін
    Баяу, секірмелі және ұшқыр инфляция
    Экспортталған және импортталған

    18. Жұмыссыздықтың пайда болу себебін жұмыс күшіне сұраныстың жеткіліксіздігінен туындайды деп түсіндірген кімдер?

    Монетаризм өкілдері
    Кейнстік бағытты жақтаушылар
    Мальтузиандықтар
    Классиктер
    Неоклассиктер

    19. Дефляция дегеніміз – бұл:

    Ұлттық валюта бағамының төмендеуі
    Экономикада бағаның жалпы деңгейінің төмендеуі
    Инфляция қарқынының төмендеуі
    Ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеуі
    Экономикада бағаның жалпы деңгейінің өсуі

    20. Егер, баға деңгейінің өсімі жылына 200%-ға дейін болса, онда орын алатын инфляцияның түрі қандай?

    Айқын инфляция
    Жасырын инфляция
    Ұшқыр инфляция
    Созылмалы инфляция
    Секірмелі инфляция

    21. Филлипс қисығы нені сипаттайды?

    Инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің қысқа мерзімдегі кері байланысын
    Инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің ұзақ мерзімдегі кері байланысын
    Ақша ұсынысы мен номиналды жалақы арасындағы кері байланысты
    Инфляция мен жұмыссыздық деңгейінің қысқа мерзімдегі тура байланысын
    Ақша ұсынысы мен номиналды жалақы арасындағы тура байланысты

    22. Стагфляция – бұл экономикада болатын ауыр жағдай, мұндай құбылыс кезінде:

    Инфляция өседі, ал жұмыссыздық төмендейді
    Жұмыссыздық өседі, ал инфляция төмендейді
    Жұмыссыздық та, инфляция да өседі
    Жұмыссыздық та, инфляция да төмендейді
    Өнім шығару көлемі қысқарады

    23. Жиынтық сұраныстың тапшылығы мынаған әкеледі:

    Фрикциондық жұмыссыздықтың өсуіне
    Циклдік жұмыссыздықтың өсуіне
    Құрылымдық жұмыссыздықтың өсуіне
    Жұмыссыздықтың өсуіне
    Технологиялық жұмыссыздықтың өсуіне

    24. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі дегеніміз не?

    Толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі
    Толық емес жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі
    Құлдырау кезіндегі жұмыссыздық деңгейі
    Экономикада жұмысқа қабілетсіз адамдар санының өсуі
    Экономикадағы жұмысқа қабілетсіз адамдар санының ең төменгі деңгейі

    25. Сұраныс инфляциясы келесідей сипатталады:

    Шикізатқа бағалардың өсуімен
    Пайыз мөлшерлемесінің өсуімен
    Нақты өндіріс көлемімен салыстырғанда жиынтық сұраныстың артықшылығымен
    Инвестициялардың төмендеуімен
    Жиынтық ұсыныстың қысқаруымен

    26. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс берілген:

    Фрикциондық жұмыссыздық табиғи және ерікті жұмыссыздық болып табылады
    Фрикционды жұмыссыздық құрылымдыққа қарағанда қысқа мерзімді емес
    Фрикционды жұмыссыздық технологиялық өзгерістерге байланысты
    Фрикционды жұмыссыздыққа маусымдық кіреді
    Фрикционды жұмыссыздық экономикалық цикл фазасына байланысты

    27. Жұмыссыздықтың пайда болу себебін халық санының өсуімен байланыстыратын қандай теория?

    Неокейнстік теория
    Неоклассикалық бағыт
    Қазіргі мальтузиандық бағыт
    Ұсыныс экономикасын жақтаушы теория
    Жаңа классикалық теория

    28. Инфляция мен жұмыссыздық арасында қандай өзара байланыс бар:

    Жұмыссыздық төмендегенде, инфляция өседі
    Жұмыссыздық өскенде, инфляция да өседі
    Жұмыссыздық өскенде, инфляция өзгермейді
    Жұмыссыздық төмендегенде, инфляция төмендейді
    Жұмыссыздық пен инфляцияның арасында ешқандай өзара байланыс жоқ

    29. Оукен заңына сәйкес, жұмыссыздықтың нақты деңгейінің оның табиғи деңгейінен 2 пайыздық жоғарылауы, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің әлеуетті көлемінен қаншаға қалуын көрсетеді:

    2%
    4%
    3%
    5%
    5%-дан анағұрлым жоғары

    30. Жұмыс істегісі келетін, бірақ жұмыс таба алмай «түңілгеннен» кейін жұмыс орнын іздеуді тоқтатқан адамдар:

    Жұмысшы күшінің құрамында алдағы уақытта есептелмейді
    Фрикциондық жұмыссыздық шамасында есептелінеді
    Күтілген жұмыссыздық шамасында есептелінеді
    Еңбекақы туралы заңдарға сәйкес жәрдемақы алады
    Халықтың экономикалық белсенді қатарына жатпайды

    31. Жұмыссыздар саны – бұл:

    Қазіргі кезде жұмыс күші құрамындағы тұлғалар саны мен жұмыспен қамтылғандар арасындағы айырмашылық
    Жұмыс күші ішіндегі жұмыссыздар бөлігінің пайыздық деңгейі
    Жұмыс іздемейтін адамдар саны
    Циклдік және құрылымдық жұмыссыздық деңгейі
    Елдегі тұрғындар саны минус жұмыспен қамтылғандар саны

    32. Толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі ненің жиынтығына тең:

    Циклдік және фрикциондық
    Фрикциондық және құрылымдық
    Циклдік және құрылымдық
    Циклдік, фрикциондық және құрылымдық
    Циклдік және табиғи

    33. Адамдардың оқу орнын бітіргеннен кейін немесе жұмыс орнын өзгерткен кездегі жұмыссыздық түрі:

    Құрылымдық
    Фикциондық
    Циклдік
    Жасырын
    Барлық аталғандар

    34. Өндіріс шығындарының өсуінен туындаған инфляцияға төмендегі жағдайлардың қайсысы қатысты емес:

    Жұмыспен қамтылудың және өндірістің өсуі
    Өнімнің әр данасының құнының өсуі
    Жалақы мөлшерінің өсуі
    Ұсыныстың азаюы
    Пайыздық мөлшерлеменің өсуі

    35. Болжанбаған инфляциядан зардап шегетіндер:

    Баға деңгейі төмен болған жағдайда қарыз алғандар
    Номиналды табыстарының өсу қарқыны бағаның өсу қарқынынан төмен болғандар
    Ақша жинақтағандар
    Тұрақты номиналды табыс алушылар
    Құнды қағаз иелері

    36. Егер нақты ЖҰӨ әлеуетті ЖҰӨ-ге тең болса, онда:

    Циклдік жұмыссыздық болмайды
    Экономикада фрикционды жұмыссыздық болмайды
    Құрылымдық жұмыссыздық болмайды
    Циклдік жұмыссыздық орын алады
    Табиғи жұмыссыздық болмайды

    37. Тұтыну бағалық индексі 2000 жылы 120%, ал 2002 жылы 150% болды. Осы жылдар аралығындағы инфляция қарқыны қандай:

    25%
    125%
    80%
    20%
    30%

    38. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – 6%, нақты деңгейі – 18%, Циклдік жұмыссыздықты анықтаңыз:

    12%
    -12%
    24%
    3%
    1/3%

    39. Сұраныс әсерінен болған инфляцияға қатысы жоқ жағдай қайсы:

    Шикізат және қуат көздерінің бағаларының өсуі
    Жалпы сұраныстың артықшылығы
    Бағалардың өсуі
    Атаулы жалақының өсуі
    Ақша массасының өсуі

    40. Кейнсшілдік тұжырымдамаға сәйкес жұмыссыздық пен инфляция:

    Тікелей тәуелділікпен байланысты
    Кері тәуелділікпен байланысты
    Байланысты емес
    Экономикалық жағдайға байланысты тікелей немесе кері байланыста болуы мүмкін
    Ұзақ мерзімде екеуі де қатар орын алады



Тексеру Жауаптарды жою Кілт