2-тақырып

    1. Материалдық емес өндіріс саласын көрсетіңіз:

    Құрылыс
    Ауыл шаруашылығы
    Өнеркәсіп
    Денсаулық сақтау
    Материалдық-техникалық жабдықтау

    2. Барлық экономикалық ресурстарды төмендегі категориялардың қайсысына жатқызуға болады?

    Тұтыну, жинақтау және салықтар
    Жалақы, рента, пайыз, пайда
    Капитал мен кәсіпкерлік
    Жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет
    Шексіз энергия мен білім

    3. Қоғамдық өнім деп:

    Халық тұтынатын тауарларды айтамыз
    Ұлттық өнімді сатудан түскен табысты айтамыз
    Қоғамда белгілі бір уақыт ішінде өндірілетін материалдық игіліктерді атайды
    Мемлекетімізге қажетті өнімді атайды
    Бөлшек саудамен қоғамдық тамақтану саласындағы тауарларды айтады

    4. Ұдайы өндіріс – бұл:

    Халыққа қажетті өнімдер өндірісі
    Үнемі қайталанып және жанғырып отыратын өндіріс
    Алдағы уақытта өндірілетін өндіріс
    Жыл сайын өндіріліп отыратын өнімдер тобы
    Еңбек және өнім айырбастау қатынастары

    5. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы нені көрсетеді:

    Шаруашылықтың өндіруі тиіс екі тауарының нақты мөлшерін
    Екі тауардың мүмкін комбинацияларының ең жақсысын
    Қолда бар ресурстардың нақты мөлшеріне сәйкес тауарлардың балама комбинацияларын
    Өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы жүзеге асқан уақытты
    Аталғандардың ешқайсысын көрсетпейді

    6. Мыналардың қайсысы жеке тұтынуға жатады:

    Саябақтар
    Университеттер
    Тұрғын үйлер
    Бала-бақшалар
    Кинотеатрлар

    7. Экономикалық таңдау мәселесі қандай сұрақтарды шешедi?

    Не, қашан және қалай
    Қанша, қандай түсте және қандай көлемде
    Қашан, не және қалай
    Не, қалай және кiм үшін
    Кiмге, қайда және қанша

    8. Егер қоғам шығындарды азайтып кірістерді максималдауға тырысса, онда экономикалық мақсат неде?

    Экономикалық тиімділікте
    Толық жұмысбастылықты қамтамасыз етуде
    Экономикалық өсуде
    Экономикалық еркіндікте
    Экономикалық қауіпсіздікте

    9. Еңбек өнімділігі қандай қатынаспен өлшенеді?

    Өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытына қатынасымен
    Капитал шығынының еңбек шығынына қатынасымен
    Өнімнің нақты көлемінің халық санына қатынасымен
    Жұмыс уақытының нақты өнім көлеміне қатынасымен
    Капитал шығынының өнімнің нақты көлеміне қатынасымен

    10. Белгілі бір нәтижеге немесе қалаулыға жету үшін бас тартуға тура келетін нәрсе:

    Бұл – баламалы шығындар болып табылады
    Әртүрлі себептерге байланысты пайда табудан бас тарту
    Ол – трансакциондық шығындар болып табылады
    Салық төлеуден жалтару деген сөз
    Заңдылықты уақытша мойындамау

    11. Төмендегілердің қайсысы өндіріс факторларына жатпайды?

    Жер
    Еңбек
    Сауда
    Кәсіпкерлік қабілет
    Капитал

    12. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс:

    Айналымдағы ақша санының көбеюі
    Барлық көбею мөлшерінде өндірістің жаңаруы
    Материалды игіліктердің болуымен байланысты жаңарту
    Өндіріс пен тұтыну арасындағы өзара байланыс
    Баға деңгейінің өсуі

    13. Қоғамның қарапайым өндіргіш күштеріне не жатады?

    Жоспарлау
    Жер, су, қазба байлықтары
    Инфрақұрылым және оның элементтері
    Жұмыс күші және өндіріс құрал-жабдықтары
    Өндірісті қоғамдастыру формасы

    14. Капитал – ол қоғамның бүкіл өндірістік қатынастар жүйесін қамтитын көрініс ретінде сипатталады. Бұны кім тұжырымдаған?

    Д. Рикардо
    К. Маркс
    М. Фридмен
    О. Бем-Баверк
    Дж. М. Кейнс

    15. Мыналардың қайсысы маржинализм топтамасына жатады?

    Еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік қабілет
    Жеке фактор мен заттық фактор
    Жұмыс күші мен өндіріс құрал-жабдықтары
    Еңбек, жер және капитал
    Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар

    16. A. Маслоу бойынша қажеттiлiктер пирамидасындағы үшінші сатыда қандай қажеттіліктер орын алған?

    Өмiрдегi мақсатты анықтау қажеттiлiгi
    Әлеуметтiк байланыстағы қажеттiлiктер
    Кауiпсiздiкке байланысты қажеттiлiктер
    Физиологиялық қажеттiлiктер
    Экономикалық ойлау

    17. Өндірістік мүмкіндіктер қисығының сыртында жатқан нүктелер нені сипаттайды?

    Қоғамның берілген тауарларды әріқарай өндіре алмайтындығын көрсетеді
    Бұған сәйкес қоғам өз қолындағы ресурстарды толық пайдаланады
    Қоғам экономикалық ресурстарды толық пайдаланбайды дегенді білдіреді
    Қоғамның ресурстарды тиімді пайдаланатындығын сипаттайды
    Қоғам ресурстарды мүлдем қолданбайды дегенді көрсетеді

    18. Адамның өмір сүруінің негізі болып не табылады?

    Оның тәжірибесі
    Оның мәдениеті
    Оның ақыл-ойы мен білімі
    Қажеттіліктер
    Қоғамдық өндіріс

    19. Шектеулі ресурстар жағдайында:

    Таңдау мәселесі туындайды
    Қажеттіліктер дұрыс қанағаттандырылмайды
    Өндірісте сарқылмайтын ресурстар басым болады
    Пайда мәселесі қиындайды
    Ресурстар сапасына қарай ғана пайдаланылады

    20. Өндірістік қатынастар дегеніміз не?

    Табиғи және материалдық ресурстарды пайдаланудағы қатынастар
    Адамның адамға деген қатынасы
    Материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынастар
    Адамды адаммен қанаудағы қатынастар
    Технологияны пайдаланудағы қатынастар

    21. Экономикалық тиімділік дегеніміз – бұл:

    Пайдаланылмаған мүмкіндіктердің артуын болдырмау
    Минималды шығындар мен максималды табыстардың теңесуі
    Минималды шығындардың максималды табыстардан көп болуы
    Ресурстарды толық пайдаланудағы баламалы нұсқаларды көрсету
    Алынатын нәтижелер мен өндірістік шығындардың қатынасы

    22. Қажеттіліктер дегеніміз – бұл:

    Тұтынушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынастары
    Бір нәрсені керек ету немесе белгілі бір затқа деген мұқтаждық
    Сатып алушылық қабілет
    Белгілі бір затты немесе игілікті сатуға деген мұқтаждық
    Адам мен заттың арасындағы қатынастар

    23. Өндіріс дегеніміз – бұл:

    Материалдық игіліктерді өндіру үдерісі
    Еңбек заты мен қаражаты
    Ғылыми-техникалық прогресстің нысаны
    Басқару нысаны
    Материалдық игіліктерді иемдену нысаны

    24. Қоғамдық қажетті жұмыс уақыты дегеніміз не?

    Өндірістің қоғамдық қалыпты жағдайында тауарды өндіруге жұмсалатын уақыт
    Еңбек өнімділігі
    Бір дана өнімді өндіруге жұмсалатын уақыт
    Әрбір жұмысшының еңбек шығынымен анықталатын уақыт
    Тауарды өндіруге жұмсалатын еңбектің жиынтық шығындары

    25. Өндірістің басты мақсаты неде?

    Қажеттіліктерді қанағаттандыруда
    Өнім көлемін арттыруда
    Максималды пайда табуда
    Шектеусіз ресустарды көбірек пайдалануда
    Уақытты үнемдеуде

    26. Егер қолданылатын ресурстардың көлемі артса, онда:

    Өндірістік мүмкіндіктер қисығы өз траекториясын өзгертеді
    Өндірістік мүмкіндіктер қисығы оңға жылжиды
    Өндірістік мүмкіндіктер қисығы солға жылжиды
    Өндірістік мүмкіндіктер қисығының сыртында жатқан нүктелер көбейеді
    Өндірістік мүмкіндіктер қисығының ішінде жатқан нүктелер көбейеді

    27. Махаббат, достық қарым-қатынас сияқты қажеттіліктер Маслоу пирамидасының нешінші сатысында орын алған?

    Үшінші сатысында
    Бірінші сатысында
    Төртінші сатысында
    Екінші сатысында
    Бесінші сатысында

    28. Өндіріс әдісі дегеніміз не?

    Қоғам дамуының белгілі бір кезеңі үшін сипатталатын экономикалық жағдай
    Материалдық және материалдық емес мәдениеттің сатысы
    Қоғамдық-экономикалық формация
    Өндіріс қаражаттарының жиынтығы
    Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі мен қарым-қатынасы

    29. Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну – бұл ненің қозғалысы:

    Қоғамдық өнімнің
    Кез келген жеке игіліктің
    Кәсіпорынның ішкі ресурстарының
    Қоғамдық өндірістің
    Өндірістік қатынастардың

    30. Экономикалық теорияның танымдық қызметі:

    Өндірістік мүмкіндіктер қисығымен
    Шығарылған өнімнің жалпы көлемінің қисығымен
    Өндірістік функциямен
    Ұсыныстың икемділігімен
    Жалпы шығындар қисығымен

    31. Жай ұдайы өндіріс дегеніміз – бұл:

    Тұрақты көлемде жыл сайын жаңарып отыратын ұдайы өндіріс
    Алтын өндіруді ұлғайтумен байланысты ұдайы өндіріс
    Жаңа ресурстарды игерумен байланысты ұдайы өндіріс
    Қол еңбегіне негізделген ұдайы өндіріс
    Жеке тұтынуды арттыруға негізделген ұдайы өндіріс

    32. «Жіберіп алған мүмкіндіктер шығындарын» қандай шығын­дар деп атаймыз?

    Шекті шығындар
    Баламалы шығындар
    Тұрақты шығындар
    Өзгермелі шығындар
    Баламасыз шығындар

    33. Қажеттіліктер дегеніміз не?

    Сатып алушылық қабілеттіліктер
    Бір нәрсеге немесе затқа деген мұқтаждық
    Сатушылар мен сатып алушылардың өзара қатынастары
    Пайда табуға деген құлшыныстар
    Тиімді сұраныс

    34. Өндіріс тиімділігі немен анықталады?

    Тапқан пайда мөлшерімен
    Алынған нәтижелер мен жұмсалған шығындардың арақатынасымен
    Еңбек өнімділігімен
    Ресурстардың тиімді пайдаланылуымен
    Өндіріс барысында дұрыс шешім қабылдаумен

    35. Қай кезде өндіріс мүмкіншіліктер қисығы екі тауардың түрлі комбинацияларын көрсетеді:

    Өндіріс ресурстарды толық пайдаланбаған кезде
    Барлық қолда бар ресурстарды толық пайдаланған кезде
    Пайдаланылған ресурстардың мөлшері өзгерген кезде
    Өндіріс технологиясы өзгерген кезде
    Барлық ресурстардың тиімсіз пайдаланылған кезде

    36. Экономикалық теория мынадай екі аксиомаға негізделеді, олар қайсысы?

    Шексіз қажеттіліктер және шектеулі ресурстар
    Ресурстарды үнемдеу және тиімді пайдалану
    Микроэкономика және макроэкономика
    Экономикалық категория мен экономикалық заңдар
    Шектеулі мұқтаждықтар мен шектеусіз табиғи игіліктер

    37. Өндірістің түпкі мақсаты неде?

    Өндірісті ынталандыруда
    Тұтынуда
    Өнімдердің сапасын арттыруда
    Пайда табуда
    Шығындарды азайтуда

    38. Экономикалық игіліктер ұғымын алғаш кім ғылымға енгізген?

    Итальян экономисі А. Пезенти
    Ағылшын экономисі А. Пезенти
    Ағылшын экономисі У. Петти
    К. Маркс
    А. Маршалл

    39. Маркстік теория бойынша жеке факторға не жатады?

    Технология
    Қосалқы бөлшектер
    Еңбек құралдары
    Еңбек заттары
    Жұмыс күші

    40. Мына нұсқалардың ішінен еңбек, капитал және жер факторларын таңдаңыз?

    Жұмыс күші, ғимарат және су
    Жұмыс күші, газ және орман
    Ой еңбегі, қол еңбегі және құрал-жабдықтар
    Дарындылық, таланттылық және тапқырлық
    Адам ресурсы, материалдық және қаржы ресурстары



Тексеру Жауаптарды жою Кілт