15-тақырып

    1. Еркін сауданың (фритредерство) артықшылықтарына не жатады?

    Еркін бәсекелестік
    Өндіріс тиімділігінің артуы
    Тұтынушылар үшін тауарлардың үлкен таңдауы
    Елдер арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюы
    Аталғандардың барлығы дұрыс

    2. Төменде аталған шаралардың қайсысы ұлттық валютаға айырбасталынатын шетел валютасының ұсынысын көбейтеді:

    Тауарлар экспорты
    Капитал импорты
    Қызметтер импорты
    Капитал экспорты
    Игіліктер экспорты және капитал импорты

    3. Тарифтік емес шектеулердің түрлері:

    Кеден бажы
    Лицензиялар мен шетелдік квоталар
    Кеден бажы мен еркін импорттық шектеулер
    Шетелдік квоталар, лицензиялар және еркін экспорттық шектеулер
    Эмбарго мен кеден бажы

    4. Доллар бағасының түсуі АҚШ-тың экспорттық-импорттық көлемге қалай әсер етеді:

    Экспорт пен импорт өседі
    Экспорт өседі, импорт қысқарады
    Экспорт пен импорт түседі
    Экспорт азайып, импорт өседі
    Экспорт пен импортқа әсер ете қоймайды

    5. А мемлекеті бір бірлік ресурсты пайдалана отырып 1 тонна бидай немесе 4 тонна көмір өндіре алады. Ә мемлекеті бір бірлік ресурсты пайдалана пайдалана отырып 2 тонна бидай немесе 5 тонна көмір өндіре алады. Олай болса:

    А мемлекеті бидай экспорттайды және көмірді импорттайды
    А мемлекеті бидайды экспорттамайды және импорттамайды
    Ә мемлекеті бидайды да, көмірді де экспорттайды
    Ә мемлекеті көмірді экспорттамайды және импорттамайды
    Ә мемлекеті тек көмірді ғана экспорттайды

    6. Валюта бағамы қалай анықталады?

    Ақша бірлігінің сатып алушылық қабілетімен
    Инфляцияның қарқынымен
    Пайыз мөлшерлемесінің деңгейімен
    Әлемдік нарықтарда сол валютаға деген сенімнің дәрежесімен
    Аталғандардың барлығы дұрыс

    7. Мыналардың қайсысы ғаламдық әлеуметтік-экономикалық проблемаларға жатпайды?

    Қаладағы қылмыстың өсуі
    Экономикалық артта қалушылық
    Демографиялық мәселелер
    Экологиялық мәселелер
    Азық-түлік мәселелері

    8. Бреттон-Вудтық жүйе – бұл қандай жүйе:

    Алтын стандарты жүйесі
    Күміс стандарты жүйесі
    Тіркелген валюта бағамдарының жүйесі
    Қалқымалы валюта бағамдарының жүйесі
    Тіркелмеген валюта бағамдарының жүйесі

    9. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамының төмендеуі:

    Экспорт көлемін ұлғайтады
    Импорт көлемін ұлғайтады
    Шикізат экспорты мен импортының арақатынасын тұрақтандырады
    Мұнай экспоры мен импортының арақатынасын тұрақтандырады
    Азық-түлік экспорты мен экспортының арақатынасын тұрақтандырады

    10. Баж дегеніміз не?

    Импорттық квота
    Тарифтік емес тосқауылдар
    Импорттық субсидиялар
    Импортталатын тауарларға қойылатын акциздік салық
    Жеке табыс салығы

    11. Егер АҚШ-та компьютердің бағасы 1000 долл. болса, онда Қазақстандағы бағасы қандай болады, егер айырбас бағамы 1 доллар 150 теңгеге тең болса:

    150 000 теңге
    1500 теңге
    15 000 теңге
    50 000 теңге
    45 000 теңге

    12. Абсолютті артықшылықтар теориясының авторы кім?

    Д. Рикардо
    А. Смит
    Д.С. Милль
    В. Леонтьев
    Э. Хекшер

    13. Девальвация дегеніміз - бұл:

    Номиналды валюта бағамының төмендеуі
    Валютаның құнсыздануы
    Валюта бірлігінің өзгеруі
    Сатып алу қабілетінің өсуі
    Валютаға деген сұраныстың артуы

    14. Протекционизм дегеніміз – бұл:

    Ұлттық экономиканы қорғауға бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты
    Халықаралық саудадағы қосымша шектеулер
    Елге алдын-ала импортталған тауарларды басқа елдерге қайта сату мақсаты
    Тауарларды шет елдерге төмендетілген бағамен сату
    Экспорт пен импорттың еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты

    15. Сауда балансының оң сальдосы кезінде:

    ЖҰӨ ЖІӨ-нен кіші болады
    ЖҰӨ мен ЖІӨ бір-біріне тең болады
    ЖҰӨ ЖІӨ-нен үлкен болады
    ЖҰӨ ҰТ-тан үлкен болады
    ЖІӨ жалпы сыртқы өнімге тең болады

    16. Демпинг дегеніміз – бұл:

    Тауарларды шетелде ішкі рыноктікінен төмен бағамен сату
    Экспорттаушыларға мемлекеттің жеңілдеткен несиелері
    Қорғаныс өнеркәсібі салаларын қорғау құралы
    Отандық өндірушілерге мемлекеттік субсидиялар беру
    Саяси жағдайға байланысты белгілі бір елдің тауарын импорттаудан бас тарту

    17. Егер елдің ішінде бағалар өссе, онда:

    Экспорт ұлғаяды, импорт өзгермейді
    Экспорт азаяды, импорт өседі
    Импорт төмендейді, экспорт өседі
    Экспорт пен импорт қатар өседі
    Тек импорт төмендейді

    18. Берілген елдің экспортының өсуі, басқа жағдай тұрақты болғанда:

    Жиынтықты сұранысты көбейтеді, бірақ ұлттық табысты азайтады
    Жиынтықты сұранысты азайтады, ұлттық табысты көбейтеді
    Таза сұранысты азайтады
    Жиынтық сұраныс пен ұлттық табысты көбейтеді
    Жиынтық сұранысты азайтады

    19. Егер мемлекет белгілі бір тауарды өндіргенде салыстырмалы артықшылыққа ие болса, онда:

    Басқа елдерге қарағанда сол тауарды көп мөлшерде өндіреді
    Сол тауарды аз шығынмен өндіреді
    Сол тауарды өндіру арзанырақ түседі
    Сол тауарды өндіру мемлекет үшін қымбат
    Ол сол тауарды аз мөлшерде өндіреді

    20.Нақты валюта бағамы дегеніміз:

    Екі ел тауарларының бағаларының қатынасы
    Валюта сатылған күнгі Ұлттық банктің бағамы
    Алтын бағасы
    Алмастыру орындарындағы баға
    Шетел валютасымен есептелген ұлттық валютаның мөлшері

    21. Егер АҚШ долларының нақты айырбас бағамы өсетін болса, онда:

    Отандық тауарлар қымбаттайды
    АҚШ азаматтары үшін импортты тауарлар арзандайды
    АҚШ-тың таза экспорты азаяды
    Ағымдағы операциялар бюджетінің жетіспеушілігі артады
    Отандық тауарлар арзандайды

    22. Кедендік баж дегеніміз – бұл:

    Прогрессивті салық
    Тарифтік емес құрал
    Елдің шекарасынан өтетін тауарларға мемлекетпен салық салу немесе алым
    Сауда эмбаргосы
    Демпинг

    23. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны қандай?

    Жаңа технологиялармен мамандануы
    Тамақ өнімдерін өндіруге мамандануы
    Мұнай, газ және басқа да пайдалы қазбаларды жеткізуге мамандануы
    Компьютерлер шығарумен мамандануы
    Жаңа синтетикалық материалдарды шығарумен мамандануы

    24. Протекционизмнің артықшылықтарына төмендегілердің қайсысын жатқыза алмаймыз:

    Бағалардың өсуі, тауарды таңдаудың аз болуы
    Демпингтен қорғау
    Жаңа салаларды қорғау
    Сауда балансының теңдігі
    Өндірістің ұлғаюын ынталандыру

    25. Қазақстанның әлемдік беделін арттыруға мынадай факторлар мүмкіндік береді:

    Тәуелсіздікті нығайту
    Саяси тұрақтылық
    Территориялық тұтастықты сақтау
    Экономикалық даму үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету
    Осы аталғандардың барлығы дұрыс

    26. Егер белгілі бір елдің валютасы кез-келген шетелдік валютаға шексіз айырбасталатын болса, онда бұл:

    Еркін айырбасталу
    Бөлшектеліп айырбасталу
    Ішкі айырбасталу
    Сыртқы айырбасталу
    Қатаң айырбасталу

    27. Сингапур:

    Дамыған индустриалды елге жатады
    Жаңа индустриалды елге жатады
    Мұнай экспорттаушы ел болып табылады
    Өтпелі экономикалық ел болып табылады
    Экономикалық жағынан артта қалған ел болып табылады

    28. Халықаралық еңбек бөлінісі:

    Салыстырмалы артықшылықтар теориясымен байланысты
    Абсолютті артықшылықтар теориясымен байланысты
    Жұмыс күшінің миграциясымен байланысты
    Капитал миграциясымен байланысты
    Тауар өндірушілердің шарттарымен байланысты

    29. Егер экспорттық кеден бажын енгізу орын алса, онда:

    Ел ішінде сол тауарды тұтыну көлемі артады
    Ішкі баға деңгейі әлемдік баға деңгейіне қарағанда жоғарыласа
    Сол тауардың өндірісі ұлғаяды
    Таза экспорт көлемі артады
    Сол тауардың өндірісі қысқарады

    30. Салыстырмалы артықшылықтар теориясын алғаш рет кім ұсынды?

    А. Смит
    Д. Рикардо
    В. Леонтьев
    А. Маршалл
    М. Портер

    31. Егер нақты валюта бағамы өссе, онда таза экспорт:

    Азаяды
    Өседі
    Өзгермейді
    Нөлге тең болады
    Теріс болады

    32. Мемлекеттің сыртқы сауда саясатын жүргізудің екі түрі бар, олар қандай?

    Фискалдық және монетарлық саясат
    Протекционистік және инновациялық саясат
    Валюталық және фритредерстік саясат
    Протекционизм және еркін сауда саясаты
    Экспорттық және импорттық сауда саясаты

    33. Девальвация дегеніміз не?

    Тағайындалған айырбас бағамы жағдайында ұлттық валюта бағамының ресми түрде жоғарылауы
    Қалқымалы айырбас бағамы жағдайында ұлттық валюта бағамының ресми түрде тұрақтануы
    Әртүрлі елдердің валюталарының арақатынастары
    Халықаралық нарықтарға бекітілген ортақ бағалар туралы заң
    Тағайындалған айырбас бағамы жағдайында ұлттық валюта бағамының ресми түрде төмендеуі

    34. Сауда тосқауылдарының түрлері:

    Тарифтік шектеулер
    Тарифтік емес және валюталық шектеулер
    Эмбарго және валюталық шектеулер
    Кеден бажы және тарифтік емес тосқауылдар
    Квоталық емес және еркін экспорттық шектеулер

    35. Арнайы экономикалық аймақтарды құрудың мақсаты:

    Сол аймақты дамыту
    Әлемдік тәжірибені игеру
    Сыртқы экономикалық байланыстарды арттыру
    Жаңалықтар мен жаңа енгізілімдерді қолданып сынақтан өткізу
    Осы аталғандардың барлығы дұрыс

    36. Еркін сауда саясатының артықшылықтары:

    Ұлттық экономиканы шетелдік бизнестің теріс әсерінен қорғаудың болмауы
    Ішкі нарықтарды жаулап алу
    Демпингтің орын алуы
    Сапасыз өнімдердің өткізілуі
    Бәсекелестікті ынталандырады

    37. Протекционизмнің артықшылықтары:

    Ұлттық өндіріс салаларының өсуін ынталандырады, жас салаларды қорғайды
    тауарды таңдау мүмкіндіктері тарылады
    халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтары қолданылмайды
    экспорттық қатынастар үзіледі
    Ұлттық өндіріс салаларының өсуін тежейді

    38. Еркін сауда саясатының кемшіліктері:

    Монополияны шектейді
    Өндірістің тиімділігі жоғарылайды
    Бағалар төмендейді
    Халықаралық еңбек бөлінісі жақсара түседі
    Ұлттық экономиканы шетелдік бизнестің теріс әсерінен қорғаудың болмауы

    39. Протекционизмнің артықшылықтарына не жатпайды:

    Сауда балансын тепе-теңдікке келтіреді
    Демпингтен қорғайды
    Ұлттық өндіріс салаларының өсуін ынталандырады
    Жас салаларды қорғайды
    Өндірістің тиімділігі төмендейді, бағалар өседі

    40. БРИКС ұйымына мүше болып кіретін елдер:

    Албания, Словакия, Чехия, Хорватия
    Бельгия, Нидерланды, Люксембург
    Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан
    Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка Республикасы
    АҚШ, Канада, Мексика



Тексеру Жауаптарды жою Кілт