ҚЫДЫРМОЛДИНА АЙНҰР ШАЙМҰРАТҚЫЗЫ

биология ғылымдарының кандидаты, доцент



1995 жылы Семей облысы, Ақсуат ауданы, Қызыл-кесік ауылындағы орта мектепті және 1999 жылы Семей мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетін «Биология» мамандығы бойынша үздік бітірді.

2003-2004 жылдары Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте тұңғыш рет қазақ тілінде 030013-физиология мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясын табысты қорғады.

2010 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен биология мамандығы бойынша доцент (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағы берілді.

Жетпіске жуық ғылыми мақалалар мен 5 оқу құралының авторы. Ғылыми жұмыстарының нәтижелері отандық, халықаралық ғылыми конференцияларда (Ресей, Түркия, Біріккен Араб Эмираты, Италия, Украина және т.б.) баяндалған және рационализаторлық ұсынысы рәсімделген. Оқулықтар мен оқу құралдарының ғылыми рейтингі жүйесі бойынша 2013 жылғы “Үздік оқулық” номинациясымен марапатталған.

2012-2013 оқу жылында Италияның L'Aquila және Sapienza университеттерінде спорт физиологиясы бойынша тәжірибе алмасып, ғылыми тағылымдамадан өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде қолданбалы зерттеу бағдарламалары бойынша ғылыми жұмыстарын жүргізуде.