Стилистика және редакциялау пәнінен тест тапсырмалары

    1. Мәтінді коммуникацияның мақсатына, автордың ойына, оқырманның қабылдауына сәйкес талдау, бағалау және жетілдіру – ...

    Автордың міндеті
    Редактордың міндеті
    Корректордың міндеті
    Жазушының міндеті
    Оқырманның міндеті

    2. Редактордың үшінші міндеті – мәтіннің жеке әдеби сапасын, оның формасының мазмұны мен мақсатына қаншалықты сәйкес келетінін бағалау. Бұл міндет қандай әрекеттерді қамтиды?

    Сөйлем құрылымын, мазмұн мен баяндау тәсілінің ерекшеліктерін
    Мәтіннің кемшілігін, фактілердің нақтылығы мен анықтығын тексеру, сөз тіркесін
    Оқырманға психологиялық, эстетикалық, эмоционалды-экспрессивтік әсерін
    Логикалық, композициялық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін
    Сөйлемдегі грамматикалық формалар мен амалдардың қолданылуын

    3. Автордың түзетілген мәтінмен оны жариялануға дейін танысып шығуы...:

    Дұрыс
    Мүмкін
    Міндетті емес
    Дұрыс емес
    Міндетті

    4. Қолжазбаның түпнұсқасы мен түзетілген нұсқасының деңгейі бірдей болғанда, басымдық оның қай нұсқасына беріледі?

    Автордың
    Редактордың
    3-нұсқасы жасалады
    Қайта түзетіледі
    Ешкімге

    5. Редактордың ескертулері мен түзетулері ...

    Объективті болуы және автордың позициясын ескеруі тиіс
    Субъективті болуы және автордың позициясын ескеруі тиіс
    Тәуелсіз болуы және автордың позициясын ескермеуі тиіс
    Объективті болуы және басылымның позициясын ескеруі тиіс
    Субъективті болуы және оқырманның позициясын ескеруі тиіс

    6. Редактор мәтінмен жұмыс барысында кімнің ақпараттық қажеттілігін, қызығушылығын, білім деңгейін, білуі және ескеруі тиіс.

    Редактордың
    Автордың
    Оқырманның
    Студенттің
    Оқушының

    7. БАҚ тәжірибелі редакторларының пайымдауынша егер, мәтінді тіпті, бір ғана адам алғаш оқығаннан түсінбесе, демек, ол –

    Авторға қайта қайтарылады
    Ешкімге түсініксіз болады
    Көпшілігіне түсініксіз болады
    Ешқандай басылымға жіберілмейді
    Редактор толық өзгеруі тиіс

    8. Мәтіннің аяқталған оқиғаны қамту, ақпаратты беру қабілеті –

    Мағыналық
    Ақпараттылық
    Бекітушілік
    Мағыналық тұтастық
    Синтаксистік байланыстылық

    9. Мәтіннің ақпараттылығын бағалау барысындағы негізгі аспектіні көрсетіңіз.

    Мәтін ақпаратының жекелеген адамдардың ақпараттық қызығушылығына қатынасы
    Мәтін ақпаратының автордың білімі мен ақпараттық қызығушылығына қатынасы
    Мәтін ақпаратының редактордың білімі мен ақпараттық қызығушылығына қатынасы
    Мәтін ақпаратының оқырманның білімі мен ақпараттық қызығушылығына қатынасы
    Мәтін ақпаратының белгілі топ пен олардың ақпараттық қызығушылығына қатынасы

    10. Мәтіннің ақпараттылығын бағалау барысындағы негізгі аспектіні көрсетіңіз.

    Лексикалық және морфологиялық ерекшеліктері
    Семантикалық және синтаксистік ерекшеліктері
    Стилистикалық және фонологиялық ерекшеліктері
    Құрылымдық және мазмұндық ерекшеліктері
    Сабақтастық және құрылымдық ерекшеліктері

    11. Авторлық бағалауды, тақырыптың, құбылыстың интерпретациясын қамтитын ақпарат түрі –

    Фактуалды
    Концептуалды
    Мәтін ішіндегі
    Жанама
    Қосымша

    12. Кез келген мәтінге тән және шындық құбылыс пен олардың өзара қатынасын бейнелейтін ақпарат түрі –

    Фактуалды
    Концептуалды
    Жанама
    Мәтін ішіндегі
    Негізгі

    13. Фактуалды ақпарат негізінде көрінетін, ашық берілмеген жасырын ақпарат түрі –

    Фактуалды
    Форма ішіндегі
    Ашық түрдегі
    Концептуалды
    Мәтін ішіндегі

    14. Мәтіннің негізгі мазмұнынан қосымша көрінетін, алайда оны жеткізу хабарлаудың мақсатына кірмейтін ақпарат түрі –

    Негізгі
    Жанама
    Фактуалды
    Концептуалды
    Тірек

    15. Ақпарат тақырыбы мен мағыналық және синтаксистік құрылымындағы орны үшін маңыздылық дәрежесіне қарай үш түрге бөлінеді:

    Негізгі, нақтылық, деректік
    Басты, екі дәрежелі, үш дәрежелі
    Негізгі, қосымша, қайталама
    Негізгі, негізгі емес, қосалқы
    Негізгі, тарихи, әлеуметтік

    16. Мәтіннің мазмұны мен мағынасы грамматикалық сөй­лемдер арқылы байланысқан желілі ұласпалы болады, алайда оның иерархиялық, яғни негізгі және қосымша элементтерді қамтитын мағыналық құрылымы болады. Ондағы ең басты элемент –

    Тақырып
    Құрылым
    Абзац
    Сөйлем
    Бөлім

    17. Мәтіннің мағыналық тұтастығын қамтамасыз ететін синтаксистік бірлік:

    Синтаксистік синонимділік
    Синтаксистік қисындылық
    Грамматикалық байланыс
    Синтаксистік қатынас
    Морфологиялық байланыс

    18. Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы кезеңі –

    Жариялау
    Түзету
    Редакциялау
    Танысу
    Үйрету

    19. Редактор мәтінмен танысып шыққан соң, болашақ стратегиялық әрекетін анықтап алуы тиіс:

    Қолжазбаны оқырманға, авторға және сарапшыларға ұсыну
    Қолжазбаны редакциялауға ұсыну немесе басылымға қабылдау
    Қолжазбаны толық түзету немесе басылымға қабылдау
    Қолжазбаны авторға қайтармау немесе басылымға қабылдамау
    Қолжазбаны авторға қайтару немесе басылымға қабылдау

    20. Редактор шығарманы басылымға қабылдаған болса, онда:

    Өз әрекетінің жоспарын жасайды
    Материалды жетілдіру туралы жоба жасайды
    Осы айтылғандардың барлығын іске асырады
    Мәтінге енгізілетін түзетулер деңгейін анықтайды
    Түзету тәсілдерін белгілейді

    21. Мәтінді оқудың түрлерін атаңыз

    Аналитикалық оқу, бақылай оқу, қадағалап оқу
    Жүгірте оқу, мәлімдей оқу, дауыстап оқу
    Қайтара оқу, ақпараттық оқу, ежіктеп оқу
    Мәнерлеп оқу, дауыстап оқу, тез оқу
    Таныса оқу, аналитикалық оқу, өңдеп оқу

    22. Өңдеп оқудың негізгі мақсаты –

    Түзетудің қаншалықты тереңдігі мен негізділігін бағалау
    Түзетудің қажетті көлемі мен негізгі формасын анықтау
    Түзетудің міндеті мен құрылымдық ерекшеліктерін белгілеу
    Түзетудің тиімді тәсілдері мен негізгі мөлшерін анықтау
    Түзетудің негізгі формалары мен нәтижелерін бағалау

    23. Мәтіннің формасы мен мазмұнын жетілдіру мақсатында жүргізілетін өзгертулер, бұл –

    Айқындау
    Бағалау
    Анықтау
    Өңдеу
    Түзету

    24. Түзетулерді енгізе алатын тұлғаларды атаңыз.

    Автор немесе оқырман
    Оқырман немесе редактор
    Автор немесе редактор
    Көрермен немесе оқырман
    Оқырман немесе журналист

    25. Редактор автор емес, ол бар болғаны автордың сауатты мәтін құраудағы ...

    Кәсіби оқырманы
    Кәсіби тыңдаушысы
    Кәсіби жетекшісі
    Кәсіби көмекшісі
    Кәсіби бақылаушысы.

    26. Мәтіннің редакторлық нұқасын қай кезде басылымға жіберуге болады?

    Авторлық нұсқамен тең болғанда
    Авторлық нұсқадан озық болғанда
    Авторлық нұсқадан төмен болғанда
    Авторлық нұсқамен сәйкес келгенде
    Авторлық нұсқаға қарсы келгенде.

    27. Редактордың мәтінге араласу деңгейі мен өзгертулердің сипатына қарай түзету төртке бөлінеді. Төмендегі берілген қатарлардың қайсысы артық?

    Түртіп түзету
    Оқып түзету
    Қысқартып түзету
    Өңдеп түзету
    Қайыра түзету

    28. Оқып түзетудің түрлерін табыңыз:

    Редакторлық және орфографиялық
    Стилистикалық және грамматикалық
    Корректорлық және орфографиялық
    Корректорлық және редакторлық
    Авторлық және оқырмандық

    29. Корректорлық түзетуде мәтіннің қандай нұсқалары пайдаланылады?

    Авторлық нұсқасы мен соңғы нұсқасы
    Алғашқы нұсқасы мен кейінгі нұсқасы
    Жұмысшы нұсқасы мен түпнұсқасы
    Түпнұсқа мен авторлық нұсқа
    Редакторлық нұсқа мен соңғы нұсқа

    30. Мәтіннің түпнұсқасы мен жұмысшы нұсқасының әрбір белгісін салыстыру, байқалмаған қателерді (опечатки) түзету, даталарды, тақырыптарды, атауларды салыстыру, қайталанатын немесе біртиптес фактілердің берілуінің бірізділігін тексеру. Бұлар түзетудің қай түрі?

    Ғылыми түзету
    Авторлық түзету
    Оқырмандық түзету
    Стилистикалық түзету
    Корректорлық түзету

    31. Оқып түзетуде редактордың міндетін көрсетіңіз.

    Мәтіннің түпнұсқасы мен жұмысшы нұсқасының әрбір белгісін салыстыру, байқалмаған қателерді анықтау және оларды түзету
    Мәтіннің мағыналық, стилистикалық, орфографиялық қателерін табу және оларды түзету немесе қолжазбаны авторға қайтару
    Мағыналық және стилистикалық кемшіліктерді байқау және оларды жетекші редактор мен басылымға жауаптыға көрсету
    Мәтіндегі даталардың, тақырыптардың, атаулардың берілу жүйесін анықтау, қайталанатын фактілердің бірізділігін нақтылау
    Редактор мәтінді оқу барысында оның кез келген бөлігінде тілдік нормадан ауытқушылық пен қателердің болуы мүмкін екенін естен шығармау керек

    32. Қысқартып түзетудің мақсаты –

    Мәтін көлемін азайту
    Мәтіннің қателерін табу
    Мәтінді бөліктерге бөлу
    Мәтіннің тақырыбын нақтылау
    Мәтіннің жанрын анықтау

    33. Қысқарту техникасында екі негізгі тәсілді қолданады:

    Тақырыптарын қысқарту және сөздерді қысқарту
    Бөліктермен қысқарту және мәтінішілік қысқарту
    Сөйлемдерді қысқарту және мәтінішілік қысқарту
    Стилистикалық қысқарту және сөйлемдерді қысқарту
    Дыбыстық қысқарту және сөйлемдерді қысқарту

    34. Автордың өзіне бағытталып, әлі жарияланбаған шығарманы сынау, ескерту сыны, бұл –

    Әдеби саяси сын
    Оқырман талдауы
    Редакторлық түзету
    Редакторлық талдау
    Шығармашылық сын

    35. Баспасөз орындарында авторлар қауымынан түсетін қолжазбаны қабылдап, редакциялап шығатын, оны жарыққа шығаруды басқаратын жетекші, басшы, шығармашылық қаламгер:

    Қосымша немесе жетекші редактор
    Корректор немесе журналист
    Жауапты немесе ғылыми ізденуші
    Негізгі немесе ғылыми редактор
    Жауапты немесе бас редактор

    36. Латын тіліндегі «Correktura» сөзінің мағынасы?

    Түзету, жақсарту
    Өңдеу, жинақтау
    Теру, үйлестіру
    Басу, жетілдіру
    Жинақтау, дұрыстау

    37. Баспа теріміндегі әріптік, сандық, белгілік, таңбалық, емлелік, полиграфиялық, техникалық қателерді тексеріп, түзету, жөндеу жұмыстарының жиынтығы –

    Тираждау
    Редакциялау
    Корректорлық
    Құрастыру
    Аудару

    38. «Полиграфия» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?

    Корректураның жүргізілуі
    Беттеп құрастырып шығу
    Баспалық редакциялық процесс
    Редакциялаудың жүргізілуі
    Көбейтіп жазып басу

    39. Корректуралық белгілердің ГОСТ 16347-76 стандарты қай жылдан бастап қолданылды?

    1988
    1976
    1978
    1977
    1992

    40. Стилистика нені зерттейді?

    Сөйлеу коммуникация процесіндегі дыбыстарды пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді
    Сөйлеу коммуникация процесіндегі грамматикалық амалдарды пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді
    Сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді
    Сөйлеу коммуникация процесіндегі сөз тіркесін пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді
    Сөйлеу коммуникация сөйлем мүшелерін пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді

    41. Стилистикалық норманың түрлерін көрсетіңіз.

    Бағалауыштық-стилистикалық, жалпы стилистикалық
    Экспрессивті-стилистикалық, функционалды стилистикалық
    Грамматикалық-стилистикалық, дыбыстық-стилистикалық
    Лексикалық-стилистикалық, грамматикалық-стилистикалық
    Тілдік-стилистикалық, синонимдік-стилистикалық

    42. Қазақ тілінің қанша функционалды стилі бар?

    5
    7
    4
    3
    6

    43. Ауызекі сөйлеу тілінде ерекше реңк атқаратын сөйлеудің … жағы.

    Синтаксистік
    Морфологиялық
    Дыбыстық
    Лексикалық
    Құрылымдық

    44. Ресми-іскерлік стилге жататын қатарды табыңыз.

    Заңдар, жарғылар, қаулылар
    Терминдер, тіркестер, сөздер
    Мақала, резюме, монография
    Повесть, роман, әңгіме
    Очерк, бас мақала, памфлет

    45. XΙX ғасырдың екінші жартысындағы ресми-іскерлік стильдің негізгі белгісін көрсетіңіз.

    Архаизм мен историзмдерді кеңінен пайдалану
    Ауызекі сөйлеу тілінің элементтерін кеңінен пайдалану
    Таза қазақ әдеби тілінің нормаларын пайдалану
    Құрмалас сөйлемдерді кеңінен пайдалану
    Шағатайлық жазба тіл элементтерін кеңінен пайдалану

    46. Қазақ ССР Министрлер кеңесі қай жылы қазақ тілінде іс жүргізу туралы қаулы қабылады?

    1957 жылы
    1963 жылы
    1951 жылы
    1975 жылы
    1994 жылы

    47. Ресми-іскерлік стильдің басты ерекшелігі − ...

    Синонимдер мен паронимдерді қолдану
    Шығармашылық еркіндік
    Ғылыми және саяси терминдер
    Шаблон мен стандартты қолдану
    Эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолдану

    48. Құжаттардың атқаратын жалпы қызметіне жатпайтын қатарды табыңыз.

    Эстетикалық
    Ақпараттық
    Әлеуметтік
    Коммуникативтік
    Мәдени

    49. Құжаттардың атқаратын арнайы қызметіне жатпайтын қатарды табыңыз.

    Басқару
    Мәдени-ағартушылық
    Құқықтық
    Басқару, құқықтық
    Тарихи-дерекнамалық

    50. Ғылымның белгілі бір саласына қатысты арнаулы терминдер мен атаулардың кең қолданылатын стилі...

    Ресми-іскерлік стиль
    Публицистикалық стиль
    Ғылыми стиль
    Көркем әдебиет стилі
    Сөйлеу стилі



Тексеру Жауаптарды жою Кілт