ЫБЫРАЙЫМ ӘЗІМХАН ОРАЗБАЙҰЛЫ


1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Мамандығы: Филолог: қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы. 1993 жылдан бері жоғары оқу орындарында қызмет етіп келеді. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық унтверситетінде ф.ғ.д., проф. Т. Сайрамбаевтың жетекшілігімен 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған. 2006 жылдан доцент. Қазір М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы.

1 оқулық пен 1 монографияның, 60-тан астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың, 4 оқу-әдістемелік құрал мен бірнеше сөздіктердің авторы. Соның ішінде, 15 томдық «Қазақ әдеби тілінің сөздігін» (9 т.) және «Қазақша-дүнгенше және дүнгенше-қазақша сөздікті» құрастыруға қатысқан.

2011-2012 оқу жылында 5В020500, 6М020500, 6D020500 – Филология (қазақ), 2013-2014 оқу жылында 5В050400, 6М050400, 6D050400 – Журналистика мамандықтары бойынша ҚР БҒМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында құрылған оқу-әдістемелік секциясының мүшесі болды.