8-тақырып

    1. Егер фирманың 20 дана өнім шығарудағы жалпы табысы 240 теңгеге тең болса, онда орташа табыс қаншаға тең:

    12
    120
    10
    220
    22

    2. Егер орташа өзгермелі шығындар 60, ал өнім көлемі 20 тең болса, онда өзгермелі шығындар қаншаға тең болады?

    520
    2500
    1200
    3
    20

    3. Егер орташа жалпы шығындар 50, ал өнім көлемі 2 тең болса, онда жалпы шығындар нешеге тең болады?

    25
    100
    50
    0,1
    2

    4. Өндірілген өнім көлеміне тәуелді шығындар:

    Тұрақты
    Өзгермелі
    Шекті
    Бухгалтерлік
    Трансакциондық

    5. Шекті табыс қалай есептеледі?

    ΔTR/ΔQ
    ΔQ/ΔTR
    TR/Q
    Q/TR
    Q×TR

    6. Егер түсім 40 мың теңгеге тең болып, ал шығындар 35 мың теңгені құрса, онда фирманың пайдасы қандай?

    5
    35
    40
    75
    0

    7. Фирманың түсімі қалай анықталады?

    R=P×Q
    R=P+Q
    R=Q-P
    R=P-Q
    R=Q/P

    8. Егер жалпы шығындар 1200-ге тең болса, ал нөлдік өндіріс көлеміндегі шығындар 400-ге тең болса, онда өзгермелі шығындар қаншаға тең:

    1600
    800
    3
    400
    777

    9. Фирма қысқа мерзімді кезеңде 500 бірлік өнім өндіреді. Орташа өзгермелі шығындар – 2 тг., орташа тұрақты шығындар – 0,5 тг, онда жалпы шығындар қаншаға тең:

    2,5 теңге
    1250 теңге
    750 теңге
    1100 теңге
    1850 теңге

    10. Бухгалтерлік шығындар:

    Экономикалық және айқын емес шығындардың айырмасына тең
    Айқын шығындарға тең
    Қолданылатын ресурстарға төленетін төлемдерге тең
    Әрқашанда экономикалық шығындардан кіші болып келеді
    Барлық жауаптар дұрыс

    11. Өнім көлемі жоғарылағанда орташа тұрақты шығындар:

    Максималды мәнге ие болады
    Өседі
    Қысқарады
    Тұрақты болады
    Минималды мәнге ие болады

    12. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс берілген:

    Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындардан үнемі кіші болып келеді
    Бухгалтерлік шығындарға айқын емес шығындар жатады
    Өзгермелі шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде пайда болады
    Орташа табыс жалпы табыстың өнім көлеміне қосындысы ретінде анықталады
    Тұрақты шығындар нөлдік өндіріс көлемі кезінде де орын алады

    13. Нан зауыты нан өндiруге 3 тг. орташа тұрақты шығындарын жұмсайды. Егер 100 нан өндiруге кеткен жалпы шығындар 900 тг. болса, онда орташа айнымалы шығындар қаншаға тең:

    5
    6
    7
    10
    17

    14. Тұрақты шығындар:

    Нөлдік өндіріс көлеміндегі шығындарға тең
    Өндіріс көлеміне қатысты емес шығындар
    Жалпы және өзгермелі шығындардың айырмасына тең
    Тек қысқа мерзімде ғана қарастырылатын шығындар
    Барлық жауаптар дұрыс

    15. Орташа жалпы шығындар дегеніміз өнімнің бір данасын өндіруге жұмсалатын:

    Тұрақты және өзгермелі шығындар
    Тұрақты шығындар
    Өзгермелі шығындар
    Шекті шығындар
    Орташа өзгермелі шығындар

    16. Шекті шығындар қай формуламен анықталады?

    MC=∆Q/TC
    MC=∆TC/∆Q
    MC=TC-FC
    MC=TC-Q
    MC=TC/Q

    17. Өзгермелі шығындар:

    Өндіріс көлемімен бірге өзгереді
    Жалпы және тұрақты шығындардың айырмасына тең
    Шикізатқа, материалдарға, жалақыға жұмсалатын шығындардан құралады
    Нөлдік өндіріс көлемі кезінде орын алмайды
    Барлық жауаптар дұрыс

    18. Егер фирма 12 дана өнімді 5 теңгеден сатса, ал келесі 10 дана өнімді 6 теңгеден сатса, онда оның жалпы табысы қаншаға тең болады:

    120
    100
    60
    33
    16

    19. Егер өнім көлемі 4-тен 5-ке өскенде, жалпы шығындар 27 теңгеден 33 теңгеге өссе, онда шекті шығындар қаншаға тең болады:

    27 теңгеге
    7 теңгеге
    33 теңгеге
    6 теңгеге
    -6 теңгеге

    20. Студент университетте оқып 200 теңге стипендия алады. Ол оқуын тастап коммерциялық агент болып жұмыс істеп 1000 теңге таба алады. Оның университетте білім алуының баламалық шығындарын анықтаңыз:

    200 тг
    1000 тг
    800 тг
    1200 тг
    1500 тг

    21. Орташа жалпы шағын (АТС), орташа тұрақты шығын (АFС) мен орташа айнымалы шығындардың (АVС) қатынастарының қайсысы дұрыс?

    АVС = АТС + АFС
    АТС = АVС + АFС
    АТС = АVС – АFС
    АТС = АVС / АFС
    АТС = АVС × АFС

    22. Тұрақты және өзгермелі шығындар фирма қызметінің қандай мерзімінде орын алады?

    Тек қысқа мерзімде
    Тек ұзақ мерзімде
    Олигополист фирманың ұзақ мерзімді қызметінде
    Монополист фирманың қысқа мерзімді қызметінде
    Жетілген бәсекелес фирманың қысқа және ұзақ мерзімді қызметінде

    23. Егер фирманың өндіріс көлемі – 1000 дана, тауардың бағасы – 80 теңге, тауардың әр бірлігіне кеткен орташа шығындар – 30 теңге болса, онда фирманың жалпы шығыны қаншаға тең?

    50 000 теңге
    30 000 теңге
    80 000 теңге
    10 000 теңге
    1 000 теңге

    24. Егер фирманың өндіріс көлемі – 1000 дана, тауардың бағасы – 80 теңге, тауардың әр бірлігіне кеткен орташа шығындар – 30 теңге болса, онда фирманың жалпы табысы қаншаға тең?

    80 000 теңге
    50 000 теңге
    15 000 теңге
    800 теңге
    30 000 теңге

    25. Егер фирманың 40 дана өнім шығарудағы жалпы табысы 560 теңгеге тең болса, онда орташа табыс қаншаға тең:

    15
    14
    600
    520
    6000

    26. Экономикалық шығындар нені сипаттайды:

    Фирма қызметінен тыс жерде қолданылған ресурстардың көлемiн
    Тауардың сапасын және басқа да қасиеттерін зерттеуге байланысты кететін шығындарды
    Айқын және айқын емес шығындардың қосындысын
    Бухгалтерлік және әлеуметтік шығындардың қосындысын
    Тұтынушының әлеуметтік шығындарын

    27. Баламалы шығындар ненiң құны болып табылады:

    Жанұяның минималды тұтыну бюджетiнiң
    Ақшаға шаққандағы тауарлар мен қызметтердiң
    Тұтынушының жасырын шығындарының
    Таңдаудағы қолдауға ие болмаған тиiмдi баламаның
    Таңдауға ие болған ең жақсы баламаның

    28. Шекті табыс қалай есептеледі?

    ΔQ/ΔTR
    ΔTR/ΔQ
    TR/Q
    Q/TR
    TR+Q

    29. Ұзақ мерзімді кезеңде:

    Барлық шығындар тұрақты
    Барлық шығындар өзгермелі
    Өзгермелі шығындар тұрақты шығындарға қарағанда тез өседі
    Тұрақты шығындар өзгермелі шығындарға қарағанда тез өседі
    Пайданың мәні үнемі теріс болады

    30. Фирманың пайдасы = табыс - ...:

    Баға
    Құн
    Шығын
    Айнымалы шығын
    Тұрақты шығын

    31. Өнімнің қосымша бірлігін сатудан түсетін қосымша табыс не деп аталады?

    Шекті шығын
    Шекті өнім
    Шекті табыс
    Шекті пайда
    Орташа табыс

    32. Фирма қысқа мерзімді кезеңде 1000 бірлік өнім өндіреді. Орташа өзгермелі шығындар – 5 тг., орташа тұрақты шығындар – 1 тг, онда жалпы шығындар қаншаға тең:

    6 теңге
    166,6 теңге
    1000 теңге
    6000 теңге
    5000 теңге

    33. Фирманың пайдасын мейлінше арттырудың басты шарты:

    MR=MC
    AR=AC
    MR=MC=P
    AR=AC=P
    TR=MR

    34. Меркантилизм бағыты пайданың қайнар көзін қандай саламен байланыстырады:

    Өнеркәсіппен
    Айналыс саласымен және сыртқы сауда-саттықпен
    Ауыл шаруашылығымен
    Мұнай және газ саласымен
    Көлеңкелі экономикамен

    35. Пайданың тек ауыл шаруашылығы саласында жасалатындығын қай мектеп айтты?

    Физиократтар
    Меркантилизм
    Классикалық саяси экономия
    Неоклассикалық теория
    Монетаризм

    36. Пайданың ынталандырушылық қызметі:

    Ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін өндірісте пайдалану
    Орындауға арналған бағдарламалар мен стратегияларды қаржыландыру
    Банкротқа ұшырау қаупін мейлінше төмендету
    Ақшалай қаражат қорларын құру
    Капиталдың оңтайлы құрылымын жасау

    37. Келісім-шарттар жасаумен және келіссөздер жүргізумен байланысты шығындар – бұл қандай шығындар?

    Жалпы шығындар
    Өзгермелі шығындар
    Тұрақты шығындар
    Трансакциондық шығындар
    Экономикалық шығындар

    38. Трансакциондық шығындардың түрлері:

    Ақпарат іздеу шығындары
    Шикізат, отын-материалдар шығындары
    Жал төлемдері шығындары
    салықтық төлемдер
    қайтарылмайтын шығындар

    39. Салыстырмалы шығындар тұжырымдамасын енгізген кім?

    Адам Смит
    Давид Рикардо
    Джон кейнс
    Уильям петти
    карл маркс

    40. Транксакциондық шығындар теориясын кім енгізді?

    Р. Коуз
    Д. Кейнс
    Д. Рикардо
    А. Смит
    К. Маркс



Тексеру Жауаптарды жою Кілт