6-тақырып

    1. Таза бәсеке – бұл:

    Баға арқылы жүргізілетін бәсеке
    Көптеген сатып алушылар мен сатушылардың бәсекелестігі
    Даулы мәселелер бойынша келісім
    Кәсіпорындар арасындағы бәсеке
    Жалғыз сатып алушының сауда жүргізуі

    2. Мына көрсетілген салалардың қайсысында монополиялық әрекеттер тиімді түрде жүзеге асырылуы мүмкін?

    Жеңіл өнеркәсіпте
    Тамақ өнеркәсібінде
    Жылумен қамтамасыз ету орталықтарында
    Жиһаз дайындау цехтарында
    Көтерме сауда нүктелерінде

    3. Нарықтық ортада монополиялық билік болу үшін:

    Жеке өндіруші нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал ете алуы керек
    Жеке өндіруші нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал ете алмайды
    Жеке өндіруші өнім көлемін қысқартуы қажет
    Жеке өндіруші өнім көлемін өсіруі қажет
    Өндірушілер арасында бәсекелестк болмауы қажет

    4. Олигополиялық бәсеке жағдайында:

    Бірнеше ірі фирмалар жұмыс істейді
    Бірнеше сатып алушылар жұмыс істейді
    Көптеген сатушылар нарықта орын алады
    Әділетсіз бәсекенің формасы көп кездеседі
    Тек бағалық емес бәсеке орын алады

    5. Біртекті немесе әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін бірнеше ірі өндірушілері бар нарықтық модель қалай аталады?

    Олигопсония
    Олигополия
    Монополистік бәсеке
    Монопсония
    Монополистік олигополия

    6. Монополияның әрекеттері лицензиялаумен байланысты, өйткені:

    Нарықта ерекше өнім өндіріледі
    Әртүрлі өнімдер өндіріледі
    Біртекті тауарлар өндіріледі
    Фирмаға қажетті өнімдер шығарылады
    Адамға қауіпті өнімдер өндіріледі

    7. Монополистік бәсеке нарығында фирма немен сипатталады:

    Әр түрлі өнім шығарады
    Бірнеше фирма қатысады
    Нарыққа еркін кіріп шыға алмайды
    Нарық туралы толық мәлімет болмайды
    Жалғыз сатушының болуы

    8. Монополия жағдайында салаға кіру:

    Тосқауылдармен шектелген
    Қиындатылған
    Еркін
    Ашық
    Кез келген фирмаға мүмкін

    9. Монополист дегеніміз кім?

    Жалғыз ғана сатып алушы
    Биржаларда келісім жасаушы тұлға
    Ұйымның басшысы
    Жалғыз ғана сатушы
    Банккке ақша салушы адам

    10. Дуополиялық бәсеке қандай белгімен анықталады?

    Өнімді жалғыз фирманың өндіруі
    Нарықта көптеген сатушылардың жұмыс істеуі
    Нарықта өнімнің белгілі бір түрін екі кәсіпорынның өндіруі
    Өнімнің белгілі бір түрін бірнеше фирмалардың өндіруі
    Нақты екі ғана ірі сатып алушының үстемдік жүргізуі

    11. Сұраныс пен ұсыныс бағаның реттеушілік рөлін сипаттау үшін қандай нарықтарда қолданылады?

    Тауарлар мен қызметтер нарығында
    Валюта нарығында
    Бағалы қағаздар нарығында
    Ресурстар нарығында
    Кез келген нарықтарда

    12. Монополистік бәсеке нарығында фирма:

    Стандартты және сараланған тауарлар шығырады
    Сапалы тауарлар шығарады
    Ерекше тауарлар шығарады
    Әртүрлі тауарлар өндіреді
    Біртекті тауарлар өндіреді

    13. Біртектес тауарларды әртүрлі тұтынушыларға әртүрлі бағамен сатуды не деп атаймыз?

    Ғылыми-техникалық қақтығысу
    Бағалық дискриминация
    Бағалық емес дискриминация
    Өндірістік қақтығысу
    Бәсекелік дискриминация

    14. Мына көрсетілген салалардың қайсысында монополиялық әрекеттер тиімді түрде жүзеге асырылуы мүмкін?

    Бөлшек сауда
    Бөлмені жинастыру
    Су құбырларының желілері
    Аяқ киім шығару
    Сыртқы киімдер шығару

    15. Жетілген бәсекелі фирманың өніміне деген сұраныс қисығының пішіні қандай болып келеді?

    Оң көлбеулі болып келеді
    Тік сызық формасында
    Көлденең түрде
    Теріс көлбеулі болып келеді
    Бастапқыда көлденең түрінде болады да, содан кейін тік сызық формасына айналады

    16. Әртүрлі тауар өндіретін фирмалардың саны көп нарықтық құрылым:

    Монополия
    Монополистік бәсеке
    Олигополия
    Таза бәсеке
    Монопсония

    17. Бағалық емес бәсекені жүргізудің түрлері қандай?

    Жарнама
    Жәрмеңкелер ұйымдастыру
    Тауардың сапасын жақсарту
    Сатудан кейінгі қызмет көрсету деңгейі
    Осы аталғандардың барлығы

    18. Мына факторлардың қайсысы монополияның қалыптасып жұмыс істеуіне әсер етпейді?

    Авторлық құқықтар
    Патенттер
    Лицензиялар
    Жақын алмастырушылары бар тауарларды өндіру және сату
    Ресурстар мен шикізаттарға деген толық бақылау

    19. Жетілген бәсекелі нарыққа сәйкес келмейтiн шартты таңдаңыз:

    Тауар мен қызметтi жалғыз өндiрушiнiң болуы
    Кез келген шаруашылық, нарықтың қызметiне деген еркiндiктің болуы
    Нарықтың ақпаратпен толық қамтамасыз етiлуi
    Еркiн баға белгiлеудің болмауы
    Сатып алушылар санының көп болуы

    20. Белгілі бір өнімді бір ғана фирма сатып алатын экономикалық жағдай қалай аталады?

    Монопсония
    Олигополия
    Монополия
    Дуополия
    Олигопсония

    21. Монополистік бәсеке нарығында:

    Жекелеген тұтынушы өнімнің бағасына әсер ете алады
    Тауарлар дизайны және сатылу шарттары бойынша ерекшеленеді
    Бір сатушының әрекеті басқа сатушылардың әрекеттеріне әсер етпейді
    Жарнаманың рөлі мүлдем болмайды
    Бір-біріне алмастырылмайтын тауарлар өндіріледі

    22. А. Смит «көрінбейтін қол» деп нені түсінген:

    Салық салудың жеңілдіктерін
    Мемлекеттік реттеуді
    Еркін бәсекелестікті
    Адамдардың сана-сезімі мен ойлау қабілеттіліктері;
    Ақшаларды және олардың айналу шапшаңдығын

    23. Белгілі бір өнімді бір ғана фирма сатып алатын экономикалық жағдай қалай аталады?

    Олигопсония
    Дуополия
    Монополия
    Монопсония
    Олигополия

    24. Монополияға қарсы пайда болған алғашқы заң:

    Чемберлин заңы
    Целлер-Кефорер заңы
    Клейтон заңы
    Шерман заңы
    Робинсон-Пэтмен заңы

    25. Пайданы барынша көбейту мәселесі қалай шешіледі?

    Өнім көлемі MR=MC болғанда, пайда барынша көбейеді
    Өнім көлемі MR=AR болғанда, пайда барынша көбейеді
    Өнім көлемі MR=P болғанда, пайда барынша көбейеді
    Өнім көлемі P=MC болғанда, пайда барынша көбейеді
    Өнім көлемі MR=MC+P болғанда, пайда барынша көбейеді

    26. Монополияның әрекеттері лицензиялаумен байланысты, өйткені:

    Әртүрлі өнімдер өндіріледі
    Нарықта жақын алмастырушысы жоқ ерекше өнімдер өндіріледі
    Біртекті тауарлар өндіріледі
    Фирмаға қажетті өнімдер шығарылады
    Адамға қауіпті өнімдер өндіріледі

    27. Монополия жағдайында салаға кіру:

    Тосқауылдармен шектелген
    Еркін
    Ашық
    Кез келген фирмаға мүмкін
    Жеңілдетілген

    28. Экономикадағы заңдылықты сақтаудың ескерілуімен байланысты нарықтар былай бөлінеді:

    Бөлшек сауда және көтерме сауда нарықтары
    Ақша, капитал және несие нарықтары
    Жұмыс күші, өндіріс құралдары, құнды қағаздар нарықтары
    Аймақ ішілік, аймақ аралық, ұлттық және халықаралық нарықтар
    Ашық және ашық емес «көлеңкелі» нарықтар

    29. Нарықтық экономикаға деген классикалық және неоклассикалық көзқарас:

    Нарықтық экономика мемлекеттік реттеуді қажет етпейді, ол өзін өзі қалыптастырушы жүйе
    Ол жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты реттеуді талап етпейді
    Бұл – еңбекті қоғамдық тұрғыдан бөлуге негізделген жүйе
    Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуге негізделген және өзін өзі реттемейтін жүйе
    Бұл – қоғамдық капиталды қайта өндіру негізі

    30. Нарықтық инфрақұрылымның элементтеріне не жатады:

    Тауар мен қызметтер өндірісі және оларды тұтыну, т.б.
    Сауда үйлері, жәрмеңкелер, банктер, делдалдық құрылымдар, т.б.
    Транскциондық шығындарды үнемдеумен байланысты элементтер
    Материалдық-техникалық жабдықтау, салалық элементтер, т.б.
    Халыққа білім беру, спорт, мәдениет пен өнер, денсаулық сақтау, т.б.

    31. Егер нарықта жұмыс істейтін фирма ұзақ мерзімді кезеңде экономикалық пайда ала алмаса, онда ол нарықтық құрылым­ды не деп атайды:

    Монополия
    Монопсония
    Екі жақты монополия
    Жетілген бәсеке
    Олигополия

    32. АҚШ-тың көптеген университеттерінде білім алудың төлемақысы шетелдік студенттер үшін жергілікті студенттерге қарағанда жоғары болып табылады. Осы жағдайды ненің мысалы деп түсінуге болады:

    АҚШ-тың білім беру мекемелерінде монополиялық жағдайдың қалыптасуы
    Үкіметтің жоғары білім саласына бақылаудың болмауы
    АҚШ-тың білім беру мекемелерінде бағалық дискриминацияның қалыптасуы
    Үкіметтің жоғары білім саласына шектен тыс араласуы
    АҚШ-та орта және жоғары білім беру салалары арасында ресурстардың тиімді бөлінбеуі

    33. Төмендегілердің қайсысы монополияға алып келмейді:

    Лицензиялар
    Авторлық құқықтар
    Патенттер
    Жақын алмастырушысы жоқ ерекше тауарға бақылау жасау
    Жақын алмастырушылары көп тауарларды өндіру және өткізу

    34. Мына нарықтардың қайсысы жетілген бәсекенің мысалына жақын бола алады:

    Бидай нарығы
    Жеңіл автокөліктер нарығы
    Оқытушылар қызметінің нарығы
    Шикі мұнай нарығы
    Есірткі нарығы

    35. Табиғи монополияның мысалы:

    «Ақиқат» журналы
    Байқоңыр космодромы
    ОПЕК ұйымы
    «Арсенал» кинотеатры
    «Ливерпуль» футбол клубы

    36. Монополияға қарсы заңдар алғаш рет қай елде және қай жылы қабылданды?

    АҚШ-та 1890 жылы
    Ұлыбританияда 1890 жылы
    Ресейде 1992 жылы
    Қазақстанда 1999 жылы
    Германияда 1891 жылы

    37. Жетілген бәсеке мен монополистік бәсеке нарықтарының ортақ белгілері қандай?

    Ерекшеленген тауарлардың шығарылуы
    Сатушылар мен сатып алушылар санының көп болуы
    Стандартты тауарлардың шығарылуы
    Сатушылар мен сатып алушылар санының көп болмауы
    Әрбір жеке фирманың нарықтағы тәртібі бәсекелестердің шешіміне тәуелді болады

    38. Лернер индексі жетілген бәсеке жағдайында қандай мәнге ие болады?

    -1-ге тең
    0-ге тең
    1-ге тең
    0 мен 1-дің арасында болады
    1-ге жақын болады

    39. Егер нарықта жалғыз ғана фирма билікке ие болса, онда Лернер индексі қандай мәнге ие болады?

    1-тең
    0-ге тең
    1-ге жақын
    оны анықтау қиын
    100-ге тең

    40. Егер нарықта жалғыз ғана сатып алушы жұмыс істесе, онда бұл жағдайды не деп атайды?

    Монополия
    Олигополия
    Монопсония
    Екі жақты монополия
    Олигопсония



Тексеру Жауаптарды жою Кілт