ГЛОССАРИЙ

Континенталды еңіс – мұхиттың теңіз сулы бөлігіне континенталды қайраңнан төмен қарай бағыттайтын еңіс.

Сумұнайлы шекара (СМШ) – мұнайға қаныққан және суға қаныққан қабат қалыңдықтарын шартты бөлу беті. СМШ-дан төмен қарай мұнай тек қана мұнайға жағылған жыныстарда болады. СМШ-дан жоғары қарай екі фазада болады.

Газмұнайлы шекара (ГМШ) – газға қаныққан және мұнайға қаныққан қалыңдықтарды бөлетін шартты бет. ГМШ-дан төмен қарай газ тек ғана мұнайда еріген түрде, ГМШ-дан жоғары қарай екі фазада болады.

Сулы қабат – суды өткізгіш жыныс.

Лақтыру – ұңғыдан бақыланбаған сұйық арынының шығуы.

Сулы (газды) конус – мұнайлы қабатта су немесе газдан пайда болатын конустәріздес масса.

Екі реттік мұнай өндіру әдістері – әртүрлі агенттерді (су, газ, т.б.) қабат қысымын ұстау мақсатында айдауға негізделген әдістер.

Үшінші реттік өндіру әдістері – қабатқа агенттерді айдауға және екінші реттік мұнай өндіру әдістеріне қарағанда мұнайбергіштік дәрежені көбейтуге мүмкіндік беретін әдістер.

Статикалық қысым – ұзақ тоқтаудан кейін қалыптасқан, ұңғыма түбіндегі қысым.

Статикалық деңгей – тоқтатудан кейін оған атмосфералық қысым әсер ететін шарт кезінде ұңғымада қалыптасатын сұйық бағанасының деңгейі.

Динамикалық қысым – ұңғымадан сұйықты немесе газды алу кезінде немесе ұңғымаға сұйықты немесе газды айдау кезінде қалыптасатын, ұңғыма түбіндегі қысым.

Сұйықтың динамикалық деңгейі – атмосфералық қысым әсер ету шарты кезінде жұмыс істеп тұрған ұңғымада қалыптасатын сұйық деңгейі.

Орташа қабат қысымы – бұл орташа өлшенген статикалық қысым.

Айдау аймағындағы қабат қысымы – айдау ұңғымалары орналасқан аймақтағы орташа өлшенген қабат қысымы.

Бастапқы қабат қысымы – игерудің ең басында, барлау ұңғымалар тобы бойынша анықталған, орташа өлшенген қабат қысымы.

Ағымдағы қабат қысымы – бұл әртүрлі уақыт сәтінде орташа өлшенген қабат қысымы.

Келтірілген қысым – бұл шартты горизонталь жазықтыққа қатысты есептелген түптік қысым, оның абсолюттік шамасы белгілі.

Ұңғыма – диаметрі ұзындығынан көп есе кем, цилиндрлі тау-кен өндірісі. Ол өнімді горизонттың жер бетімен байланысына арналған.

Ұңғыма конструкциясы – бұл шегендеу құбыры және бұрғыланған бағанаға түсіріліп, онда бекітілетін қосымша түптік құрылғылардың жиынтығы. Ол ұңғыманың тағайындалуына байланысты өзгереді және өлшемі бойынша және жасалатын материалы бойынша өзгешеленеді.

Бастапқы ашу – өнімді горизонтты долотамен бұрғылау үдерісі.

Екінші ашу – ұңғыманың ішкі қуысының өнімді қабатпен байланыс үдерісі.

Кольматация – ұңғыма түп аймағының механикалық бөлшектермен ластану үдерісі.

Декольматация – фильтрациялық каналды механикалық бөлшектермен тазарту үдерісі.

Тау жыныстарының критикалық тығыздығы – жыныстың кез келген соңғы жылжуы кезінде, дилатанция нөлге тең болған кездегі тығыздық.

Гидродинамикалық жетілген ұңғыма – өнімді қабатты толық толық ашқан ұңғыма. Онда кез келген бекіту элементтері болмайды.

Ашылу дәрежесі бойынша жетілмеген ұңғыма – өнімді горизонттың барлық қалыңдығын ашпаған ұңғыма.

Ашылу сипаты бойынша жетілмеген ұңғыма – өнімді қабаттың барлық қалыңдығын ашқан, шегенделген және перфорацияланған ұңғыма.

Ұңғыманың гидродинамикалық жетілу коэффициенті – жетілмеген ұңғыма шығымын жетілген ұңғыма шығымына қатынасы.

Түп – өнімді қабатты ашқан ұңғыма бөлігі.

Ағынды шақыру – тұрып қалған ұңғыма түбіндегі қарсы қысымдарды төмендетудің технологиялық үдерісі, қабатта репрессияны жою және қабаттан ұңғымаға флюидтің ағуы басталатын депрессияны жасау.

Ұңғыманы меңгеру – белгілі себеппен тұрып қалған ұңғыманы істеп тұрған ұңғымалар қатарына ауыстыруға бағытталған, технологиялық операциялар және ұйымдастыру шаралар жиынтығы.

Газ саны – берілген термобаралық жағдай кезінде бос газ көлемінің белгіленген геометриялық көлемдегі сұйық көлеміне қатынасы.

Көлемдік газ құрамы (газқаныққандылық) – берілген термобаралық шарт кезінде газ көлемінің белгіленген геометриялық көлеміндегі қоспаның жалпы көлеміне қатынасы.

Минералдар – жер қыртысында болатын физикалық-химиялық үдерістер нәтижесінде пайда болатын химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бойынша біртекті табиғи зат.

Тау жыныстары – жер қыртысын жасайтын, өзіндік геологиялық денесін түзетін, минералогиялық және химиялық құрамы тұрақты минералды агрегат.

Атқылаған жыныстар – негізінен кристалды құрылысты, магма деп аталатын сисликат балқыманың жер бетінде немесе жер қыртысы қойнауында қату нәтижесінде пайда болады.

Шөгінді тау жыныстары – органикалық және неорганикалық заттардың су бассейнінің түбінде және материк бетінде шөгуі нәтижесінде пайда болады.

Метоморфтық тау жыныстары – шөгінді және атқылаған жыныстардан, оның соңғысы жер қыртысы тереңдігіне батуы кезінде пайда болған.

Табан – қабатты астынан шектейтін бет.

Жабын – қабатты үстінен шектейтін бет.

Абсалютті немесе теориялық кеуектілік – жыныстағы барлық қуыстардың жалпы көлемі (кеуек, каверна, жарылыс).

Кеуектілік коэффиценті – жыныстың жалпы қуыс көлемінің барлық жыныс көлеміне қатынасы.

Коллектор – сұйық және газ үшін өткізгішті және олардың сыйымды ыдысы бола алатын кеуекті және жарылымды тау жыныстары.

Табиғи резервуар – жабыны мен табаны нашар өткізгішті жынысты қабаттан тұратын коллектор.

Мұнайлылықтың сыртқы нұсқасы – сумұнайлы бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығы.

Газ қалпағы – бос газдың мұнай кеніші үстінен жиналуы.

Мұнай және газ кен орны – жер қыртысы қойнауында бір ауданда орналасқан, бір топқа жататын кеніштердің (мысалы, күмбезді қабаты немесе массивті және т.б.) жиынтығы.

Мұнай – көміртегі және сутегінің күрделі қосылысы.

Мұнайдың көміртектік коэффиценті – бұл қабат жағдайындағы мұнай көлемінің, сол мұнайдың дегазациясынан кейін, яғни қалыпты жағдай кезінде көлем қатынасына тең.

Эксплуатациялық бағана – мұнай және газды түптен сағаға көтеру үшін немесе қабат қысымын ұстау мақсатымен өнімді қабатқа суды (газды) айдауға арналған бағана.

Қабаттан мұнайдың ағуын шақыру әдістері – қабатқа қарсы қысымдарды айдау әдістері, ағыны белгілі шараларды жүргізу. Оның нәтижесінде ұңғыманың гидростатикалық қысымы қабат қысымынан аз болады.

Су арынды режим – режим кезіндегі қабатта мұнайдың ұңғымаға қозғалысы. Ол ағатын шекті (контурлы) судың әсерінен жүреді.

Мұнай бергіштік коэффициент – кеніштен шығарылған мұнай көлемінің бастапқы қорға қатынасы.

Серпімді су арынды режим – негізгі қозғалыс күші болып, жыныстың және сұйықтың серпімді кеңеюі болатын, мұнай қабатының жұмыс режимі.

Газ арынды режим – қабаттың жұмыс режимі кезеңінде, басым энергия түрі болып, газ қалпағында жиналған бос газдың энергиясына әсер етеді.

Индикаторлық қисық – депрессияға сұйықтың сығу тәуелділігі қисығы.

Нұсқа сыртымен су айдау – мұнайлық контуры сыртында орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсер ету.

Нұсқа бойымен су айдау – мұнайлық контурына тікелей жақын немесе мұнайшылықтың сыртқы және ішкі контуры арасында орналасқан, айдау ұңғымалар жүйесі арқылы қабатқа әсер ету.

Ауданды су айдау – өндіру және айдау ұңғымаларын ауданда дұрыс геометриялық тор – квадрат немесе үшбұрыш бойынша біркелкі орналастыру.

Таңдаулы су айдау – жүйеде суды айдау үшін ұңғымаларды, кенішті – геофизикалық-гидродинамикалық зерттеудің берілгені бойынша ауданды біркелкі тор бойынша бұрғылаудан кейін таңдайды.

Фонтанды пайдалану тәсілі – сұйық көтерілуі тек қабат энергиясы есебіне жүретін пайдалану тәсілі.

Газлифтті пайдалану тәсілі – тәсіл кезінде, жер бетінен айдалатын немесе қабаттан келетін газ, ұңғыма өнімі арту ағынына енгізілді.

Компрессорсыз газлифт тәсілі – ұңғыма ішілік газлифт. Бұл кезде мұнайды көтеру үшін осы ұңғыма ашқан газ қабаты энергиясын қолданады.

Сазқышқыл – тұз қышқылы және плавикалы қышқыл қоспасы.

Сусыздандыру – судан шала тотықты немесе теміртотықты жою.

Алу аймағындағы қабат қысымы – игеру ұңғымалары аймағында орташа өлшенген қабат қысымы.

Дилатансия – тау жыныстары көлемінің өзгеруі.

Ұңғыманың келтірілген радиусы – фиктивті жетілген ұңғыма радиусы, оның шығымы нақты жетілмеген ұңғы шығымына тең.

Aғынды шақыру және меңгеру мақсаты – арнайы басу сұйығымен толтырылған ұңғымалар түбінде қарсы қысымдарды төмендету және жасанды қалпына келтіру немесе сәйкес шығымды немесе қабылдағыштықты алу үшін түпкі аймақтың фильтрациялық сипаттамасын жақсарту.

Mассалы шығынды газқұрамы – берілген термобаралық шарт кезінде, газ массасы шығынының, қоспа массасы шығынына қатынасы.

Нақты газ құрамы – бос газбен толтырылған, құбырдың көлденең қимасы ауданының құбырдың көлденең қимасына, жалпы ауданына қатынасы.

Сұйықтағы газдың дисперстігі – сұйық көлемінде таралған газ көпіршіктері өлшемімен сипатталатын, газ фазасының ұсталу дәрежесі.

Нақты қалыңдық немесе қуат – қабат жабынының кез келген нүктесінен табанына дейін түсетін перпендикуляр.

Горизонталь қалыңдық – горизонталь бойынша жабынның кез келген нүктесінен табанына дейін арақашықтық.

Вертикаль қалыңдық – вертикаль бойынша, жабынның кез келген нүктесінен қабат табанына дейінгі арақашықтық.

Мұнай-газды кеніштің табаны немесе су-мұнайлы бөлімнің беті – мұнай және суды бөлетін бет деп аталады.

Мұнайлықтың ішкі контуры – су-мұнайлы бөлім бетінің қабат табанымен қиылысу сызығы.

Мұнай-газ бөлім бетінің қабат жанымен қиылысу сызығы – газдылықтың сыртқы контуры, ал қабат табанымен қиылысу сызығы – газдылықтың ішкі контуры.

Трапециялық режим – мұнай кешенін дренаждау режимі кезінде, қысым энергиясы ауырлық күші әсерінен пайда болады.

Блокты жүйе – айдау ұңғымаларын параллельді тік бұрышты қатармен, әдетте, құрылымның бойлы өсіне айқастыра орналастырады, игеру ұңғымаларын айдау ұңғымалары арасы қатарында бұрғылайды.

Ошақты су айдау – бұл жүйе кезінде, суды қабатқа бөлек айдау ұңғымалары арқылы айдайды, оларды өндіретін арасында таңдайды немесе арнайы бұрғылайды.

Сораптың толу коэффициенті – плунжердің астына келіп түсетін сұйық көлемінің, плунжердің жоғары жүрісі кезінде сызатын көлемге қатынасы.

Тербелмелі-станок – электрқозғалтқыш валының айналмалы қозғалысын, штанганың плунжермен қайтымды-үдемелі қозғалысқа түрлендіретін және сұйықты айдап шығару үдерісінде жүктемелі қабылдайтын механизм.

Мұнай эмульсиясы – мұнай және судың араласуы кезінде, осы сұйықтардың қиын бөлінетін қоспасы түзіледі, ол мұнай эмульсиясы деп аталады.

Судың коагуляциясы – суда асылған ұсақ бөлшектердің ірілеуі.

Антиклиналь – породанардың бірнеше қабатын жоғарыға шығарумен породанарды жинау аралығы.

Жаға – ағындар және толқындармен құралған созылған жердің көтерілген учаскесі.

Биогенді газ – бактериялар азғантай тереңдікте өндіретін метан.

Су (газды) конус – мұнай пластында су массасын кезектеу.

Мұнайды екінші ретті алу – пластқа әртүрлі агенттерді беруге негізделген әдістер.

Шығарылым – ұңғымадан бақыланбайтын сұйықтық/газ ағымы.

Ішкі пласты жану – мұнайды алу әдісі.

Гидростатикалық қысым – су бағанасының қысымы.

Дельтовидалы– өзінің мұхитқа құю облысында қалыптасқан жинақтар.

Дюна – желмен немесе су ағысымен қалыптасқан құмды тау.

Сұйық табиғи газ – қысу немесе қайта суыту арқылы сұйықтыққа айналдырылған газ.

Алудың үшінші ретті әдісі – пластқа агенттерді басуды қамтамасыз етеді.

Залежь – мұнай немесе газ пластын көрсететін жалпы термин.

Мұнай/газ тасымалдау коэффициенті – кен орнындағы мұнай немесе газ қорларының геологиялық қорларының үлесі, ол нәтижесінде бар техника және технология кезінде қабаттан алынуы мүмкін.

Ұңғымалы гидродинамикалық жетілдіру коэффициенті – жақсартылмаған ұңғыманың дебитінің жетілдірілген ұңғыма дебитіне қатынасы.

Мұзды кезең – 2 млн. жыл бұрынғы дәуір, ол кезде мұздар жер бетінің айтарлықтай көлемін басқан кез.

Бактериалды деградация – шикі мұнайдағы жеңіл қысқа молекулаларды бактериялармен жою.

Жұтаң газ – құрамында аз мөлшерде сұйық конденсаты бар мұнайлы газ.

Биогенді газ – саяз тереңдікте бактериялармен өңделетін метан.

Битуминозды құмдар – құмды жиналымдардағы битумдардың табиғи жиналымдары.

Ылғалды газ – құрамында конденсирлеуші сұйықтардың айтарлықтай мөлшері бар табиғи газ.

Қабатішілік жану – мұнай бергіштіктің артуына әсер ететін бу мен ыстық судың кең зоналарының дамуына алып баратын мұнайдың жануына негізделген мұнай өндіру әдісі.

Сумұнайлы контакт (СМК) – қабаттың мұнайға қаныққан және суға қаныққан қалыңдықтары бөлімінің шартты беті. СМК төмен мұнай тек мұнайсіңіргіш жыныстар жағдайында ғана болады. СМК жоғары екі фазада болады.

Сулы/газды конус – мұнайдың өте шапшаң жиналуынан қалыптасқан мұнайлы қабаттағы сулы (газды) массаның нұсқалануы.

Өндірудің екіншілік әдістері – қабаттық қысымды ұстап тұру мақсатымен қабатқа түрлі агенттерді (суды, газды және т.б.) айдауға негізделген әдістер. Екіншілік өндірістің ең көп таралған әдісі – қабатқа су айдау (суландыру).

Тастанды – ұңғымадан сұйықтың/газдың бақыланбайтын тасқыны.

Жапсарлану – жыныстың басқа жыныспен шекаралас бөлігінде қуатын нөлге дейін азайту.

Табандық сумен ығыстыру – қабаттың мұнайлы бөлігінен төмен орналасқан су жоғарғы бөлікке жылжитын және осылайша ұңғымаларға мұнайды ығыстыратын игеру режимі.

Газды фактор – беттік жағдайларда куб.фут/баррель немесе м3/м өлшем бірлікпен өлшенетін өндірілген мұнайдың бірлік көлеміне өндірілетін газ көлемі.

Газ телпегі – қабаттың мұнайға қаныққан бөлігінің үстінде еркін газдың жиналуы.

Газмұнайлы контакт (ГМК) – газға қаныққан және мұнайға қаныққан қабаттарды бөлетін шартты бет. ГМК төмен газ мұнайда еріген түрінде ғана кездесе алады, ГМК жоғары екі фазада болады.

Гидростатикалық қысым – сулы бағана қысымы.

Сазды бөлшектер – диаметрі 1/256 мм кем шөгінді материал бөлшектері.

Сазды минерал – қатпарлы ұсақ дәнді минерал.

Голоцен – 10 000 жыл бұрын уақыттан қазіргі уақытқа дейінгі дәуір.

Жабын жыныстар қысымы – кез келген тереңдіктегі жоғарыда жатқан жыныстар мен оларды қанықтыратын сұйықтардың түсіретін толық қысымы.

Дарси – өткізгіштік бірлігі, 1 Д = 0,987*10 -12 м2.

Девон – 500-400 миллион жыл бұрынғы кезең.

Дельта тәрізді – мұнайға өзеннің ағу облысында пайда болған жиналымдар.

Докембрий – 4,5 миллиард жылдан бастап 600 миллион жыл бұрынғы кезең.

Доломит – CaMg(CO3)2; әктастың өзгеруінен пайда болған жыныс; көбінесе жақсы аналық жыныс.

Бұрғылауға дейін – өндіруді интенсификациялау мақсатымен кен орнындағы ескі ұңғымалар арасынан қосымша ұңғымалар бұрғылау.

Су айдау – мұнайбергіштікті арттыруды және/немесе өндіруді жеделдету мақсатында суды қабатқа айдау ұңғымасы немесе айдау ұңғымалары жүйесі арқылы қабаттан мұнайды пайдалану ұңғымасына/ұңғымалар жүйесіне ығыстыру үшін айдалатын мұнай алудың екіншілік әдісі.

Газ айдау – мұнайбергіштікті арттыруды және/немесе өндіруді жеделдету мақсатында бос мұнайлы қабатқа СО2, азот немесе басқа газдарды айдау.

Бу айдау – буды айдау ұңғымаларына/ұңғымалар жүйесіне айдайтын мұнайбергіштікті арттыру және өндірісті жеделдету әдісі, ол мұнайдың тұтқырлығының төмендеуіне және оның жылжымалылығының артуына алып келеді.

Кеніш – мұнайлы және/немесе газды қабатты білдіретін жалпы термин.

Шығарылған жыныстар – балқытылған лаваны салқындату кезінде қалыптасқан жыныстар.

Әктас – СаСО3; карбонатты жыныстардың ең көп таралған түрі; түрлері: кристалды әктас, сланецты әктас, әктас – ұлутас және т.б.

Алынатын қорлар – бағалау бойынша өндірудің таңдалған техникасы мен технологиясында алынатын газ және/немесе мұнай мөлшері.

Лай – диаметрі 1/16-дан 1/256 мм дейінгі сынықты бөлшектер.

Кайнозой – 70 миллион жыл бұрынғы кезең.

Таскөмірлі – 350-ден 270 миллион бұрын жылға дейінгі кезең.

Карст – әктастың суда еруі нәтижесінде қалыптасатын әктас түрі.

Изопахит картасы – геологиялық жиналымдардың қуатын (қалыңдығын) көрсететін карта.

Кембрий – 600-ден 500 миллион жыл бұрынғы кезең.

Керн, колонка – ұңғымадан алынған цилиндр пішінді жыныс тілімі.

Кокколит – электронды микроскоппен тексеру кезінде ғана көрінетін бір жасушалы жүзгіш мұхиттық ағзаның СаСО3-тегі ізі (бор).

Конденсат – үлкен тереңдіктерде газ тәрізді күйде болатын және өндіру кезінде сұйыққа конденсатталатын сұйық көмірсутектер, таза газолин (бензин). Будың сұйыққа конденсациялануы кезінде пайда болатын өнім.

Континенталды көтерілім – континенттерді мұхиттың 5000-нан 13000 фут тереңдіктеріне дейін қоршап жататын жиналымдар.

Континенталды еңіс – континенталды қайраңнан мұхиттың тереңсулы бөлігіне апаратын еңіс.

Континенталды қайраң – мұхиттың жағасынан 450-500 фут тереңдікке созылатын континентті қоршап тұратын платформа (шамамен 150 м).

Конфорсты құмдар – үйлесімсіздік бетінде жинақталған құмдар.

Контур – картада бейнеленген қандай да бір параметрдің тең мәндерінің сызығы.

Қисық қатпарлық – дюн немесе құмды дірілдегі шөгінді жиналымдарының қабаттарының бұрыштық үйлесімсіздігі.

Мұнай/газбергіштік коэффициенті – өндірудің таңдалған техникасы мен технологиясында және табиғи-экономикалық жағдайларында қабаттан өндірілетін кеніштегі/кен орнындағы мұнай және/немесе газдың геологиялық қорларының үлесі.

Кему коэффициенті – алынған және дегазирленген мұнай көлемінің қабаттық жағдайлардағы мұнай көлеміне қатынасы; мұнайдың көлемдік коэффициентіне кері шама.

Күмбез – дөңгелек және эллипстік пішіннің көтерілуі.

Литология – жыныстардың құрамы мен қасиеттері туралы ғылым; сондай-ақ тау жыныстарының құрылысы мен қасиеттері.

Ұстағыш – мұнай мен/немесе газ шоғырланатын кеуекті қабаттағы көтерілім.

Аз күкіртті – құрамында күкірті аз мұнай немесе газ.

Матрица – нашар сұрыпталған шөгінді жынысындағы ұсақ дәнді бөлшектер.

Меандр – өзен ағысының иілген жері.

Мезозой – 225-70 миллион жыл бұрынғы кезең.

Бор – өте ұсақ дәнді тастардан (кокколиттерден) құралған әктас.

Борлы – 135-70 миллион жыл бұрынғы кезең.

Кен орны – кейбір геологиялық қалыптасуымен байланысқан бірнеше газды және/немесе мұнайлы қабаттар; сондай-ақ жеке газды және/немесе мұнайға қаныққан өнімді қабат.

Метаморфтық жыныстар – жоғары температура мен/немесе қысым әсерінен өзгерген жыныстар.

Мұнайбергіштікті арттыру әдістері (МАӘ) – өндірудің екіншілік және үшіншілік әдістерін біріктіру үшін қолданылатын термин. Сондай-ақ, өндірудің біріншілік әдістерімен салыстырғанда мұнайбергіштікті көтеруге мүмкіндік беретін әдістер тобы.

Миграция – мұнай мен газдың аналық жыныстан өнімді қабатқа қарай тік және көлденең қозғалысы.

Миоцен – 25-11 миллион жыл бұрынғы кезең.

Моноклиналь – құлау бұрышы өзгермейтін немесе бір қанаты – иілімі бар еңісті қабаттар.

Мүйіс – өзенді меандрдың ішкі жағында жиналымдардан түзілген құмды қайраң.

Қанығу – кеуектер көлемінің үлесімен берілген жыныстар кеуектеріндегі түрлі сұйықтар мен/немесе газдардың мөлшері.

Консолдирленбеген – нығыздалмаған, борпылдақ.

Өткізбейтін жыныс – өзінен сұйық немесе газдың өтуіне мүмкіндік бермейтін жыныс.

Мұнайлы аймақ – мұнайға қаныққан бөлік немесе қабаттың қуаты.

Мұнайлы құм – құрамында мұнайы бар құмдар үшін жалпы термин.

Мұнайлы сланец – құрамында кероген бар және мұнайды қыздыру кезінде генерирлеуге қабілетті ұсақ дәнді шөгінді жынысы.

Нөлдік деңгей – контурлар өзгеретін бет деңгейі (әдетте теңіз деңгейі).

Оолит – өлшемі жыныстың құмды/алевритті бөлшектерінің өлшемдерімен бірдей мұхит суларынан шөккен СаСО3 бөлшектері.

Ордовик – 500-440 миллион жыл бұрынғы кезең.

Шөгінді жыныс – сумен, ауамен немесе мұзбен таралған және басқа жерде жинақталған, жыныстың желденген бөлшектерінен құралған жыныс.

Салыстырмалы өткізгіштік – бөліктік қанығуда флюид үшін тиімді өткізгіштіктің осы флюид үшін кеуекті кеңісітіктің олармен 100%-дық қанығу кезіндегі осы флюид өткізгіштігіне қатынасы.

Патент иесіне аударымдар – көмірсутекті ресурстар иесіне төленетін мұнай газ компаниясының кірістерінің пайызы.

Палеозой – 600-225 миллион жыл бұрынғы кезең.

Палеоцен – 70-60 миллион жыл бұрынғы кезең.

Пенсильвандық – 310-270 миллион жыл бұрынғы кезең.

Өндірудің біріншілік әдістері – қабат энергиясын қолдануға негізделген өндіру әдістері.

Кезең – эраның бөлімі.

Пермь – 270-225 миллион жыл бұрыңғы кезең.

Перспективалық құрылым (prospect) – ұңғыманы бұрғылауда геологиялық-экономикалық қолайлы құрылым.

Құм – диаметрі 1/16 ÷ 2 мм сынықты бөлшектер.

Қайраңның құмды тілшелері – дельтадағы құмның созылыңқы тар жиналымы.

Плейстоцен – 2 миллион жылдан бастап 10 000 жыл бұрынғы кезең

Плиоцен – 11-2 миллион жыл бұрынғы кезең.

Тығыз құмдар – аз немесе нөлдік өткізгішті құмдар.

Тығыз әктас – аз немесе нөлдік өткізгішті әктастар.

Беттік-белсенді зат – мұнай алудың үшіншілік әдістері кезінде қолданылатын, мұнайдың сумен шекарасында беттік кернеуін азайтатын және мұнайдың толық алынуына әрекет ететін химиялық қосылыс.

Қабат қысымын ұстау – қабат энергиясы мен ағынның біріншілік режимі таусылған немесе өндірудің қажет деңгейін ұстап тұруға жеткліксіз болған кездегі өндіру деңгейін ұстап тұру үшін қабатқа газ немесе су айдау үдерісі.

Жабын жыныстар – өнімді мұнайгазды қабат үстіндегі өткізбейтін немесе ерімейтін жыныстың (тұзды күмбез) қабаты.

Полимер – сумен әрекеттескенде тұтқыр сұйық құрайтын ұзын молекулалық тізбегі бар химиялық қосылыс.

Кеуектілік – пайызбен берілетін жыныстың толық көлеміндегі кеуекті көлем үлесі.

Капиллярлы қысым – суланатын және суланбайтын фазалар қысымдарының айырмасы, олардың артуы суланбайтын фазаға суланатын фазаға қаныққан кеуектерге енуге мүмкіндік береді.

Табиғи газ – беттік жағдайларда газ тәрізді күйде болатын жеңіл көмірсутректер.

Өнімді қабат – кеуектілігі мен өткізгіштігі жақсы дамыған тау жынысы.

Өткізгіштік – қысымның өзгерісі кезінде жыныстың сұйықты және газды өткізу қабілеті. Флюидтердің жыныс арқылы өту қасиетінің шамасы. Өткізгіштік бірлігі ретінде

Дарси = 0.987*10-12 м2 қабылданған.

Барлау ұңғымасы – мұнай/газ құрылымына перспективалы барлау кезеңіндегі бұрғыланған ұңғыма.

Ұңғыма қимасы – ұңғымадағы жыныстар қасиеттерін олардың жатыс тереңдігі бойынша сипаттау.

Қабаттың жұмыс режимі – энергия көзі түріне байланысты қабаттан мұнай мен газ алуға жұмсалатын деп аталатын режим. Немесе қабаттан мұнай немесе газды алуға шығындалатын энергия көзінің түрі бойынша аталатын бөлім.

Резервуар – кеуекті және өткізгішті шөгінді жыныстардың қуатты жиналымы; мұнай мен/немесе газдың жерасты кеніші.

Риф – коррал типті ағзалардан құралатын гребень немесе толқынды түзілімнің осындай бөлшектері.

Бұрма – қиманың бір жағының екінші жағына қатысты орын ауысуы жүретін жыныс тұтастылығының қимасы.

Судың еркін деңгейі (СЕД) – мұнай қысымы су қысымына тең болатын бет.

Байланысқан – қабаттық су (сондай-ақ, реликті деп аталады). Барлық мұнайға және/немесе газға қаныққан қабаттардың бәрінде болады.

Байланысқан су – кеуектердегі қозғалмайтын су (реликті су).

Силур – 440-400 миллион жыл бұрынғы кезең.

Синклиналь – ортақ қасиеттері бойынша біріктірілген жыныстардың бірнеше қабаттарының жыныстарының созылған қатпары.

Смола – өте ауыр, тұтқыр шикі мұнай.

Тұзды күмбез – қоршаған жиналымдар тығыздығымен салыстырғанда тығыздығы аз үлкен тұзды массив, жоғарыға жабын жиналымдары арқылы көтеріледі.

Тұз қышқылымен өңдеу – жынысты бөлшектеп еріту және оның өткізгіштігін арттыру мақсатында қабаттың түптік аймағын қышқылмен (көбінесе карбонатты) өңдеу.

Стратиграфиялық карта – қабаттардың тік кезектілігін көрсететін карта.

Стратиграфиялық баған – жыныс қабаттарының тік кезектілігін көрсететін баған.

Стратиграфиялық ұстағыш – өнімді қабаттың қалыптасу кезінде немесе оның эрозия үдерісі кезінде қалыптасқан мұнай немесе газ ұстағышы.

Құрылымдық карта – нөлдік деңгейге қатысты жатыс деңгейлерінің артуы мен төмендеуін көрсететін карта (мысалы, теңіз деңгейіне қатысты).

Құрылымдық ұстағыш – өнімді қабаттың құрылымдық деформациясы есебінен қалыптасқан мұнайлы немесе газды ұстағыш.

Сутек сульфиді – күкіртті сутек (Н2S); улы газ (қышқыл газ).

Құрғақ газ – конденсирлеуші фракциялары/компоненттері жоқ құрғақ табиғи газ.

Өндірудің үштік әдістері – қабатқа, екіншілік әдіспен салыстырғанда, мұнай алу деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін агенттерді айдауға негізделген әдістер.

Үштік – 70-2 миллион жыл бұрынғы кезең.

Триасты – 225-180 миллион жыл бұрынғы кезең.

Нығыздалу – жоғарыда жатқан қабаттар қысымдарының әсерінен жыныстар көлемінің азаюы.

Формация – жыныстың картографиялық суреттелген қабаты.

Цемент – сынықты шөгінді жыныстарды берік байланыстыратын минералдар; сондай-ақ, термин шегендеу құбырын ұңғыма қабырғаларымен байланыс-тыратын цементтік ерітіндіге де жатады.

Буды циклды айдау – ұңғымаға бу айдаудың алмасатын кезеңдерінен тұратын және осы ұңғымадан өнім алынатын мұнайбергіштікті арттыру әдісі (әсіресе, ауыр мұнайды алу үшін).

Төрттік – 2 милиион жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең.

Штуцер – ағысты шектеу мен өндіру деңгейін реттеуге арналған аспап.

Пайдалану ұңғымасы – мұнай және/немесе газ өндірісін жүзеге асыратын ұңғыма.

Эолды – жел әрекетінен құралған.

Эоцен – 60-40 миллион жыл бұрынғы кезең.

Дәуір – уақытша кезеңдердің бөлінісі.

Эра – Жер тарихы уақытының басты бөлінісі.

Тиімді кеуектілік – жыныстың жалпы көлемінен өзара бірігетін кеуектер көлемінің үлесі, пайызбен беріледі. Бір-бірімен өзара байланысатын жыныстағы қуыстар көлемі.

Тиімді өткізгіштік – басқа сұйықтармен және/немесе газбен кеуекті толтыратын сұйық үшін өткізгіштік.

Юралық – 180-135 миллион жыл бұрынғы кезең.

Абсолютті ылғалдылық – қалыпты жағдайда 1 м3 газдың құрамында болатын су буының массалық құрамы.

Абсорбция – газдың сұйық жұтқыш массасы – абсорбенттен өтуі кезінде оның құрамынан су буларын немесе басқа да компоненттерді жұту үдерісі.

Адгезия – жабысу, газдан тамшылы сұйықтар мен механикалық бөлшектерді бөліп алу мақсатында беттік керілу күштерін пайдалану және қолдану.

Адсорбция – кеуек беттері үлкен қатты жұтқыштармен (адсорбенттермен) газдың құрамынан су булары мен конденсатты бөліп алу.

Барботаж – қысым арқылы газды сұйықтан өткізу, қарқынды араластыру және жұту үшін қолданылады.

Ылғал сыйымдылық – берілген температура мен қысым кезінде газ құрамындағы су буларының ең үлкен мүмкін мөлшері.

Ылғалдылық құрамы – берілген температура мен қысым кезіндегі газдың бірлік көлемінде болатын су буларының нақты мөлшері.

Газ факторы – мұнай қабатынан бос күйінде өндірілетін, сонымен қатар мұнайды айырудың әртүрлі сатыларынан кейін бөлінген газдың жалпы мөлшері. Немесе 1 т шығарылатын мұнайға келетін, қалыпты жағдайға келтірілген газ мөлшері.

Табиғи газдардың гидраттары – жоғары қысым кезінде түзілетін көмірсутектердің сумен қатты кристалды тұрақсыз қосылыстары.

Су (мұнай) глобуласы – дисперсті ортадағы шар тәріздес бөлшек.

Дефляция – желдің әсерінен таужыныстарының мүжілуі.

Деэмульгаторлар – эмульгаторларға қарағанда әрекеттілігі жоғары, мұнай эмульсияларын бұзуға арналған беттік-әрекетті заттар (БӘЗ).

Дисперсті орта – құрамында басқа сұйықтардың ұсақ тамшылары бар сұйық.

Дисперсті фаза – дисперсті ортада ұсақ тамшылар түрінде орналасқан сұйық.

Эмульсияның дисперстігі – дисперсті ортадағы дисперсті фазаның ұсақталу дәрежесі.

Диффузо – құбырдың кеңейген бөлігі (ортадан тепкіш сораптарда немесе компрессорларда), мұнда газ немесе сұйық ағының жылдамдығының азаюы жүреді және кинетикалық энергия потенциалдық энергияға айналады – бұл кезде қысым жоғарылайды.

Дроссель – құбырлардың көлденең қимасын азайтатын құрылғы.

Дроссель тиімділігі немесе Джоуль-Томсон тиімділігі – газды дроссель арқылы өткізген кезде оның қысымымен қатар температурасы да едәуір төмендейді, бұл әдісті газды төменгі температурада айыру кезінде қолданады.

Дюкер – су кедергілерінен өту үшін су арнасы астынан төселетін құбырларға арналған траншея.

Инверсия – фазалардың ауысуы (эмульсияның бір түрден екінші түрге өтуі).

Коагуляция – ілінісудің молекулярлық күші әсерінен бірігуі арқылы ұсақ бөлшектердің іріленуі.

Коагулянттар – дисперсті жүйелерге қосқан кезде дисперсті фазалардың диффузиялық қабатын сирететін және бөлшектердің соғысуы кезінде олардың бірігуіне әкелетін заттар (электролиттер).

Коалесценция – су немесе мұнай тамшыларының ортақ бір тұтас тамшыға бірігуі; жанасу беттерінің толық жойылуы болатын бөлшектер коагуляциясының терең сатысы.

Конвекция – бір-біріне қатысты орын ауыстыратын сұйық немесе газ тәрізді бөлшектердің кеңістіктің бір нүктесінен екінші нүктесіне жылу тасымалдау үдерісі.

Конденсация – заттың газ күйінен сұйық күйге өтуі.

Кондиция – тауар (яғни, мұнай мен газ) сай болатын норма, стандарт, сапа.

Коррозия – сыртқы және ішкі ортаның әсерінен жабдықтар мен құбырлар металдарының өздігінен біртіндеп бүлінуі.

Криогенез – атмосфераның, гидросфераның және литосфераның шекаралық қабаттарында мұздың түзілуімен байланысты болатын үдерістер.

Лупинг – құбырлардың өткізгіштік қабілетін арттыруға арналған параллель төселген құбырлар.

Маточник – сұйықты бірқалыпты беруге арналған тұндырғыш аппаратындағы перфорацияланған тарату коллекторы.

Ньютондық емес сұйықтар – тұтқырлығы ығысу кернеуі мен жылдамдық градиентіне байланысты өзгеретін сұйықтар, оларға парафинді мұнайлар мен эмульсиялар жатады.

Мұнай газы – бұл мұнаймен бірге өндірілетін газ – құрамында көмірсутекті емес газдар: азот, көмірқышқыл газы, күкіртсутек, инертті газдары бар С1–С4 метандық қатардың көмірсутектерінен тұратын көп компонентті қоспа.

Мұнай эмульсиялары – бір-бірінде ерімейтін және ұсақ дисперсті күйде болатын мұнай мен қабат суларының механикалық қоспасы.

Газды одоризациялау – газға одоранттарды қосу арқылы өзіне тән иіс беру.

Окклюдирленген газ – мұнай массасында жеке көбіктер түрінде таралған газ.

Газдың салыстырмалы ылғылдылығы – ылғалдылық құрамының ылғал сыйымдылыққа қатынасы.

Газдың салыстырмалы тығыздығы – бірдей жағдайдағы газ тығыздығының ауа тығыздығына қатынасы.

Понтон – жеңіл көмірсутектердің шығындалуына жол бермейтін резервуар жабдығы, қалқымалылығын қамтамасыз ететін қалытқылары бар диск.

Тауарлы мұнай астындағы су – мұнайды ұзақ сақтау барысында тауарлы резервуарлардың түбінде жиналатын су.

Айыру (сепарация) – фазаларды бөлу, мұнай ұңғымаларының өнімдерін газды және сұйық (мұнай, су) фазаларына бөлу үдерісі.

Ұңғы өнімі – ұңғымадан шығатын көп компонентті заттар, мұнайдан, қабат суынан, әртүрлі қоспалардан және еріген газдан тұрады.

Тұрақтандыру – атмосфераға буланбайтын тұрақты мұнайды алу үдерісі.

Шикі мұнай – ұңғымадан дайындау қондырғыларына түсетін мұнай. Көміртек пен сутектен құралған молекулалардың сұйық қоспасы.

Жылу сыйымдылық – затқа берілетін жылу мөлшерінің температураның сәйкесті өзгерісіне қатынасы.

Меншікті жылу сыйымдылық – масса бірлігіне келтірілген жылу сыйымдылық. Тәжірибеде бұл ұғым 1 кг затты 10С-ға қыздыруға қажетті жылу мөлшерін (кДж) білдіреді.

Жылу өткізгіштік – заттың салыстырмалы орын ауыстырмайтын молекулалары немесе атомдарының жылулық тербелісті қозғалысының әсерінен жылу беру үдерісі, ол жылу өткізгіштік коэффициентімен (Вт/м·К) сипатталады.

Жану жылуы – 1 м3 газ немесе 1 кг сұйық не қатты отынның толық жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшері (кДж).

Тиксотропия – құрылым тығыздығының уақыт өте өздігінен ұлғаюы және бұзылудан кейін қалпына келуі.

Тауарлы мұнай – нормаға сәйкес сапаға дейін жеткізілген дайындалған мұнай.

Шықтану нүктесі – берілген температура кезінде газдағы су буының шекті мөлшері (тәжірибеде шықтану нүктесі ретінде конденсацияның басталу температурасын айтамыз).

Фильтрация – конструкциясы әртүрлі сүзгілер мен сұғындырмалардан сұйықты өткізу.

Флотация – ағын суларды тазарту тәсілі, ол бөлшектердің (мұнай, қатты қоспалар) ауа көбіктеріне жабысып және олармен бірге сұйық бетіне қалқып шығып, көбікті қабат түзуге негізделген.

Флокулянттар – полиакриламид (ПАА) түріндегі жоғары молекулярлы суда еритін полиэлектролиттер.

Шлам – сұйықтарды тұндыру немесе сүзу кезінде бөлінетін ұсақ қатты бөлшектер түріндегі тұнба.

Эжектор – газдың қысымын арттыруға арналған сығымды аппарат.

Эмульгаторлар – эмульсияның түзілуіне әсер ететін заттар: асфальтендер, нафтендер, шайырлар, парафиндер, тұздар және механикалық қоспалар.