3-тақырып

    1. Нарықтық экономиканың негізгі белгісі:

    Мемлекеттік меншіктің басымдылығы
    Орталықтан жоспарлау
    Жеке экономикалық мүдде
    Экономикалық қызметтің қатаң жоспарлануы
    Мемлекеттік жоспарды орындау қажеттілігі

    2. Қазақстанда екінші жекешелендіру кезеңі қай жылдары өтті?

    1990-1991 жж.
    1991-1992 жж.
    1993-1995 жж.
    1996-1998 жж.
    2000-2001 жж.

    3. Меншіктің экономикалық мәнін беретін анықтаманы таңдаңыз:

    Қайтарымсыз табиғи ресурсты иемдену
    Биліктік мүмкіншілікті жүзеге асыру
    Адамның тауарды жеке мақсатқа пайдалануы
    Жинақталған интеллектуалдық әлеуетті пайдалану
    Қарама-қарсы экономикалық көзқарастағы субъектілердің өндіріс жағдайына байланысты қатынасы

    4. Барлық экономикалық жүйелердің шешетін мәселесі:

    Инвестиция жетіспеуі
    Өндіріс пен тұтыну сәйкессіздігі
    Баға тұрақсыздығы
    Ресурстардың шектеулілігі
    Еңбек өнімділігінің өсуі

    5. Постиндустриалдық қоғамның негізгі экономикалық саласы:

    Ауыл шаруашылығы
    Машина жасау
    Қызмет көрсету
    Өндіріс саласы
    Машина жасау және құрылыс саласы

    6. Жеке меншік қалай сипатталады:

    Ресурстармен бұйрық берудің және жеке таңдаудың еркіндігі
    Жеке топтардың пайдасы үшін байлықтарды қайта бөлу
    Кәсіпорынның аздаған акция пакетін иеленуі
    Әр адамның өзінің жұмыс күшінің меншігі
    Барлық жауаптар дұрыс

    7. Игілікті пайдалануды кім және қалай жүзеге асырады деген шешім қабылдау құқығы – бұл:

    Пайдалану құқығы
    Басқару құқығы
    Тәуелсіздік құқығы
    Иелену құқығы
    Жүзеге асыру құқығы

    8. Тендер дегеніміз не?

    Мүлікті кепілге қою арқылы несие алу
    Өнімнің сапасын анықтауға байланысты арнайы құжат
    Белгілі бір жұмыстарды немесе тауарды жеткізу бойынша тапсырыстарды ұсынудың және жүзеге асырудың ерекше формасы
    Банктегі салымдардың бір түрі
    Айырбас үшін өндірілген еңбек өнімі

    9. Жекешелендірудің негізгі түрлері қандай?

    Шағын, жаппай және жеке жобалар бойынша
    Шағын, орта және ірі
    Ашық түрде және жабық түрде
    Конкурс, аукцион және жалға беру бойынша
    Қарапайым және күрделі

    10. Егер кез келген мүлікті жалға алса, онда жалгер:

    Мүліктің тұтыну құнын пайдаланады
    Мүліктің толық иегері болып табылады
    Берілген мүліктің құндылығына билік етеді (оны сата алады)
    Мүліктің әлеуетті иесі болып табылады
    Аренда келісім шартында белгіленген жағдайларға байланысты ол мүліктің иесі болып табылады

    11. Реформа дегеніміз – бұл:

    Бір нәрсені өзгертіп қайта құру
    Мемлекеттік экономикалық жүйені жойып жіберу
    Айналымдағы ақшаны қысқарту;
    Жұмысшыларға еркіндік әперетін экономикалық жүйе;
    Өндіріс орындарына жаңа қорлар енгізу.

    12. Аралас экономиканың негізгі ерекшеліктері:

    Әміршіл экономика мен нарықтық экономиканың ұштастырылуы
    Көптүрлі меншіктің орын алуы
    Күшті кәсіподақтар қозғалысы
    Мемлекеттік реттеу және түзету рөлінің белсенді болуы
    Аталғандардың барлығы дұрыс

    13. Барлық экономикалық жүйелердің көкейкесті мәселесі:

    Инвестициялар
    Өндіріс
    Тұтыну
    Шектеулілік
    Жұмыссыздық

    14. «Не, қалай және кім үшін» деген мәселелер қандай экономикалық жүйеге тән:

    Әміршіл-әкімшіл
    Нарықтық
    Дәстүрлі
    Аралас
    Кез-келген

    15. Қандай салаларда көбінесе мемлекеттік сектор басым болады?

    Бөлшек саудада
    Ауыл шаруашылығында
    Жеңіл өнеркәсіпте
    Қонақ үй бизнесінде
    Шикізат өндірумен байланысты салаларда

    16. К. Маркс бойынша меншік дегеніміз – бұл:

    Адамның затқа қатынасы
    Заттардың арасындағы қатынастар
    Заттың пайдалылығы
    Ұрлық
    Тауар өндірушілердің арасындағы қатынастар

    17. Ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету салаларының дамуы – бұл:

    Индустриалдық қоғамның басты артықшылығы
    Еркін бәсекелестік нарықтық жүйенің басты артықшылығы
    Аралас экономикалық жүйенің басты мәселесі
    Кез келген экономикалық жүйенің басты кемшілігі
    Постиндустриалдық қоғамның басты ерекшелігі

    18. Әміршіл-әкімшіл жүйеге байланысты артықшылықтарды көрсетіңіз:

    Адамдық және материалдық ресурстардың басымды бағыттарға икемделуі
    Жеке кәсіпкерлікті шектеу, не тыйым салу
    Ресурстардың тұрақты тапшылығы
    Бәсекенің болмауы
    Бітпеген құрылыс көлемінің өсуі

    19. Индустриалды қоғамның басты белгісі:

    Өндіргіш күштердің дамуының жоғарғы деңгейі
    Ірі машиналы өндіріс
    Құқықтық мемлекет
    Демократия
    Тұтынудың жоғарғы деңгейі

    20. Жоспарлы экономикалық жүйе қазіргі уақытта қандай елдерге тән:

    Еуроодақ елдеріне
    Сингапур мен Гонконгқа
    Оңтүстік Кореяға
    Солтүстік Корея мен Куба еліне
    Ресейге

    21. Меншіктің заңдық тұрғыдағы мазмұны қалай сипатталады?

    Мүліктік қатынастармен
    Табиғи жағдайларға деген қатынастармен
    Өндіріс нәтижелеріне байланысты қатынастармен
    Пайда табу бойынша қатынастармен
    Өндіріс құрал-жабдықтары бойынша адамдар арасындағы қатынастармен

    22. Нарықтық экономикалық жүйенің басты ерекшеліктері:

    Жеке меншіктің басымдылығы
    Таңдау еркіндігінің болуы
    Бәсекелестіктің орын алуы
    Жеке қызығушылық
    Аталғандардың барлығы дұрыс

    23. Экономикада өмір бойы жалдану жүйесі қандай елге тән:

    Швецияға
    Жапонияға
    Германияға
    АҚШ-қа
    Қазақстанға

    24. Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша меншіктің келесідей нысандары бар:

    Жеке меншік және мемлекеттік меншік
    Мемлекеттік, ұжымдық, өзіндік меншік
    Мемлекеттік, жеке және аралас
    Мемлекеттік, аралас және біріккен
    Мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік

    25. Аукцион дегеніміз не?

    Мүлік сатушы сатып алушыны өзі таңдап алады
    Бәсекелестік негізде өтетін ашық сауда
    Акцияларды купон иелеріне таратып беру
    Мүліктерді алдын-ала сатып алу
    Жәрменке

    26. Төмендегілердің қайсысын интеллектуалды меншікке жатқызуға болмайды?

    Ноу-хау
    Жоба-дизайн
    Ой
    Құрал-жабдықтар
    Әдеби шығармашылықтар

    27. Дәстүрлі экономикалық жүйенің негізгі ерекшелігі қандай?

    Саясат экономикадан басым болады
    Көптүрлі меншіктің орын алуы
    Көлеңкелі экономиканың басымдылығы
    Артта қалған технология
    Аталғандардың барлығы дұрыс

    28. Егер өндiрic жеке тұлға мүддесiнде iскe асса, онда бұл:

    Ұжымдық меншiк және ұжымдық иемдену
    Жеке меншік және жеке иемдену
    Қоғамдық меншiк жене қоғамдық иемдену
    Жеке-ұжымдық меншiк және жеке-ұжымдық иемдену
    Жеке-мемлекeттiк меншiк және жеке-мемлекеттiк иемдену

    29. Меншікті қай тұрғыдан немесе қай жағынан сипаттауға болады?

    Заңдық және экономикалық
    Психологиялық және экономикалық
    Моральдік және физикалық тұрғыдан
    Заңдық және психологиялық
    Экономикалық және пайдалы жағынан

    30. У. Ростоу бойынша экономикалық жүйенің бірінші стадиясы не?

    Дәстүрлі қоғам
    Өтпелі қоғам
    Индустриалды қоғам
    Жаппай тұтыну стадиясы
    Жабайы табиғат

    31. Экономикалық жүйе – бұл?

    Не, қалай, кім үшін деген мәселелерді шешу үшін қоғамды ұйымдастыру әдісі
    Пайданы максималдандыру үшін қоғамды ұйымдастыру әдісі
    Қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу үшін құрылатын жүйе
    Фирманың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыру жүйесі
    Мемлекеттің экономикалық мәселелерді дұрыс шеше білу жолдар

    32. Индустриалдықтан кейінгі қоғамның саласы қандай?

    Металлургия
    Химия өнеркәсібі
    Құрылыс материалдарын өндіру
    Қызмет көрсету саласы
    Көлеңкелі бизнес

    33. Мемлекет иелігінен алу дегеніміз – бұл:

    Шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекет қарамағындағы меншік нысандарын беру
    Меншік нысандарын мұрагерлікке беру
    Акциялар мен облигацяларды сатып алу
    Мүлікке толыққанды ие болу
    Заңды тұлғалардың мемлекеттен меншік нысандарын сатып алу қатынастары немесе келісімдері

    34. Әміршіл-әкімшіл экономикалық жүйеде:

    Кәсіпкерлік дамымайды
    Экономикалық таңдау еркіндігі орын алады
    Дәстүрлер жақсы сақталады
    Күшті кәсіподақ қозғалысы орын алады
    Қоғамдық мәселелер көп жағдайда шешілмейді

    35. Жерді иемдену дегеніміз не?

    Қалыптасқан дәстүрге байланысты жерді пайдалану
    Жерді жалдау
    Жер кадастры бойынша жердің бағасын анықтау
    Тұлғаның тарихи қалыптасқан жағдайлар негізінде жер телімін пайдалану құқығы
    Белгілі бір заңдық тәртіппен жерді пайдалану

    36. Қазақстанда алғашқы жекешелендіру қалай жүргізілді?

    Жұмысшылар саны 200 адамға дейінгі объектілер жекешелендірілді
    Жұмысшылар саны 200 адамнан асатын объектілер жекешелендірілді
    Жұмысшылар саны 200 адамнан асатын объектілер жекешелендірілді
    Қызметкерлері 50 адамнан аспайтын объектілер жекешелендірілді
    Жекешелендіру купондарын қолдану арқылы орта кәсіпорын­дар жекешелендірілді

    37. Меншік құқығы дегеніміз – бұл:

    Игіліктердің белгілі бір тұлғаға тиістілігін бекітетін және осы құқықтарды қорғайтын заң нормаларының жиынтығы
    Меншік объектілерінің қатыстылығы жөніндегі адамдар арасындағы экономикалық қатынастар
    Меншік объектілерінің кімге тиесілі екендігін анықтау
    Экономиканың іргелі сұрақтарын шешу үшін субъектілердің меншік туралы қатынастарын жеңілдету
    Қоғамдағы барлық меншік объектілерін әділетті және шынайы бөлу мәселесін реттейтін заңдар мен құқықтар

    38. Жекешелендірудің қажеттілігі:

    Жеке меншік топтарын құру
    Мемлекеттің экономикаға араласпауын қадағалау
    Шетел инвесторларын шектеу
    Кәсіпорындарды монополияландыру
    Мемлекеттің рөлін күшейту

    39. Экономикалық жүйедегі қоғам эволюциясының формациялық бағыты:

    Марксизм теориясымен жасалған
    Неоклассиктермен жасалған
    Кейнстік теорияда кездеседі
    У. Ростоудың еңбектерінде орын алған
    Американ социологы Д. Белл теориясында орын алады

    40.Мына елдердің қайсысы қазіргі уақытта өз экономикасын жоспарлы және әміршіл-әкімшіл тұрғыдан ұйымдастырады?

    Монғолия
    Қырғыстан
    Венесуэлла
    Сауд Арабиясы мен Кувейт
    АҚШ



Тексеру Жауаптарды жою Кілт