4-тақырып

    1. Экономикалык игiлiктер дегеніміз – бұл:

    Айырбасқа арналған шикізат өнiмдер
    Тұтынуы өндiрiспен сәйкес келетiн материалдық қызмет нәтижесi
    Қажеттiлiктi қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтер
    Өндiрiс факторлары
    Өндiргіш күштер

    2. Тауарлы шаруашылықтың қалыптасуының негізгі себептері қандай?

    Қоғамдық еңбек бөлінісінің және айырбастың дамуы
    Мемлекеттік басқарудың күшеюі
    Қалдықсыз өндірістердің пайда болуымен байланысты
    Несиелік ақшалардың дамуы
    Ірі өндіруші – монополистердің пайда болуы

    3.Өтімділік дегеніміз – бұл:

    Тарихи қалыптасқан ақша айналысын ұйымдастыру формасы
    Ақша айналымының жылдамдығы
    Қандай да бір активтің айырбас құралына тез айналуы
    Ақшаның тез құнсыздануы
    Ақша жүйесінің элементі

    4. Тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңымен бекітілген ақша айналысын ұйымдастыру формасы:

    Ақша жүйесі
    Ақша айналымы
    Ақша массасы
    Ұлттық валюта
    Ұлттық және шетел валюталары

    5. Құн өлшемі – ...:

    Табыс
    Шығын
    Баға
    Тепе-теңдік баға
    Икемділік

    6. Пәтер сатып алу үшін сіз коммерциялық банктен несие аласыз. Бұл жерде ақша қандай қызмет атқарады?

    Құн өлшеуші
    Айналым құралы
    Төлем құралы
    Жинақтау құралы
    Есеп құралы

    7. Ақшаның толық анықтамасы:

    Адамдар арасындағы келісім өнімі
    Тауар айырбасына түсетіннің барлығы
    Ликвидтілікке ие тауарлардың барлығы
    Жалпы эквиваленттік пен абсолютті өтімділікке ие ерекше тауар
    Өтімділігі жоқ тауарлар

    8. Тауарлы шаруашылықтың қалыптасуына не себеп болды?

    Ресурстарды еркін айырбастау
    Әртүрлі шаруашылық субъектілердің бар болуы
    Машина өндірісінің қалыптасуы
    Қоғамдық еңбек бөлінісі
    Тұтынудың өсуі

    9. Төмендегі келтірілгендердің қайсысы тауар болып келеді:

    Tабиғаттың сыйлары
    Жер
    Айырбастауға арналған еңбек өнімі
    Зауыт ішіндегі айналымның шикізаттары
    Жұмыс күші

    10. Қызмет көрсету салаларында орын алатын бағаның түрі:

    Бөлшек сауда бағасы
    Көтерме сауда бағасы
    Тарифтер
    Прейскуранттық бағалар
    Тарифтік бағалар мен прейс­куранттық бағалар

    11. Тарихта монометализмнің қандай түрлері болған?

    Мыс, күміс, алтын
    Күміс пен алтын
    Алтын, күміс, қола
    Тек қана алтын болған
    Тек қана күміс болған

    12. К. Маркс өзінің ғылыми зерттеуін неден бастады?

    Қосылған құнды талдаудан
    Тауарды талдаудан
    Еңбектің құнын анықтаудан
    Ақшаның табиғатын зерттеуден
    Экономикалық дағдарыстардың себептерін дәлелдеуден

    13. Экономикалық игіліктер ұғымын алғаш кім ғылымға енгізген?

    Итальян экономисі А. Пезенти
    Ағылшын экономисі А. Пезенти
    Ағылшын экономисі У. Петти
    А. Маршалл
    К. Маркс

    14. Тауар дегеніміз не?

    Әртүрлі тұтынушылық құндар
    Айырбас үшін өндірілген өнім
    Белгілі игіліктердегі адамдардың қажеттілігі
    Әртүрлі игіліктер мен қызметтердің құнын өлшеу құралы
    Өндіріс шығынының бағасы

    15. Қандай шарт нарықтық шаруашылықтың қалыптасып, қызмет етуіне кедергі болады?

    Қоғамдық еңбек бөлінісі
    Экономика субъектілерінің экономикалық бейімделуі
    Өндіру мен бөлуді қатаң басқару жүйесі
    Кәсіпкерлік субъектілерінің тәуелсіздігі
    Өндіріс

    16. Мыналардың қайсысы экономикалық игілікке жатпайды?

    Сүңгуір қайық
    Демалыс және көңіл көтеру орындары
    Жел энергиясы
    Білім беру
    Су

    17. «Әлемдік ақшалар» – ақшаның қызметін:

    Алтын мен күмістер атқарады
    Бағалы қағаздар атқарады
    Қолма-қол ақшалар атқарады
    Дамыған елдердің валюталары атқарады
    Әлемдегі барлық елдердің валюталары атқарады

    18. Натуралды шаруашылық кезінде өнім:

    Айырбас жасау үшін өндіріледі
    Тек мемлекеттің арнайы тапсырыс үшін ғана өндіріледі
    Жеке тұтыну үшін өндіріледі
    Сауда-саттық үшін өндіріледі
    Жеке тұтыну үшін де, сату үшін өндіріледі

    19. Ақша экономикалық категория ретінде – бұл:

    Жалпылама эквивалент қызметін атқаратын тауар
    Басқа тауарға қарай құнын анықтайтын тауар
    Алтынмен құнын анықтайтын тауар
    Алтын және күміс
    Тауар айырбасына қызмет атқаратын құрал

    20. Ақшаның қандай қызметі баға ұғымын білдіреді?

    Құн өлшеу қызметі
    Қор жинау қызметі
    Әлемдік ақша қызметі
    Төлем құралы қызметі
    Айналыс құралы қызметі

    21. Экономиканы ұйымдастырудың формасы – натуралды шаруашылық, ол қалай сипатталады:

    Еңбек өнімдері нарықта айырбас үшін өндіріледі
    Өндірушілердің интеграциясы, яғни бірігіп жұмыс істеуі орын алады
    Өнімдер өзіндік тұтыну үшін, яғни ішкі шаруашылықтар үшін өндіріледі
    Өндірушілердің белгілі бір өнімнің түрін өндіруде мамандануы
    Ешқандай дұрыс жауабы жоқ

    22. Айырбастың мақсаты не?

    Эквивалентсіз айырбас жолымен пайда табу
    Өндірушінің өзі өндірмейтін қажетті игіліктерді тұтыну және қанағаттандыру
    Ішкі шаруашылық тұтыну мақсатында материалдық игіліктерді өндіру
    Өз еңбегімен өндірілетін игіліктерді тұтыну
    Барлық жауаптары дұрыс берілген

    23. Тауардың құнына не жатады?

    Тауар өндірісіне жұмсалған еңбек
    Тауардың пайдалы қасиеті
    Басқа тауарға айырбасталуы
    Тауардың сиректілігі
    Адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті

    24. Қандай да бір активтің айырбас құралына тез айнала алу қабілеті:

    Өткізгіштік
    Өтімділік
    Қозғалғыштық
    Ақшаның айналу жылдамдығы
    Айырбас жылдамдығы

    25. Доллар, еуро, йена, т.б. – бұлар:

    Бұлардың құны бүгінгі күні төмендеп барады
    Бірін бірі толықтырып отыратын валюталар
    Ақшаның «әлемдік ақшалар» ретіндегі қызметін атқарады
    Бұлардың арасында қазір бәсеке күшті
    Әлемдегі ең тұрақты валюталар

    26. Мануфактура дегеніміз не?

    Өндірісте адамның қол еңбегі көптеп жұмсалатын және машинасыз еңбек бөлінісіне негізделген кооперация
    Өндірісте адамның еңбегі аса аз жұмсалатын, әрі техникалық еңбек бөлінісіне негізделген жай кооперация
    Өндірісте адамның еңбегі мүлдем қолданылмайтын және техникаға негізделген ірі кооперация
    Өндірістің жаңа технологиялық әдісін сипаттайтын фабриканың аса сапалық түрі
    Ірі машиналы өндіріске негізделген фабрикалы өндірістік кооперация

    27. Ақшаның металлдық теориясы қандай экономикалық мектеппен байланысты?

    Аристотель мектебімен
    Маржинализм
    Меркантилизм
    Жаңа классикалық теория
    Кейнстік

    28. Тауарлы шаруашылықтың қалыптасуына не себеп болды?

    Машина өндірісінің қалыптасуы
    Жаңа қажеттіліктердің пайда болуы
    Қоғамдық еңбек бөлінісі
    Тұтынудың өсуі
    Ресурстарды еркін айырбастау

    29. Мына көрсеткіштердің қайсысы ақшаның төлем құралы ретіндегі қызметін сипаттайды?

    Баға
    Өзіндік құн
    Капитал мен еңбек
    Сұраныс пен ұсыныс
    Жалақы

    30. Тарихта монометализмнің алтын металлына бағаланған түрі қай елде жүргізілген:

    Англияда
    Голландияда
    Ресейде
    Ежелгі Римде
    Қытайда

    31. Ақшаның сандық теориясының теңдеуі:

    MY = PY
    MV = PY
    MV = PV
    M = PY/V
    V = PY/M

    32. Ақшаның сатып алу қабілеті дегеніміз не?

    Ақшаның тауарды сатып алу жылдамдығы
    Ақшаның құндылығы
    Ақша бірлігіне сатып алынатын тауар мен қызметтің мөлшері
    Ақша айналымының жылдамдығы
    Ақшаның қажеттілігі

    33. Тарихта монометализмнің мыс металлына бағаланған түрі қай елде жүргізілген:

    Қытайда
    Ресейде
    Ежелгі Римде
    Англияда
    Испанияда

    34. Ақшаның номиналистік теориясына сәйкес: «ақша дегеніміз – ұл...»:

    Бағалылығын мемлекет бекітетін шартты белгі
    Құны табиғатпен сипатталатын алтын мен күміс
    Ұлттық валюталық қатынастар
    Тауар айналымына қажетті санмен өлшенетін құралдар
    Қазіргі заманғы электрондық ақшалар

    35. Қызмет көрсету салаларында орын алатын бағаның түрі:

    Тарифтік бағалар мен прейскуранттық бағалар
    Прейскуранттық бағалар
    Бөлшек сауда бағасы
    Тарифтер
    Көтерме сауда бағасы

    36. Несиелік ақшаларға не жатпайды?

    Қолма-қол емес ақшалар
    Электронды ақшалар
    Пластикалық карточкалар
    Чектер
    Қолма-қол қағаз ақшалар

    37. Натуралды қоғамдық шаруашылықта мынадай сатылар орын алуы тиіс, яғни:

    Өндіру-бөлу-айырбастау-тұтыну
    Өндіру-бөлу-тұтыну
    Өндіру-айырбастау-тұтыну
    Өндіру-бөлу-айырбастау
    Тұтыну-өндіру

    38. Тауарлы қоғамдық шаруашылықтың сатылары мынадай болуы тиіс, яғни:

    Өндіру-бөлу-айырбастау-тұтыну
    Тұтыну-айырбастау-бөлу-өндіру
    Құн-баға-бөлшек баға-көтерме баға
    Қажеттілік-ресурс-технология-өнім
    Өзіндік құн-үстеме құн

    39. Ақшаның жинақтау құралы ретіндегі қызметі қай уақытта орындалады?

    Ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарларды (көлік, теледидар, станок) сатып алу кезінде
    Қысқа мерзімде пайдаланатын тауарлармен айырбас жүргізу кезінде
    Салықтарды төлеу кезінде
    Дамыған елдердегі тұрақты валютаның түрін сипаттауда
    Несиелік және электрондық ақшалардың айналымда азаюы кезінде

    40. Өзіндік құн дегеніміз – бұл:

    Жаңадан жасалған үстеме құн
    Өнім өндірудегі кәсіпорын шығынының ақшалай көрінісі
    Абстракциялық еңбек шығыны
    Тірі еңбек шығыны
    Жеке еңбек шығыны



Тексеру Жауаптарды жою Кілт