ӘОЖ 622.1/2 (075.8)
КБЖ 33.361 я 73
Қ 41

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы бекіткен


Пікір жазғандар:
Кабдулов С.З. – техника ғылымдарының докторы, профессор;
Нысанғалиев А.Н. – техника ғылымдарының докторы, профессор;
Абдели Д.Ж. – техника ғылымдарының докторы, профессор.


Қартабай А.Т.
Қ41  Қайраңда мұнай-газ кен орындарын меңгеру және пайдалану: Электрондық оқулық. / Қартабай А.Т. – Алматы, 2015.


Электрондық оқулықта теңіз қайраңындағы мұнай және газ кен орындары туралы геологиялық, мұнай, газ, қабат сулары құрамы және қасиеті туралы мәліметтер берілген. Сонымен қатар, теңіз қайраңындағы кен орнындарды меңгеру және пайдалану, теңізде ұңғымаларды бұрғылау техникасы мен технологиясы, мұнай-газ өндірудің технологиялық үдерістері, ұңғымалардың өнімділігін арттыру әдістері, ұңғымаларды пайдалану тәсілдері, газдарды сепарациялау және қабаттағы суды тазалау сұрақтары баяндалған. Ұңғыма өнімін жинау, дайындау және тасымалдау жайлы қарастырылған. Кәсіптік құрал-жабдықтардың осы саладағы соңғы жетістіктері ескерілген және технологиялық сызбанұсқалары, кен орындардағы құрал-жабдықтарды қолдану мысалдары келтірілген. Теңізде қоршаған ортаны қорғау мәселесі жан-жақты көрсетілген. Оқылған материалдарды меңгеруді тексеру, бақылау және өзіндік бақылау үшін термин сөздерге түсінік берілген. Сондай-ақ кестелер, суреттер, әдебиеттер тізімі ұсынылған.

Оқулық ЖОО-ның мұнай және газ саласы мамандығы докторанттары мен магистранттарына, студенттеріне және колледж оқушыларына арналған.



ISBN 978-601-7797-20-1


© Қартабай А.Т., 2014
© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2014
© Қартабай А.Т., 2015
© "Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана" мекемесі, 2015