5-тақырып

    1. Өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін келістіріп отыратын құдырет не?

    Экономика
    Қор биржасы
    Баға
    Ақша
    Банк

    2. Тауардың баламалық құны былай өлшенеді:

    Берілген тауарды өндіру үшін кеткен ресурстар шығындарымен
    Баға индексімен
    Берілген тауарды өндіру үшін кеткен ақша саныменен
    Берілген тауарды өндіру үшін басқа тауар өндіруден бас тарту арқылы
    Үнемделген ресурстар көмегімен

    3. Нарықтың негізгі артықшылықтары қандай?

    Қажетті мөлшерде және жоғары сапамен түрлі талаптарды қанағаттандыру қабілеттілігі
    Бағаны төмендету мақсатында бәсекені дамыту
    Өзгеретін жағдайға икемділік пен бейімделу
    Ресурстарды тиімді орналастыру
    Аталғандардың барлығы дұрыс

    4. Өзіндік құн дегеніміз – бұл:

    Өткен еңбек шығыны
    Өнім өндірудегі кәсіпорын шығынының ақшалай көрінісі
    Жаңа құн
    Тірі еңбек шығыны
    Қоғамдық еңбек шығыны

    5. Тұтынушылар өз қаржысын алдымен қай нapықтa жұмcaйды?

    Еңбек
    Жер
    Капитал
    Тауарлар мен қызметтер
    Ақпарат

    6. Нарықтың негізгі кемшіліктерін атаңыз:

    Қоғамдық проблемаларды шешпейді
    Қоғамның бай және кедей топтарына бөлінуінің күшеюі
    Іргелі зерттеулерді қамтамасыз етпейді
    Бағаның тұрақтылығы мен табыстың алынуына кепілдік бермейді
    Аталғандардың барлығы дұрыс

    7. Төмендегiлердiң қайсысы нарықтың қызметiне жатпайды:

    Ақпараттық
    Баға белгiлеушiлiк
    Сынаушылық
    Сауықтыру
    Реттеуші

    8. Инфрақұрылым дегеніміз не?

    Өндірістің қалыпты жұмыс істеуі үшін халыққа және фирмаларға қызмет көрсететін шаруашылық ұйымдар мен коммерциялық емес мекемелер жүйесі
    Экономикалық, құқықтық, моральдық, және басқа да аспекті­лері бар экономикалық субъектілердің өзара күресі немесе бақталастығы
    Негізінде сұраныс пен ұсыныс механизмі жататын өзін-өзі реттеуші жүйе
    Игіліктермен, қызметтермен, өндіріс факторларымен жұмыс істейтін заңды және физикалық тұлғалардың құрылған жүйесі
    Жарнама және тауардың сапасы арқылы жүргізілетін бәсекенің бір түрі

    9. А. Смит «көрінбейтін қол» деп нені түсінген:

    Еркін бәсекені
    Мемлекеттік реттеуді
    Салық салудың принциптерін
    Ақшаларды және олардың айналу шапшаңдығын
    Адамдардың сана-сезімі мен ойлау қабілеттіліктерін

    10. Нарықтық экономика теориясының негiзiн калаушы кiм?

    Аристотель
    Томас Ман
    Роберт Оуэн
    Адам Смит
    Карл Маркс

    11. Нарық дегеніміз - бұл:

    Тауарлар сататын жер
    Кәсіпорын тауарларын өткізуге қажетті экономикалық жүйе
    Кәсіпкерлікке молырақ пайда беретін сауда орны
    Кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарын ақша мен тауар арқылы кездестіретін экономикалық жүйе
    Өнім өндіретін және тауарлар сататын жер

    12. Субститут-тауарлар дегеніміз қандай тауарлар?

    Бірін-бірі ауыстыратын тауарлар
    Бірін-бірі толықтыратын тауарлар
    Бағалары бірдей тауарлар
    Бірінші қажеттілікті тауарлар
    Шетелде өндірілген тауарлар

    13. Нарықтық экономиканың кемшілігі:

    Тиімді емес өндірілістің ығыстырылуы
    Жоғары тиімділікті ынталандыру
    Табысты еңбекке қарай шынайы бөлуі
    Табиғатқа немесе экологиялық мәселелер бойынша шығындарды ескермеу
    Айырбас жылдамдығы

    14. Фирмалар мен салалар санының қысқаруы ұсыныс көлеміне қалай әсер етеді?

    Ұсыныс көлемі жоғарылайды
    Ұсыныс көлемі төмендейді
    Ұсыныс көлемі өзгермейді
    Сұраныс төмендейді
    Сұраныс өседі

    15. Нарықтың негізгі үш элементі:

    Баға, сұраныс және ұсыныс
    Баға, сапа және бәсеке
    Сапа пайдалылық, қажеттілігі
    Сапа, саны, баға
    Сапа, ұсыныс және сұраныс

    16. Төлем қабілеттілігі бар қажеттілік:

    Сұраныс
    Ұсыныс
    Баға
    Тепе-теңдік баға
    Тауар

    17. Тауар ұсынысының заңы – бұл:

    Инфляциялық күтімдер
    Баға мен ұсыныс көлемі арасындағы тікелей байланыстылық
    Заттың пайдалылығы
    Нарыққа ұсынылған тауарлар мен қызметтердің көлемі
    Тұтынушылардың ақша табу заңы

    18. Мына ұғымдардың қайсысы икемсiз сұранысты сипаттамайды?

    Сұраныс көлемi өзгерiсiнің бағаның өзгерiсiнен төмен болуы
    Уақыттың өте қысқа болуы
    Бұл тауар тұтынушы үшiн басты қажеттiлiк болып табылады
    Сол тауар үшiн сатып алушылар табысының басым бөлiгiнің жұмсалуы
    Нарықта алмастырушы тауарлар санының көп болуы

    19. Абсолютті икемсіз сұраныс қисығының графикалық түрі қандай болады?

    Көлденең сызық түрінде
    Тік сызық түрінде
    Теріс көлбеулі қисық түрінде
    Оң көлбеулі сызық түрінде
    Теріс көлбеулі сызық түрінде

    20. Сұраныс заңының мәні неде?

    Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны түсіреді
    Тұтынушылардың табысы артқан сайын тауарды көбірек сатып алады
    Сұраныс қисығы оң бағытталады
    Тауар бағасы арзандағанда, сатып алу көлемі артады
    Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны өзгертеді

    21. Егер тауарға деген сұраныс оның ұсынысынан көп болса, онда нарықта:

    Бюджет тапшылығы орын алады
    Тауар өндірісі белгілі бір уақытқа дейін тоқтатылады
    Тауар артықшылығы орын алады
    Тауар тапшылығы орын алады
    Инфляциялық құбылыс байқалады

    22. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі дегеніміз – бұл...:

    Сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің табыстың пайыздық өзгерісіне қатынасы
    Ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасы
    Сұраныс көлемінің бағаның өзгеруіне орай реакциялық дәрежесі
    Ұсыныс көлемінің бағаның өзгеруіне байланысты реакциялық дәрежесі
    Сұраныс табыс бойынша икемділікке ие болмайды

    23. Егер тауарға сұраныс пен ұсыныс қатар өссе, онда:

    Тауардың жалпы саны көбейеді
    Баға өседі
    Баға тұрақты болып қалады
    Қоғамның әл ауқаты жақсарады
    Баға деңгейі төмендейді

    24. Шеңберлі айналым үлгісіне сәйкес:

    Үй шаруашылықтары ресурстар нарығында сатушы болады, ал тауарлар нарығында сатып алушы болады
    Үй шаруашылықтары әрдайым тауарды ақшаға айырбастайды
    Кәсіпкерлер әрдайым тауарды ақшаға айырбастайды
    Кәсіпкерлер тауар нарығында сатып алушы және ресурстар нарығында сатушы болады
    Үй шаруашылықтары тауарды ешқашан ақшаға айырбастамайды

    25. Мыналардың қайсысы сұраныстың бағалық емес факторларына жатпайды?

    Тұтынушылардың қалауы мен талғамы
    Сән
    Табыс мөлшері
    Шикізат бағалары
    Нарықтағы сатып алушылар саны

    26. Егер бағаның 10 пайызға төмендеуі ұсыныс көлемінің 10 пайызға төмендеуіне әкелсе онда ұсыныс:

    Абсолютті икемді
    Абсолютті икемсіз
    Бірлік икемді
    Икемсіз
    Икемді

    27. Сұранысқа әсер етпейтін фактор:

    Тұтынушы табысы
    Салық деңгейі
    Балама тауардың бағасы
    Бағаның өзгерісі
    Мезгіл

    28. Баға мен ұсыныс көлемі арасындағы пайыздық өзгеріс не деп аталады:

    Ұсыныс икемділігі
    Сұраныс икемділігі
    Ұсыныс заңы
    Икемсіз сұраныс
    Бірлік икемділік

    29. Сұраныс заңының түсініктемесі:

    Егер тауардың бағасы түссе, онда біздің сатып алуымыз арта түседі
    Көптеген тауарлар уақыт өте өз орнын жаңа және қызығушылығы мол тауарларға береді
    Шектеу заңы қажеттілік көлеміне қарамастан кей тауарлардың тұтыну шегін белгілейді
    Көп жағдайда төмен бағалы тауар нарыққа осы тауарды жаңа сатып алушыларды әкелмейді
    Нақты тауарды өндіруші шекті деңгейде төмен бағалы тауарын бірнеше данадан ұсынбайды

    30. Мемлекет тепе-теңдік бағадан жоғары деңгейде Х тауары бағасының шегін белгіледі. Осының салдарынан:

    Осы тауардың тапшылығы орын алады
    Осы тауардың артықшылығы орын алады
    Тепе-теңдік баға осы деңгейге дейін көтеріледі
    Осы тауардың ұсынысы төмендейді
    Тауардың көлемі бәрібір өзгермейді

    31. Сұраныс пен ұсыныс бағаның реттеушілік рөлін сипаттау үшін қандай нарықтарда қолданылады?

    Тауарлар мен қызметтер нарығында
    Валюта нарығында
    Бағалы қағаздар нарығында
    Ресурстар нарығында
    Кез келген нарықтарда

    32. Ауа-райының қолайлылығына байланысты жүгері өнімін өсірудің артуы нені арттырады?

    Жүгері бағасын
    Жүгеріге тұтынушы талғамын
    Ұсынысты
    Сұранысты
    Шығынды

    33. Баға мен сұраныс көлемі арасындағы пайыздық өзгерістер не деп аталады?

    Сұраныс икемділігі
    Ұсыныс.икемділігі
    Икемділік
    Икемді сұраныс
    Икемсіз сұраныс

    34. Екі тауардың қиылысқан икемділігі нөлге тең. Бұл қандай тауарлар болуы мүмкін:

    Компьютер мен сөмке
    Үстел мен орындық
    Сыра мен шырын
    Ет пен сыр
    Ұялы телефонмен оның батареясы

    35. Икемсіз ұсыныстың мәні, әдетте:

    0-ден кіші
    0-ге тең
    1-ге тең
    1-ден үлкен
    1-ден кіші

    36. Сұраныс қисығының сипаты қандай?

    Оң көлбеулі
    Теріс көлбеулі
    Координат басынан дөңес
    Үшбұрышты
    Көпбұрышты

    37. Икемді сұраныс қисығы қандай болып келеді?

    Көлденең
    Аса тіктеу
    Аса жатыңқы
    Оң бағытты
    Тік сызықты

    38. Сұраныс, ұсыныс және баға – бұлар...:

    Нарықтың негізгі үш элементі болып табылады
    Нарықтың негізгі үш принципі болып табылады
    Нарықтың негізгі үш қызметі болып табылады
    Нарықтың негізгі категориялары болып табылады
    Нарықтың тепе-теңдікті сипаттайды



Тексеру Жауаптарды жою Кілт