-3-

    1. Гравитациялы теңіз стационарлы платформаның кемшілігін анықтаңыз.

    Үлкен емес тереңдікте қолданылуы
    Өте үлкен салмағы
    Дайындауға көп материалдар шығыны
    Оны қондыратын орынды мұхият дайындау
    Теңіз коррозиясына төзімсіз болуы

    2. Әлем акваторияларында қолданыстағы платформалардың 40 конструкциясы ішінен қатты ТСП-ның қай түрі жиі қолданылады?

    Гравитациялық ТСП
    Жүзбелі мұнаралар
    Иілгіш мұнаралар
    Қазықты ферменді платформалар
    Гравитациялы-қазықты ТСП

    3. Қатты теңіз стационарлы платформалар әлемде серпімді платформаларға қарағанда қолдануы қанша пайыз?

    76%
    24%
    26%
    5%
    45%

    4. Серпімді стационарлы платформалар әлемде қанша колданылады?

    76%
    24%
    26%
    5%
    45%

    5. Шельфте басым түрде қандай ұңғылар бұрғыланып, пайдаланады?

    Бақылау ұңғылар
    Тік ұңғылар
    Пъезометрлік ұңғылар
    Өндіру ұңғылар
    Көлбеу және көлденең ұңғылар

    6. Шельфтегі кен орындарда қолданылатын арынды сорапта кинетикалық энергия потенциялды энергияға қай жерде ауысады?

    Диффузорда
    Камерада
    Жеткізу каналда
    Белсенді соплода
    Сорапта

    7. ER=ED·e-bL2 мұнайбергіштік коэффициентті анықтау формуласында b қандай коэффициент?

    Ығыстыру коэффициенті
    Ұңғылар арақашықтығын анықтайтын коэффициент
    Қабаттың, сұйықтың қасиетінен және ұңғыларды орналастырудың таңдалған жүйесінен тәуелді коэффициент
    Тұрақты коэффициент
    Меншікті қор коэффициенті

    8. EA = C·Ldf-Dформула қандай коэффициентті анықтайды?

    Мұнайбергіштік коэффициенті
    Қабатты қоршау коэффициенті
    Ығыстыру коэффициенті
    Сызықты коэффициент
    Дәреже коэффициенті

    9. Келтірілген формулалардың қайсысы сызықты суландыру кезінде фракталды өлшемділікті көрсетеді?
    1) df = 1,11 ± 0,05     2) df = 1,7 ± 0,05     3) df = 1,61 ± 0,05     4) df = 1,25 ± 0,05     5) df = 2 ± 0,05

    1
    2
    3
    4
    5

    10. Серпімді және қатаң-суарынды қабат режимдері қабаттан қанша мұнайды алуға мүмкіндік береді?

    35÷75%
    5÷25
    40%
    95%
    10%

    11. Еріген газ режимі қабаттан қанша мұнайды алуға мүмкіндік береді?

    95%
    35÷75%
    40%
    5÷25%
    10%

    12. Өнімді қабаттан 5÷25% дейін мұнайды алуға мүмкіндік беретін режим қалай аталады?

    Газ арынды режим
    Серпімді режим
    Гравитациялық режим
    Еріген газ режимі
    Су арынды режим

    13. Өнімді қабаттан 35÷75% дейін мұнайды алуға мүмкіндік беретін режим қалай аталады?

    Серпімді режим
    Су арынды режим
    Газ арынды режим
    Еріген газ режимі
    Гравитациялық режим

    14. Сағасы су астында орналасқан жүйелердің артықшылықтардың бірі, ол – ...

    Сыртқы климаттық жағдайлардан сақталатыны
    Көпфункциялы болуы
    Коррозияға төзімді болуы
    Өрт қауіпсіздігі
    Ұзақмерзімділігі

    15. Континенталды еңіс дегеніміз не?

    Теңіздің тереңсулы жазық бөлігі
    Континенталды шельфтің шетінен төмен қарай бағытталған еңіс
    Құбырды су астына түсіру үшін арналған арнайы алаң
    Платформаларды бір бірімен байланыстыратын алаң
    Құрылықтың су асты түзу болатын жер

    16. Құрлыққа жақын орналасып, онымен геологиялық құрылымы бірдей болатын, құрылықтың су асты түзу болатын жер қалай аталады?

    Шельф
    Континенталды еңіс
    Қыр етегі
    Теңіздің тереңсулы жазық бөлігі
    Шельфтің шеті

    17. Су асты пайдалану жүйесі қандай кен орындарда пайдалынады?

    Мұнай қоры көп емес кен орындарда
    Мұнай қоры көп кен орындарда
    Құрлықтағы кен орындарда
    Газконденсатты кен орында
    Ірі кен орындарда

    18. Су асты пайдаланудың кемшілігі

    Үлкен тереңдікте болған жағдайда қондырғыларға жету қиыншылығы және ұңғыларды жөндеу қиыншылығы
    Коррозияға төзімді еместігі
    Көп материал шығыны
    Өрт қауіптілігі
    Тез деформациялануы

    19. Континенттік құрылықтың теңізге қарай жалғасы, ол – ...

    Теңіздің түбі
    Стингер
    Құрылық
    Теңіз
    Шельф

    20. Шельфті кен орындарды рационалды игеру дегеніміз, ол – ....

    Аз уақыт ішінде аз ұңғылар санымен қабаттан мұнайды ең үлкен көлемде алу
    Үлкен көлемде мұнайды алу үшін қажетті гидротехникалық платформаларды таңдау
    Аз еңбек және материал шығындарымен сапалы түрде бұрғылау үрдісін жүргізу
    Қабаттан мұнайды көп ұңғылар санымен өндіру
    Сапалы түрде бұрғылау ұрдісін жүргізу арқылы жобаланған тереңдікке жеткізу

    21. Шельфті кен орындарда рационалды бұрғылау дегеніміз ...

    Еңбек және материал шығындарымен сапалы түрде бұрғылау үрдісін жүргізу
    Үлкен көлемде мұнайды алу үшін қажетті гидротехникалық платформаларды таңдау
    Аз уақыт ішінде аз ұңғылар санымен қабаттан мұнайды ең үлкен көлемде алу
    Сапалы түрде бұрғылау ұрдісін жүргізу арқылы жобаланған тереңдікке жеткізу
    Қабаттан мұнайды көп ұңғылар санымен өндіру

    22. Қатты ТСП-лар тербеліс периоды неше уақытты құрайды?

    1÷2 с
    10 с
    4÷6 с
    6÷15 с
    138 с

    23. Серпімді ТСП-лардың тербеліс периоды неше?

    10 с
    20÷138 с
    1÷2 с
    6÷15 с
    4÷6 с

    24. Су асты саға қондырғының негізгі және жауапты бөлшегінің бірі – ...

    Гидравликалық күш қондырғысы
    Компенсатор
    Жоғарғы секция
    Бұрғылаушы пульті
    Теңіз тұрағы

    25. Келтірілген формулалардың қайсысы аудандап суландыру кезінде фракталды өлшемділікті көрсетеді?
    1) df = 1,11 ± 0,05     2) df = 1,7 ± 0,05     3) df = 1,61 ± 0,05    4) df = 1,25 ± 0,05     5) df = 2 ± 0,05

    1
    2
    3
    4
    5

    26. Келтірілген формулалардың қайсысы бес нүктелік суландыру кезінде фракталды өлшемділікті көрсетеді?
    1) df = 1,11 ± 0,05     2) df = 1,7 ± 0,05     3) df = 1,61 ± 0,05     4) df = 1,25 ± 0,05     5) df = 2 ± 0,05

    1
    2
    3
    4
    5

    27. Терең сулы акватория дегеніміз – ол...

    Теңіз түбінің толқын таралуына әсер етпейтін аймақ
    2 мильдіқ арақашықтағы аймақ
    Толқын таралатын аймақ
    Теңіз түбінің толқын таралуына әсер ететін аймақ
    Жағалаулық аймақ

    28. Егер ұңғы өнімінің жер бетіне көтерілуі табиғи энергияның есебінен болса, онда ол қандай пайдалану тәсіл?

    Фонтанды
    Газлифтілі
    Сорапты
    Механикаландырылған
    Ішкі газлифтті

    29. ЖБҚ-ның бұрылу бұрышын анықтайтын құрал:

    Датчик
    Акустикалық өлшеу жүйесі
    Роульс
    Гидрокомпас
    Бұрандалар

    30. Алдын ала жобалау деп нені айтады?

    Инженерно-геологиялық іздеу
    Қолданбалы тапсырма
    Инженерно-құрылыстық игеру
    Кәсіптік сұлба
    Инженерлік-техникалық өңдеу

    31. Өнімді қабаттағы игеру ұңғыларының түбіне сұйықтықтар қозғалысының басқару процесі қалай аталады?

    Игеруді реттеу
    Игеру объектісі
    Игеру жүйесі
    Игеру қарқыны
    Игеру технологиясы

    32. Ұңғы түбі аймағына жылумен әсер ету тәсіліне төмендегі тәсілдердің қайсысы жатпайды?

    Қышқылмен өңдеу
    Электрожылулық өңдеу
    Қабатқа ыстық мұнайды айдау
    Бу жылулық өңдеу
    Қабатқа ыстық дизельді жағар майды айдау

    33. Қышқылдың металға коррозионды әсерін азайту немесе минимумға дейін жеткізу үшін тұз қышқылы ерітіндісіне қандай зат қосады?

    Минералдар
    Ингибиторлар
    Шлам
    Стабилизаторлар
    Эмульгаторлар

    34. Аз өткізетін карбонат жыныстарында қабаттың түп аймағына әсер етудің қандай тәсілін қолдануға болады?

    Қабатты сұйықпен жару
    Қышқылмен өңдеу
    Электрлік жылумен өңдеу
    Ұңғымаға ыстық сұйықты айдау
    Буды жылытып өңдеу

    35. Қандай қабаттарда ұңғыманы меңгеру ауыр сұйықты жеңіл сұйықпен ауыстыру арқылы жүргізіледі?

    Бопылдақ, бос жыныстардан тұратын қабаттарда
    Қабат қысымы жоғары қабаттарда
    Қатты жыныстардан тұратын қабаттарда
    Қабат қысымы төмен қабаттарда
    Орнықты қатты жыныстардан тұратын қабаттарда

    36. Ұңғыларды меңгерудің компрессорлық әдісі қандай қабаттарда қолданылады?

    Әлсіз цементтелген жыныстардан тұратын қабаттарда
    Болпылдақ, бос жыныстардан тұратын қабаттарда
    Қатты, берік жыныстардан тұратын қабаттарда
    Құмнан тұратын қабаттарда
    Құм мен саздан тұратын қабаттарда

    37. Фонтанды арматурада фонтанды ұңғы жұмысын бақылау үшін не қолданады?

    Манометр
    Штуцер
    Шырша
    Ұшжақ
    Лақтыру желісі

    38. Фонтанды арматурада фонтанды ұңғы жұмысын реттеу қандай құрылғымен орындалады?

    Лақтыру желісі
    Манометр
    Шырша
    Ұшжақ
    Штуцер

    39. Батырмалы ортадан тепкіш электр сорапқа қайсы жабдықтың қатысы жоқ?

    Штанга
    Батырмалы қозғалтқыш
    Электр кабелі
    Көпсатылы ортадан тепкіш сорап
    Сорапты- компрессорлы құбырлар

    40. Арынды сорапқа қай жабдықтың қатысы жоқ?

    Диффузор
    Жұмыс агентін жеткізу каналы
    Белсенді сопло
    Қабылдау камера
    Штанга

    41. Шельфті кен орныдарда қолданылатын тандемді қондырғы келесілерден тұрады:

    Электр кабелі, қабылдау камера, диффузор
    Штанга, батырмалы қозғалтқыш, электр кабелі
    Штанга, батырмалы қозғалтқыш, көпсатылы ортадан тепкіш сорап
    БОТЭС, сорапты- компрессорлы құбырлар, электр кабелі
    БОТЭС, арынды сорап, сорапты –компрессорлы құбыр

    42. Қандай гидротехникалық құрылым арқылы теңіз түбіне құбырларды төсейді?

    Платформа
    Стингер
    Құбырлар
    Эстакада
    Құбыр төсегіш баржа

    43. Якорлы ұстау жүйелерде якорлы шынжырларды орналастырудың әлем тәжірибесінде кеңінен таралған қанша сұлбасы бар?

    6
    2
    4
    10
    8

    44. Якорлы арқандар мен шынжырлардың тартылуын үздіксіз басқаратын құрал не?

    Роульс
    Гидрокомпас
    Компьютер
    Тензометр
    Лебедка

    45. Динамикалық тұрақтандыру жүйесімен ұстатылатын және 8235 м дейін барлау акваториясында қолданылып жетістікке жеткен кеме, ол ...

    Седко-471
    Пеликан
    Гломар Челенджер
    Катамаран
    Седко-445

    46. ЖББҚ-ны қалай тасымалдайды?

    Тек ғана буксирлеу арқылы
    Буксирлеу кемесі арқылы, өздігінен жузу арқылы және аралас түрінде
    Барлық ЖББҚ өздігінен жүзеді
    Жартылай өздігінен жүзу және жартылай буксирлеу арқылы
    Танкерлермен тасымалдау арқылы

    47. Қандай себептермен якорлы ұстау жүйесі 300м-ден үлкен тереңдікте қолданылмайды?

    Тереңдеген сайын якорлы шынжырлардың қайта- қайта үзілуі, яғни сеніміздігінен
    Якорлы ұстау жүйесінің жетілмеуінен
    Бұл жүйеде компьютердің болмауынан
    Ұңғы осі бойынша көлденең орын ауыстыруынан
    Үлкен қаражатты қажет етуінен

    48. ӨҚБҚ-ның тіректерін көтеріп-түсіретін құрылғылар қандай жылдамдықпен жұмысты орындайды?

    5-8 м/мин
    1,5-3 м/мин
    10-25 м/мин
    0,2-0,3 м/мин
    0,46-1,37 м/мин

    49. Теңіз тереңдігі 30-120 м аралығында барлау жұмыстарын жүргізу үшін қандай теңіз бұрғылау қондырғыларын колданады?

    Өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы
    Жартылай батпалы бұрғылау қондырғысы
    Платформа
    Баржа
    Бұрғылау кеме

    50. Теңіз тереңдігі 200-300 м аралығында барлау жұмыстарын жүргізу үшін қандай теңіз бұрғылау қондырғыларын колданады?

    Баржа
    Өздігінен көтерілетін бұрғылау қондырғысы
    Платформа
    Жартылай батпалы бұрғылау қондырғысы
    Бұрғылау кеме

    51. Теңізде мұнай газды өндіруде теңіз платформалардың саны немен анықталады?

    Дренаждау объектісімен
    Игеру жүйесімен
    Айдалатын сұйықпен
    Жүргізілетін шаралармен
    Теңіз тереңдігімен

    52. Ұңғылардың тиімді саны және олардың өзара орналасуы қандай фактордан тәуелді емес?

    Айдалатын сұйық пен газдың қасиеттерінен
    Кеніш түрінен
    Мұнай және газ қорынан
    Кеніштің орналасуынан
    Қабат қасиетінен және оны қанықтыратын сұйық пен газдың қасиеттерінен

    53. Роульс дегеніміз не?

    Құбырларды төсеу үшін арналған алаң
    Құбырларды су астына түсіру алаңы
    Платформаға жүктемелерді азайту құрылғысы
    Су деңгейін өлшеу құралы
    Якорлық тростардың орынауыстыру бағытын өзгерту құралы

    54. Якорлық тростардың орынауыстыру бағытын өзгерту құралын қалай атайды?

    Роульс
    Ригель
    Стингер
    Якорь
    Понтон

    55. Теңіз өндірісінде қолданатын арынды сорап жұмысы неге негізделген?

    Гидравликалық энергияны екі рет түрлендіру
    Потенциалды энергияны кинетикалық энергияға түрлендіру
    Кинетикалық энергияны потенциалды энергияға түрлендіру
    Көтергішке аралас газды айдау
    Ротордың (бұранданың) айналуы

    56. Ортадан тепкіш электр сораптың қабылдау жерінде еркін газдың кері әсерінен сақтау үшін не орнатады?

    Сүзгіш
    Понтон
    Стингер
    Протектор
    Сорапты газсепаратор

    57. Ортадан тепкіш электр сораптың беруін, арынын және пайдалы әсер коэффициентін не төмендетеді?

    Аз тереңдікте сорапты қолдану
    Сораптың қабылдау жерінде еркін газдың азаюы
    Үлкен тереңдікте сорапты қолдану
    Сораптың қабылдау жерінде еркін газдың көбеюі
    Қабат температурасының өзгеруі

    58. Қандай сорап мұнай тұтқырлығы 20 Па ·с дейн мұнайды көтеруге арналған?

    Штангалы сорап
    Бұрандалы сорап
    Ортадан тепкіш электр сорап
    Арынды сорап
    Гидропоршенді сорап

    59. Егер газ кенішінің астында табан суы болса, онда перфорация интервалын қай жерде жүргізеді?

    Бастапқы су мұнай шекарасынан алыс, кескіннің жоғарғы жерінде
    Кескіннің төменгі жерінде
    Газ мұнайлы шектесуге жақын жерде
    Су мұнайлы шектесудің бойында
    Газ мұнайлы шектесудің бойында

    60. Шельфті кен орындарды меңгерудің негізгі ерекшелігі?

    Ұңғылар торын таңдау
    Гидротехникалық құрылымдарды қолдану
    Мұнайды тиімді өндіру
    Жағымды жағдайларды құру
    Үрдістерді жүргізу қиыншылықтары



Тексеру Жауаптарды жою Кілт