9-тақырып

    1. Рентаның қандай түрі жердің сапасымен байланысты алынады?

    Абсолюттік рента
    1 Дифференциалдық рента
    2 Дифференциалдық рента
    1 және 2 дифференциалдық рента
    Рентаның барлық түрі

    2. Егер жылдық жер рентасы 600 долл., ал нарықтық пайыз мөлшерлемесі 20% болса, онда жердің бағасы қаншаға тең?

    3000 долл.
    120 долл.
    480 долл.
    12000 долл.
    1200 долл.

    3. Нақты еңбек ақы – бұл:

    Әрбір жұмысшының алатын ақшасы
    Есептелген еңбек ақы сомасы
    Инфляция шамасына реттелген номиналды еңбек ақы
    Негізгі және қосымша еңбегі бойынша еңбек ақы
    Еңбек ақыдан ұсталған ақша сомасы

    4. Ақшаларды, акциялар мен облигацияларды капитал факторына жатқызуға бола ма?

    Жоқ, жатқыза алмаймыз
    Иә, болады
    Тек акциялар мен облигацияларды жатқыза аламыз
    Тек акцияларды ғана жатқыза аламыз
    Тек облигацияларды жатқыза аламыз

    5. Нақты пайыз мөлшерлемесі қалай анықталады?

    Номиналды пайыз мөлшерлемесінен жылдық инфляция қарқынын алып тастау арқылы
    Номиналды пайыз мөлшерлемесін жылдық инфляция қарқынына қосу арқылы
    Номиналды пайыз мөлшерлемесінен инфляцияның орташа қарқынын шегеру арқылы
    Ағымдағы жылы қалыптасқан пайыз арқылы
    Өткен жылғы қалыптасқан орташа пайыз арқылы

    6. Мына тұжырымдамалардың қайсысы дұрыс берілген:

    Жер ұсынысының ерекшелігі оның абсолютті икемділігінде
    Дифференциалдық рента сапасы төмен жерлерден алынады
    Нақты пайыз мөлшерлемесі үнемі оң мәнді болып келеді
    Бағалар төмендеген кезде нақты жалақы өседі
    Бағалар өскенде нақты жалақы да өседі

    7. Жердің ұсынысы:

    Абсолютті икемсіз
    Абсолютті икемді
    Икемді
    Икемсіз
    Бірлік икемділікпен анықталады

    8. Жалақының деңгейі мен қарқынын қандай факторлар анықтайды?

    Тауарлар мен қызметтерге деген баға деңгейі
    Инфляция әсері
    Салық ауыртпашылығының күшеюі
    Елдегі жұмыссыздар саны
    Осы аталғандардың барлығы

    9. Жердің табиғи құнарлығына және сапасына байланысты алынатын рентаның түрі қандай?

    1-ші дифференциалдық рента
    2-ші дифференциалдық рента
    1-ші және 2-ші дифференциалдық рента
    Абсолюттік рента
    Экологиялық рента

    10. Өндіріс факторына деген туынды сұраныс:

    Сол фактордың көмегімен өндірілген өнімге деген сұраныс арқылы анықталады
    Басқа факторларға деген сұаныспен анықталады
    Сол фактордың өнімділігі арқылы анықталады
    Сол фактордың шекті өнімділігі арқылы анықталады
    Сол фактордың абсолютті өнімділігі арқылы анықталады

    11. Өнім өндіруге қажетті ресурстар бағасының төмендеуінен ұсыныс қисығы қалай жылжиды:

    Координат басына жақындайды
    Координат басынан алыстайды
    Оңға жылжиды
    Солға жылжиды
    Қисық абсцисса осімен қиылысады

    12. Егер сіз банктен екі жыл мерзімге 20%-бен 100 000 теңге несие алсаңыз, онда осы мерзім аяқталғаннан кейін банкке қанша мөлшерде ақша қайтарасыз?

    104 000 теңге
    120 000 теңге
    102 000 теңге
    200 000 теңге
    140 000 теңге

    13. Өндіріс факторларының нарықтары дегеніміз – бұл:

    Өндірісте қолдану үшін экономикалық ресурстарды мемлекет­тік бөлу саласы
    Айналыстағы соңғы өнімдер – тұтынушылық тауарлар мен қызметтер саласы
    Еңбек, жер, капитал сияқты ресурстардың тауарлық-ақшалай формадағы айналу сферасы
    Машиналар мен құрал-жабдықтарды сату-сатып алу
    Ақшалай нысандағы барлық экономикалық ресурстарды сату және сатып алумен байланысты қатынастар

    14. Жердің бағасы қалай анықталады?

    Рентаның пайыз мөлшерлемесіне көбейтіндісі арқылы
    Рента мөлшерін арендалық төлемге қосу арқылы
    Рента мөлшерінің пайыз мөлшерлемесіне қатынасы арқылы
    Рента мен арендалық төлемнің айырмасы арқылы
    Рентаны арендалық төлем мөлшеріне көбейту арқылы

    15. Нақты жалақының атаулы жалақыдан айырмашылығы неде?

    Ешқандай айырмашылығы жоқ
    Ақшаның жалпы сомасында
    Жұмсалған еңбектің саны мен сапасында
    Олардың айырмашылығы төленетін жалақы формасына қарай
    Тауарлар мен қызметтерге деген баға деңгейінің әсерінде

    16. Қандай жағдайда жер рентасы өседі, егер:

    Жерге деген сұраныс артса
    Жердің ұсынысы артса
    Жердің бағасы төмендесе
    Жердің ұсынысы төмендесе
    Жерге деген сұраныс төмендесе

    17. Егер атаулы пайыз мөлшерлемесі 10%, ал инфляция қарқыны жылына 4% болса, онда нақты пайыз мөлшерлемесі қаншаға тең?

    14%
    6%
    2,5%
    4%
    -6%

    18. Фирма инвестициялық жоба туралы шешім қабылдау кезінде нені есепке алу қажет:

    Номиналды пайыз мөлшерлемесін
    Нақты пайыз мөлшерлемесін
    Күтілетін пайда нормасын
    Тәуекелді
    Номиналды және нақты пайыз мөлшерлемесін

    19. Істелінген уақытына байланысты берілетін төлемақы:

    Нақты жалақы
    Номиналды жалақы
    Прогрессивті жалақы
    Келісімді жалақы
    Мерзімді жалақы

    20. Атаулы пайыз мөлшерлемесі дегеніміз не?

    Инфляцияның жылдық қарқынын есепке алатын пайыздық мөлшерлеме
    Инфляцияның өткен жылдық қарқынын есепке алатын пайыз
    Ағымдағы нарықтық пайыз мөлшерлемесі
    Өткен жылғы нарықтық пайыз мөлшерлемесі
    Тұрақты тағайындалған пайыздық мөлшерлеме

    21. Пайыз мөлшерлемесі өскен кезде индивид қандай жағдайға бейімделеді?

    Ағымдағы тұтынуды азайтады
    Ағымдағы тұтынуды ұлғайтады
    Бағалы қағаздарға көбірек инвестициялайды
    Адам капиталына көбірек инвестициялайды
    Сақтық қорларын төмендетеді

    22. Адам капиталы дегеніміз – ол:

    Тауар мен қызмет өндірісіне салынған ақша;
    Жалақы, рента, пайыз, пайда
    Бағалы қағаздан түсетін пайда
    Адамның бойында қалыптасқан интеллектуалдық құндылық­тар мен қасиеттер
    Жиналған байлық

    23. Мерзімді-сыйақылы жалақы 8 сағатқа 1800 теңгеге тең, соның ішінде сыйақы 200 теңгеге тең болса, онда 1 сағатқа жалақы мөлшері қаншаға тең:

    200 теңгеге
    250 теңгеге
    2000 теңгеге
    150 теңгеге
    1000 теңгеге

    24. Туынды сұраныс дегеніміз не?

    Соңғы өнімдерге деген сұранысқа тәуелді болып келетін ресурстарға деген сұраныс
    Еңбек ресурстарының ерекше түріне деген сұраныс
    Болашақта туындайтын игіліктерге сұраныс
    Белгілі бір ресурстарға тәуелді болып келетін өнімдерге деген икемді сұраныс
    Белгілі бір ресурстарға тәуелді болып келетін өнімдерге деген икемсіз сұраныс

    25. Ақшалай нысандағы жалақының түрі – бұл:

    Нақты жалақы
    Номиналды жалақы
    Мерзімді жалақы
    Сыйақылы жалақы
    Келісімді жалақы

    26. Еңбек факторынан түсетін табыстың көзі қандай?

    Рента
    Пайыз
    Дивиденд
    Жалақы
    Пайда

    27. Капитал нарығында ұсыныс субъектілері үй шаруашылықтары болып табылады. Өйткені олар оны (капиталды) қандай формада ұсынады?

    Жер формасында
    Ақшалай нысанда
    Соңғы өнімдер түрінде
    Машиналар мен құрал-жабдықтар түрінде
    Бағалы қағаздар түрінде

    28. Капиталға сұранысты мына фактор анықтайды:

    Кәрілікті қамтамасыз ету
    Күтпеген жағдайлардан сақтану
    Болашақ сұраныстарды қанағаттандыру
    Ұрпақ өсіруді болашақта қамтамасыз ету
    Нақты пайыз мөлшерлемесінің деңгейі

    29. Капиталдың ұсынысын мына фактор анықтайды:

    Салық салу деңгейі
    Технологиялық өзгерістер
    Экономикалық саясат шаралары
    Кәрілікті қамтамасыз ету
    Кәсіпкердің оптимистік және пессимистік мінез-құлық жағдайлары

    30. Негізгі капиталдың тозуына байланысты бөлінетін қаржылық қор:

    Таза инвестиция
    Амортизациялық қор
    Тұтынушы тауарларды сатып алу үшін қолдануға болатын қорлар
    Жеке тұтынуды қанағаттандыру үшін арналған қаржы
    Жалпы инвестиция

    31. Мыналардың қайсысы негізгі капиталға жатады:

    Бағалы қағаздар
    Еңбекақы
    Шикізаттар
    Станоктар
    Аралық өнімдер

    32. Еңбек нарығында тепе-теңдік орын алғанда:

    Толық емес жұмысбастылық болады
    Инфляция сақталады
    Толық жұмысбастылық болады
    Жұмыссыздық болады
    Сұраныс пен ұсыныс сәйкес келмейді

    33. Капитал факторынан түсетін табыстың көзі қандай?

    Рента
    Дивиденд
    Пайыз
    Пайда
    Жалақы

    34. Жер факторынан түсетін табыстың көзі қандай?

    Аренда
    Рента
    Пайыз
    Пайда
    Жалақы

    35. Жердің құнарлығын интенсивті жолмен арттыру арқылы алынатын рентаның түрі:

    1-ші дәрежелі ерекшеленген рента
    2-ші дәрежелі ерекшеленген рента
    Монополиялық рента
    Экологиялық рента
    Экономикалық рента

    36. Қазіргі уақытта жер қандай мақсаттарда қолданылады?

    Өнеркәсіптік
    Ауыл шаруашылықтық
    Ауыл шаруашылықтық және ауыл шаруашылықтық емес
    Жеке мақсаттарда
    Арнайы мақсаттарда

    37. Айталық, жерден алынатын жыл сайынғы рентаның шамасы 5000 теңгеге тең, ал пайыз мөлшерлемесі 20-ға тең. Онда жердің бағасы қаншаға тең болады?

    25 000
    250
    100 000
    100
    1 000

    38. Ақшалай капитал нарығында инвесторлар инвестициялық шешім қабылдайды, егер:

    Банктің пайыз мөлшерлемесі төмен болса
    Банктің пайыз мөлшерлемесі жоғары болса
    Банктің пайыз мөлшерлемесі 10% болса
    Банктің пайыз мөлшерлемесі 100% төмен болса
    Банктің пайыз мөлшерлемесі 0% төмен болса

    39. Капитал нарығында үй шаруашылықтарын кімдер деп атайды?

    Инвесторлар
    Жинақтаушылар
    Сақтандырушылар
    Тұтынушылар
    Фирмалар

    40. Жер нарығында жер рентасының баламалы құны:

    Жалақы
    Экономикалық рента
    Пайыз мөлшерлемесі
    Пайда
    Шығын



Тексеру Жауаптарды жою Кілт