7-тақырып

    1. Фирманың толық анықтамасы:

    Фирма – бұл нарыққа бір немесе бірнеше тауарлар мен қызметтер ұсыну арқылы оның меншік иелеріне пайда әкелу мақсатында мекеменің біртұтас басқаруындағы ұйым
    Фирма – бұл қызметінің барлық жақтарын қамтамасыз ететін келісімдерді жасау үшін барлық құқықтарға ие болатын ұжымдық сипаттағы шаруашылық бірлік
    Фирма – бұл тауарлар мен қызметтерді әрі қарай сату мақсатында оны өндіру бойынша өндірістік үдерістерді жүзеге асыратын ұйымдық экономикалық қызмет
    Фирма – бұл нарыққа жаңа тауар шығарумен айналысатын ұйым
    Фирма – бұл кешенді маркетинг арқылы нарықта тауарлар мен қызметтерді өткізумен айналысатын ұйым

    2. Бизнесті ұйымдастырудың негізгі формаларын көрсетіңіз:

    Нарық, өндіріс
    Фабрика, зауыт, кәсіпорын
    Жеке кәсіпкерлік, серіктестік, корпорация
    Бәсекелестік, биржа
    Монополия және монопсония

    3. Пайда табу мақсатында өзінің жауапкершілігіне және тәуекелділігіне жұмыс істейтін нарық қатынастарының өзіндік субъектісі деп кімді айтады?

    Кредиторды
    Делдалшыны
    Менеджерді
    Кәсіпкерді
    Жалданған жұмысшыны

    4. Мыналардың қайсысы негізгі капиталдың құрамына кіреді?

    Машиналар мен құрал-жабдықтар
    Дайын өнім
    Жалақы
    Жанар-жағар май
    Шикізаттар мен материалдар

    5. Негізгі капиталдың моральдік тозуы немен анықталады?

    Машиналар мен жабдықтардың қолданылу ұзақтылығымен
    ҒТП-нің жоғарғы қарқынымен
    Атмосфералық жағдайлардың әсер етуімен
    Өндірістік технологияның ерекшеліктерімен
    Материалдардың өзінде орын алатын ішкі үдерістермен

    6. Қандай капиталға негізгі және айналмалы болып бөліну қасиеті тән?

    Ақшалай
    Тауарлық
    Өндірістік
    Өндірістік емес
    Тұрақты

    7. Кәсіпкерліктің табысты түрде жүзеге асырылуына әсер ететін факторлар:

    Мемлекеттік заңдылықтарды сақтау
    Кәсіпкердің жауапкершілігі мен белсенділігі
    Қажетті бастапқы капиталдың болуы
    Кәсіпкердің тәуекелге бара алу қабілеті мен мүмкіндігі
    Осы аталған факторлардың барлығы әсер етеді

    8. Акционерлік қоғамның бас органы не деп аталады?

    Директорлар кеңесi
    Өкiлеттiлер жиналысы
    Акционерлердiң жалпы жиналысы
    Айрықша акция ұстаушылардың жиналысы
    Қарапайым акция ұстаушылардың кеңесi

    9.Фирма қызметінің негізгі элементтеріне не жатпайды?

    Басқарушылық қызметі
    Маркетингтік қызметі
    Сыртқы әсерлерді реттеу әрекеттері
    Бағаларды реттеу
    Пайда табу

    10. Р. Кантильон экономикалық ғылымға қандай жаңалық енгізген?

    «Экономикалық игіліктер» терминін алғаш қолданған
    «Кәсіпкерлік» терминін алғаш ұсынған
    «Бизнес» деген ұғымды енгізген
    Оның экономикалық ғылымға ешкандай қатысы болмаған
    Кәсіпкерліктің түрлерін дамытқан

    11. Ең кең тараған кәсіпкерліктің түрі қандай?

    Жеке кәсіпкерлік
    Корпорациялар
    Синдикаттар
    Картель
    Консорциум

    12. Ескірген құралдарды аудару – бұл:

    Таза инвестиция
    Шетелдік таза инвестиция
    Амортизация
    Қолдануға болмайтын қорлар
    Тұтынушыларды қанағаттандыру заттары

    13. Мыналардың қайсысы айналмалы капиталдың құрамына кіреді?

    Материал, шикізат
    Энергия және ұсақ саймандар
    Жалақы
    Қоспа заттар
    Аталғандардың барлығы жатады

    14. Негізгі капитал дегеніміз – бұл:

    Тозу өлшемі бойынша өндірілген өнімге өзінің құнын бөлшектеп көшіретін өндіріс үдерісінде толық қатысатын өндіріс капиталының бөлігі
    Өндіріс үдерісінде құны өзгермейтін капитал
    Дайын тауарға құнын көшіретін және берілген өндіріс циклінде толық тұтынылатын капитал
    Табиғи нысаны толық өзгеретін капитал
    Өндіріс үдерісінде пайдаланылмайтын капитал

    15. Қазақстанда шағын бизнесті дамыту үшін не қажет?

    Жеңілдетілген несиелер
    Жеңілдетілген салық салу
    Құқықтық жағынан қорғалуы
    Қолдау ұйымдарын қалыптастыру
    Аталғандардың барлығы дұрыс

    16. Заңдылыққа сәйкес кәсіпкерліктің қандай түрі мемлекеттік тіркеуді қажет етпейді?

    Жеке шаруашылық
    Жеке кәсіпкерлік
    Шаруашылық серіктестік
    Ашық акционерлік қоғам
    Жабық акционерлік қоғам

    17. Кәсіпкерлік терминін алғаш рет экономикалық ғылымға кім енгізді?

    А. Пезенти
    Р. Кантильон
    Й. Шумпетер
    Ксенофонт
    К. Маркс

    18. Венчурлік фирмалар – бұл қандай фирмалар?

    Мемлекет қарамағындағы білім саласындағы кәсіпорындар
    Капиталды қолдану негізінде жаңа өнім өндірумен айналысатын мекемелер
    Тәуекелге баратын, жаңа технологияны пайдалануға маманданған коммерциялық ғылыми ұйымдар
    Фьючерстік келісімдермен жұмыс істейтін фирмалар
    Монополоистік бірлестіктерге кірмеген фирмалар

    19. Мыналардың қайсысы негізгі капиталға жатады:

    Ғимараттар мен құрылыстар
    Шикізат
    Еңбекақы
    Бағалы қағаздар
    Дайын өнім

    20. Бизнесті қоршаған ортаның негізгі элементтеріне жататындар:

    Тұтынушылар мен бәсекелестер
    Бұқаралық ақпарат құралдары
    Қоғамдар мен тұтынушылық ассоциациялар
    Жергілікті басқару органдары
    Технологиялық даму жетістіктері

    21. Айналмалы капитал дегеніміз – бұл:

    Дайын тауарға өзінің құнын бірден көшіретін және берілген өндіріс циклінде толық тұтынылатын капитал
    Өндіріс үдерісінде құны өзгермейтін капитал
    Өндірілген өнімге өзінің құнын біртіндеп беретін өндіріс капиталының бөлігі
    Табиғи формасы толық өзгермейтін капиталдың бір бөлігі
    Өндіріс үдерісінде жиі қолданылмайтын капитал

    22. Ірі бизнестің кемшілігі қандай?

    Капиталды тартудың шексіз мүмкіндігі
    Өндіріс ауқымының тиімділігі
    Қаржыландырудың жұмылдырылуы
    Басқарудағы бюрократиялық әрекеттердің орын алуы
    Арзан өнімдерді өндіру

    23. Шешім қабылдау жауапкершілігі кімге артылады?

    Кәсіпкерге
    Бухгалтерге
    Мемлекетке
    Салық инспекциясына
    Қоғамдық ұйымдарға

    24. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл:

    Меншік дегенді білдіреді
    Тәуекелділікпен байланысты іс-әрекеттер
    Өндіріс факторларын өзара жұмылдыратын, жаңашылдық пен тәуекелділікті қажет ететін қызмет түрі
    Болжамсыз қызмет
    Кез келген бизнестің түрі

    25. Серіктестіктер қалай құрылады?

    Өндірістің көлемін бір кәсіпорынның шеңберінде шоғырландыру арқылы
    Кәсіпорынның иемдену және басқару шешімдері туралы екі немесе одан да көп адамдар өзара келіскенде
    Бағалы қағаздарды шығарумен байланысты фирмалардың бірігуі жолымен
    Қаржылық қызметтерін ортақтастыру арқылы
    Жеке тұлғалар мен мемлекет арасындағы тұрақты байланыстар орнату арқылы

    26. Төмендегі қайсысы капитал формуласы болып табылады?

    Т-А-Т
    А-Т-А’
    А-А
    Т-Т
    А-Т

    27. Тәуекелге барып жаңа технологияны пайдалануға маманданған ғылыми-зерттеу ұйымдары – бұл:

    Франчайзингтік шағын фирмалар
    Венчурлік фирмалар
    Новаторлар
    Инновациялық кәсіпорындар
    Консалгтингтік фирмалар

    28. Мыналардың қайсысы негізгі капиталға жатады:

    Бағалы қағаздар
    Еңбекақы
    Шикізаттар
    Станоктар
    Аралық өнімдер

    29. Негізгі капиталдың тозуына байланысты бөлінетін қаржылық қор:

    Таза инвестиция
    Амортизациялық қор
    Тұтынушы тауарларды сатып алу үшін қолдануға болатын қорлар
    Жеке тұтынуды қанағаттандыру үшін арналған қаржы
    Жалпы инвестиция

    30. Мыналардың ішінен қайсысын шағын бизнеске тән артықшылық деп санауға болмайды?

    Әрекеттерінің еркіндігі
    Тәуекелдің жоғары дәрежесі
    Нарықтағы өзгерістерге тез бейімделе білу
    Құрылудың және ұйымдасудың жеңіл болуы
    Өндіріс шығындарының төмен болуы

    31. Кәсіпкерліктің бизнестен айырмашылығы:

    Ол новаторлық іспен байланысты саналы қызмет
    Пайда табу жолындағы кез келген қызмет
    Ол тек микродеңгейде жұмыс істейді
    Оны жүзеге асыруда шығын көп болмайды
    Ол заңды тұлға болып табылмайды

    32. Инвестиция капиталдың қандай түрімен байланысты?

    Айнымалы капитал
    Негізгі капитал
    Тұрақты капитал
    Физикалық емес капитал
    Интеллектуалдық капитал

    33. «Батыл бес қадам» бағдарламасына сәйкес шағын және орта бизнесті қолдауға қанша қаражат бөлінді?

    480 млрд. теңге
    100 млн. теңге
    120 млрд. теңге
    1000000 теңге
    120 млн. теңге

    34. Шумпетер кәсіпкерлікті қалай сипаттайды:

    Кәсіпкер болу – ол басқаның істегенін жетілдіру
    Пайданы арттыру жолындағы қызмет
    Кәсіпкер болу – ол басқаның ісін істемеу
    Тәуекелділікпен байланысты іс-әрекет
    Шығындарды үнемдеумен айналысатын ұйым

    35. Мыналардың ішінен қайсысын шағын бизнеске тән артықшылық деп санауға болмайды?

    Өндіріс шығындарының төмен болуы
    Құрылудың және ұйымдасудың жеңіл болуы
    Нарықтағы өзгерістерге тез бейімделе білу
    Әрекеттерінің еркіндігі
    Тәуекелдің жоғарғы деңгейі

    36. Ірі бизнестің кемшілігі не болып табылады?

    Арзан өнімдерді өндіру
    Қаржыландырудың жұмылдырылуы
    Өндіріс ауқымының тиімділігі
    Капиталды тартудың шексіз мүмкіндігі
    Басқарудағы бюрократиялық әрекеттердің орын алуы

    37. Тәуекелге баратын, жаңа технологияны пайдалануға маманданған коммерциялық ғылыми ұйымдар қалай аталады?

    Франчайзинг
    Жеке кәсіпкерлік
    Венчурлік фирмалар
    Акционерлік қоғамдар
    Инновациялық фирмалар

    38. Мына аталған тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілмеген:

    Трансакциондық шығындар жетілген бәсеке нарығында да орын алады
    Трансакциондық шығындар теориясын неоинституционализм бағытының өкілдері дамытты
    «Трансакциондық шығындар» түсінігін американдық экономист Р. Коуз енгізді
    Трансакциондық шығындар жетілмеген бәсеке нарығында да орын алады
    Экономист Д. Норт трансакциондық шығындардың түрлерін бөліп көрсетті

    39. Бизнесті қоршаған ортаның негізгі элементтеріне жататындар:

    Тұтынушылар мен бәсекелестер
    Бұқаралық ақпарат құралдары
    Қоғамдар мен тұтынушылық ассоциациялар
    Жергілікті басқару органдары
    Технологиялық даму жетістіктері

    40. Белгілі бір мәмілеге мүдделі тараптарды біріктіретін кәсіпкерлік – бұл:

    Өндірістік кәсіпкерлік
    Делдалдық кәсіпкерлік
    Коммерциялық кәсіпкерлік
    Сақтандыру кәсіпкерлігі
    Кеңес беру кәсіпкерлігі



Тексеру Жауаптарды жою Кілт