Стилистика және редакциялау пәнінен тест тапсырмалары

    1. Неологизмдердің пайда болу, өмір сүру ортасы болып табылатын стильді көрсетіңіз.

    Ресми-іскерлік стиль
    Публицистикалық стиль
    Ғылыми стиль
    Көркем әдебиет стилі
    Сөйлеу стилі

    2. Ырықсыз етіс формалары жиі қолданылатын стиль түрлерін көрсетіңіз.

    Көркем әдебиет және сөйлеу стилі
    Публицистикалық және сөйлеу стилі
    Ресми-іскерлік және көркем әдебиет стилі
    Ғылыми және сөйлеу стилі
    Ғылыми және ресми-іскерлік стиль

    3. Publikus сөзі қазақша қандай ұғымды білдіреді?

    Саясат, мәртебе
    Қатынас, сөйлеу
    Шешендік, саясат
    Көпшілік, әлеумет
    Халық, оқырман

    4. Кәсіптік сипаттағы фраезологизмдерді табыңыз.

    Ашық сабақ, құлап қалу
    Ит жанды, мойнына су кету
    Ашық аспан, биіктен құлау
    Төбе шашы тік тұру, ашық күн
    Бой қағу, биіктен құлап қалу

    5. Саяси публицистикалық лексика мен әкімшілік терминдердің қолданылуы басым стильді табыңыз.

    Көркем әдебиет стилі
    Ғылыми стиль
    Ресми-іскерлік стиль
    Сөйлеу стилі
    Публицистикалық стиль

    6. Ресми-іскерлік стильдегі үлгілердің барлығына ортақ жалпы сипатты табыңыз.

    Жергілікті ерекшелік сипатындағы тұрақты тіркестер жиі қолданылады
    Белгілі бір қалыптасқан үлгіде баяндау тәсілімен жазылады
    Жергілікті ерекшелік сипатындағы тұрақты тіркестер жиі қолданылады
    Фактілерді толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі арқылы
    Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдемелерге негізделеді

    7. Ресми-іскерлік стильді атқаратын қызметі мен мазмұнына қарай топтастыру.

    Эстетикалық, құқықтық, ресми-шығармашылық
    Публицистикалық, сыртқы байланыс, көпшілік
    Газеттік, мемлекетаралық, әдеби-көркемдік
    Заңнамалық, дипломатиялық, әкімшілік-кеңселік
    Бағалауыштық, басқарушылық, ресми-қатынастық

    8. Әкімшілік-кеңселік шағын стиль үлгілеріне жататын қатарды табыңыз.

    Мемлекеттер арасында қолданылатын құжат үлгілері
    Түрлі мекемелерде жүргізілетін құжат үлгілері
    Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу актілері
    Белгілі бір ғылым саласындағы арнайы шығармалар
    Қоғамдық-саяси бағыттағы саяси публицистикалық

    9. Публицистиканың ауызша түрі ...

    Мәнерлі сөз
    Арнау өлеңдері
    Саяси лирика
    Ресми құжаттар
    Шешендік сөз

    10. Сөйлеу тілінің қатарына жатпайтын қатарды табыңыз.

    Термин сөздер
    Қарапайым сөздер
    Табу, эвфемизм
    Диалект сөздер
    Кәсіби сөздер

    11. Түрлі діни наным-сенімдерге, әдет-ғұрыптарға байланысты болған жағдайды, хабарды тура айтпай, тұспалдап жеткізетін сөздер қалай аталады?

    Метафора (метонимия)
    Кәсіби сөздер
    Діни сөздер
    Табу (эффемизм)
    Тұрмыстық сөздер

    12. Терминдік сипаттағы тұрақты тіркестерді табыңыз.

    Қыпша бел, сүмбіл шаш
    Соқырға таяқ ұстатқандай
    Соқыр ішек, көгілдір отын
    Бел жазбау, тізе бүкпеу
    Көз ілмеу, кірпік қақпау

    13. Өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылған тұрақты тіркесті табыңыз.

    Зәрем зәр түбіне кетіп, қатты қорықтым
    Қаз орғанына семіреді
    Жаны мұрнының ұшына келді
    Жүрегі су ете қалды
    Көңілді көтермесе, кір басады

    14. Зат есімді ауыспалы мағынаға ие қылып, жансыз затты жандыға айналдырып тұрған көптік жалғауын табыңыз.

    Тұмарбай, Садырбай, Мұңсызбайлар боп Майбасарға мықтап дүре соқты
    Күн көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден асып...
    Қазіргі жастар шеттерінен білімді екені даусыз
    Кейбір үйлерде құрмет көрсетіп өзінен жоғары отырғызады
    Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бестердегі кісі

    15. Директорлар кеңесінің мәжілісі ... екі рет шақырылады. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

    Жыл сайын
    Жылында
    Жылына
    Жыл бойы
    Жылға

    16. Морфологиялық құрамы жағынан бір-біріне жақын стильдерді табыңыз

    Ресми-іскерлік стиль мен ғылыми стиль
    Ресми-іскерлік стиль мен көркем әдебиет стилі
    Ғылыми стиль мен публицистикалық стиль
    Ауызекі сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилі
    Ресми-іскерлік стиль мен публицистикалық стиль

    17. Тілдегі экспрессивті әдіс-тәсілдерді оқып үйрететін стилистикалық бағытты көрсетіңіз.

    Функционалды стилистика
    Безендіруші стилистика
    Грамматикалық стилистика
    Синтаксистік синонимдер
    Когнитивті лингвистика

    18. Қазақ тілінің стилистикасына елеулі еңбек сіңірген ғалымдар қатарын табыңыз.

    А. Байтұрсынов, М. Балақаев
    А. Аманжолов, Т. Қордабаев
    Н. Сауранбаев, А. Ысқақов
    Қ. Жұбанов, Ш. Сарыбаев
    Х. Досмұхамбетұлы, Т.Сайрамбаев

    19. Стилистикалық категориялардың қатарына жатпайтын категорияны табыңыз.

    Диалогтік категория
    «Автор бейнесі» категориясы
    Мәтін категориясы
    Салт-сабақтылық категория
    Бағалау категориясы

    20. Бағалау категориясы ғылыми стильдің қай жанрында жан-жақты көрінеді?

    Рефератта
    Диссертацияда
    Мақалада
    Аннотацияда
    Рецензияда

    21. Тарихи тұрғыдан қалыптасқан, сонымен қатар даму заңдылықтарымен жалпы қабылданған тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерді тарату жиынтығы қалай аталады?

    Стилистикалық әсер
    Стилистикалық бояу
    Стилистикалық норма
    Стилистикалық тапсырма
    Стилистикалық мағына

    22. Ғылыми стильге ғана тән сөзді байланыстырушы, дәнекерлік қызмет атқаратын сөз оралымдарын табыңыз.

    Қабылдауыңызды сұраймын, акт бойынша
    Отбасы жағдайына байланысты
    Тағайындалсын, қаулы қабылдансын
    Өгей өмір, соқтықпалы өмір
    Назар аударайық, қорыта айтқанда

    23. Ресми-іскерлік стильдің жанрына жатпайтын қатарды табыңыз.

    Публицистикалық
    Заңнамалық
    Құқықтық
    Әкімшілік
    Дипломатиялық

    24. Публицистикалық стильдің басты қызметі –

    Ақпараттық қызмет
    Тергеу қызметі
    Әкімшілік қызмет
    Дипломатиялық қызмет
    Эстетикалық қызмет

    25. Публицистиканың барлық жанрлары анықталған ... (мәтінге сәйкес келмейтін қатарды табыңыз).

    Дәлелдерге негізделеді
    Тарихи деректерге негізделеді
    Құжаттық материалдарды пайдаланады
    Өмірдегі құбылыстарды талдайды
    Оқиғаларды түсіндіреді

    26. Алғашқы қазақ газетін табыңыз.

    «Торғай» газеті
    «Дала уалаятының газеті»
    «Түркістан уалаятының газеті»
    «Қазақ» газеті
    «Серке» газеті

    27. Қазақ тілінің публицистикалық стилі өз бастауын ... алады.

    XVΙΙΙ ғ. ΙΙ жартысынан
    XΙX ғ. Ι жартысынан
    XX ғ. басынан
    1920 ж. бастап
    XΙX ғ. ΙΙ жартысынан

    28. Қимыл атауларының баяндауыштық қызметке жатыс септік формасында қолданылуы қай стильде жиі қолданылады?

    Публицистикалық стиль
    Көркем әдебиет стилі
    Ресми-іскерлік стиль
    Ғылыми стиль
    Ауызекі сөйлеу стилі

    29. Лексика-фразеологиялық канцеляризмге жататын сөз тіркесін көрсетіңіз.

    Сәрсенбінің сәтінде
    Төменде қол қоюшылар
    Көгілдір отын, ақ алтын
    Жұмыс қызу жүріп жатыр
    Зерттеу нысаны бола алады

    30. Заң тілінде кездесетін стандартты бірліктерді табыңыз.

    Көгілдір отын, ақ алтын
    Құнды еңбек болып саналады
    Жағдай көтермейді
    Бас бостандығынан айыру
    Осы қызметке тағайындалсын

    31. Ғылыми стильге тән стандартты бірліктерді табыңыз.

    Көгілдір отын, ақ алтын
    Бас бостандығынан айыру
    Құнды еңбек болып табылады
    Осы қызметке тағайындалсын
    Жағдай көтермейді.

    32. Дыбыстардың стилистикалық ерекшеліктерін зерттейтін стилистика.

    Лексикалық стилистика
    Лингвостилистика
    Функционалды стилистика
    Грамматикалық стилистика
    Фоностилистика

    33. «Стиль» сөзінің мәні.

    Көркемдегіш құралдар
    Жазу құралы, жазу мәнері
    Сөзге сендіру, нандыру тәсілдері
    Экспессивті-эмоционалды сөздер
    Мәнерлеп сөйлеу құралдары

    34. Кітаби стильдің өзіндік ерекшеліктері.

    Жазба тіл нормаларына сүйенеді
    Ауызша сөйлеу нормаларына сүйенеді
    Фольклорлық шығармаларға сүйенеді
    Баспасөз тіліне сүйенеді
    Көркем шығармаларға сүйенеді

    35. Бейтарап мағына дегеніміз:

    Терминдік мағынаның контекстегі қолданысы
    Зат, құбылыс, сапа мен іс-әрекеттің жалпылама мағынасы
    Көркем әдебиетте қолданылатын сөздердің мағынасы
    Сөз бойындағы экспрессивті-эмоционалды мағынасы
    Синтаксистік шартты мағына

    36. Бейнелі мағына дегеніміз:

    Сөздің тілімізде әбден қалыптасқан үйреншікті мағынасы
    Терминдік мағынаның контекстегі қолдану ерекшелігі
    Зат, құбылыс, сапа мен іс-әрекеттің жалпылама мағынасы
    Көркем әдебиетте диалекті сөздердің қолданылу ерекшелігі
    Экспрессивті-эмоционалды не стилистикалық бояма мағына

    37. Етістік синонимдердің ішінен іс-қағаздары стилі ыңғайында жұмсалатындары.

    Ұшырасу, дидарласу, табысу
    Қызығу, әуестену, құмарту
    Қорытындылау, бекіту, талқылау
    Шығару, кетіру, босату, қуу
    Қыдыру, сенделу, шарлау, жүру

    38. Экспрессивті-эмоционалды сөздердің қатары:

    Білімді, ақылды, мейірімді
    Адамгершілік, әуестік, көзді
    Бейімділік, бұрыштама, септік
    Қалалы, ұшқыш, өсімдік
    Батырсымақ, адамсып, сымпи

    39. Топонимдер мен антропонимдердің мекеме атауларының, ұйымдардың қолданысы қай стильге жатады?

    Ресми ісқағаздар стилі
    Ғылыми көпшілік стиль
    Ауызекі сөйлеу стилі
    Көркем әдебиет стилі
    Ғылыми стиль

    40. Кітаптың қысқаша мазмұны мен маңыздылығы кімге арналғандығы туралы қай жанрда айтылады?

    Реферат
    Өтініш
    Тезис
    Аннотация
    Мақала

    41. Оқырманға әсер ету мақсатында құрылатын функционалды стиль:

    Ауызекі сөйлеу стилі
    Публицистикалық стиль
    Ғылыми-көпшілік стиль
    Ғылыми стиль
    Ресми іс-қағаздар стилі

    42. Ғылыми стильдің өзіне тән белгісі.

    Жергілікті диалектілердің қолданысы
    Ғылыми терминдердің қолданысы
    Эмоционалды сөздердің қолданысы
    Әсер ету функциялары
    Кәсіби сөздердің қолданысы

    43. Үгіттеуді, насихаттауды мақсат ететін стильдің түрі.

    Ресми іс қағаздар стилі
    Көркем әдебиет стилі
    Ғылыми көпшілік стилі
    Ауызекі сөйлеу стилі
    Публицистикалық стиль

    44. Тұрмыстық қатынасты қамтитын стильдің түрі

    Ғылыми ақпараттық стиль
    Ғылыми көпшілік стилі
    Ауызекі сөйлеу стилі
    Публицистикалық стиль
    Ресми іс қағаздар стилі

    45. Заң тілі қандай қызметтерді атқарады?

    Анықтау, салыстыру
    Түсіндіру, насихаттау
    Баяндау, нақтылау
    Міндеттеу, мәжбүрлеу
    Эстетикалық көркемдік

    46. Құжатты жүргізуші тұлғаның субъективті пікірін білдіруіне ешқандай жол бермейтін мәтін түрін табыңыз.

    Заң мәтіндері
    Ғылыми мәтіндер
    Очерк мәтіні
    Әңгіме мәтіні
    Көркем шығармалар

    47. Халықаралық маңызы бар айрықша мәселе жөніндегі ресми мәлімдеме:

    Меморандум
    Коммюнике
    Нота
    Халықаралық шарттар
    Мемлекеттік бағдарламалар

    48. Әкімшілік кеңселік құжат үлгілеріне жататын қатарды табыңыз.

    Есеп, хаттама, мінездеме
    Очерк, мақала, репортаж
    Заңдар, әскери жарғылар
    Халықаралық шарттар, ноталар
    Реферат, диссертация, резюме

    49. Баяндама мен дидактика талаптарына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын ғылыми негізде жүйелеп, баяндайтын оқу кітабы –

    Монография
    Оқулық
    Диссертация
    Ғылыми зерттеу
    Жаттығулар жинағы

    50. Мақала, баяндама және т.б. ғылыми шығармалар мазмұнының қысқаша желісі, айтылғандардың қорытынды түйіні

    Пікір
    Резюме
    Рецензия
    Мақала
    Қорытынды



Тексеру Жауаптарды жою Кілт