XIII-XV-тарау

    1. Жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), «Өзін-өзі сезіну-Белсенділік-Көңіл күй» (ӨБК) тесті т.б. көрсеткіштер бойынша орындалатын бақылау түрі

    Оперативті (жедел) немесе ағымдағы бақылау
    Сатылы бақылау
    Тереңдетілген медициналық тексеру
    Психологиялық тексеру
    Жасқа байланысты организм қызметінің өзгерістерін тексеру

    2. Бой ұзындығының шұғылданатын спорт түрімен ...

    Байланысы жоқ
    Қатысы жоқ
    Тығыз байланысты
    Тікелей байланыссыз
    Тығыз байланысы жоқ

    3. Генотип дегеніміз

    Тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін жасушадағы барлық гендердің жиынтығы
    Организмнің онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы
    Генотип пен сыртқы орта ықпалының қосындысы
    Адамда белгілердің тұқым қуалауы
    Генотиптердің белгілі жиілігін сипаттайтын барлық гендер популяциясының жиынтығы

    4. Хольцингер коэффициенті

    Организмнің жалпы дамуында генетикалық үлесін анықтайды;
    Кейбір тұқым қуалайтын аурулардың зат алмасу үдерісінің бұзылуынан болатынын анықтайды
    Иммунды реакцияларының тұқым қуалау типтерін зерттеуге қолданылады
    Генофонд құрылымын анықтайды
    Хромосомаларды (хромосома, ДНҚ ерекшеліктерін) микроскоп арқылы зерттеуге негізделген

    5. Ең көп жаттықтыруға «көнетін» дене сапалары

    Ептілік пен жалпы төзімділік
    Шапшаңдық
    Иілгіштік
    Күш, иілгіштік
    Күш, төзімділік, жылдамдық

    6. Жаттықтыруға орташа «көндігетін» дене сапасы

    Ептілік
    Жылдамдық
    Иілгіштік
    Күш
    Төзімділік

    7.«Ұлы стайерлер туа бітеді» дегендей ... талшықтар басым келетін топтан болашақ стайерлерді іздеу қажет

    Баяу
    Баяу, жылдам (ақ)
    Қызыл (баяу), біріңғай салалы
    Жылдам
    Көлденең жолақты

    8. Спорттық мамандандыру мен жарыс стилін барабар таңдау

    Спортшының шыныққандығын бірқалыпта ұстап тұрады
    Спортшының шыныққандығын одан әрі дамытпайды
    Спортшының шыныққандығына еш қатысы жоқ
    Спортшының шыныққандығын одан әрі жақсы дамытады
    Спортшының шыныққандығын кешеуілдетеді

    9. Жоғары жылдам шыныққандық

    Жүйелі жаттығудың алғашқы кезеңдерінде барынша жылдам өсіп барып, содан соң «қанығу деңгейіне» (мүмкіндігінше максималды жаттығу әсеріне) баяу (асимптотикалық- нышансыздық) жуықтай отыра аз өзгеретін үлкен әсер
    Біртіндеп, баяу өсіп отыратын үлкен жаттықтыру әсері
    Жүйелі жаттығудың салыстырмалы қысқа кезеңінде-ақ көрінетін және тез артатын, әрі қарай аз өзгеріске ұшырайтын үлкен емес жаттықтыру әсері
    Жүйелі түрде жаттықтыру үдерісінде баяу өсетін азғантай жаттығу әсері
    Барлық жауап дұрыс

    10. Қай жас кезеңінде ұлдарда (қыз балалардан 1-2 жас ертерек болатын) негізгі бұлшық еттер күші максималды мәнге жетеді

    18-20 жастағы бозбалаларда
    13-16 жас (ұлдар)
    8-12 жас (ұлдар)
    4-7 жас
    22-35 жас (ерлер)

    11. ДДСҰ-ның есебі бойынша адам денсаулығының ... салауатты өмір салтына, яғни адамның өзіне байланысты екендігі анықталған

    20-25%
    20%
    10%
    50-55%
    100%

    12. Биотикалық фактор

    Өлі табиғат
    Тірі табиғат
    Әлеуметтік орта
    Ауаның қысымы
    Су, ауа

    13. Организмнің ішкі тұрақтылығын бір қалыпта ұстайтын үдерістердің жиынтығы

    Гиподинамия
    Гомеостаз
    Рефлекс
    Акселерация
    Ретардация

    14. Күштің азаюы, дененің іс-қимылының төмендеуі

    Гиподинамия
    Гомеостаз
    Рефлекс
    Акселерация
    Ретардация

    15. Ертедегі гректер: «Егер сұлу болғың келсе – ... , егер сау болғың келсе – ..., егер күшті болғың келсе – ...», – деген екен

    Жүгір
    Ұйықта
    Ойна
    Жүз
    Секір

    16. Іс-әрекеттің орындалуына кедергі келдіретін, организмнің жұмылу деңгейін төмендететін стресс

    Эустресс
    Дистресс
    Эмоциялық стресс
    Адаптация
    Резистенттілік

    17. Әрекеттің монотондылығы

    Көптеген күрделі стереотипті қозғалыстардан тұратын біркелкі жұмыстан туындаған күй
    Көптеген қарапайым стереотипті қозғалыстардан тұратын біркелкі жұмыстан туындаған күй
    Бір ғана қарапайым стереотипті қозғалыстардан тұратын біркелкі жұмыстан туындаған күй
    Көптеген қарапайым стереотипті емес қозғалыстардан тұратын жұмыстан туындаған күй
    Көптеген қарапайым стереотипті қозғалыстардан тұратын сан түрлі жұмыстан туындаған күй

    18. Жаттығуды қайталау барысында орындау жылдамдығы өзгеріп отыратын жаттығу

    Кросс
    Фитнесс
    Гимнастика
    Фартлек
    Спорттық ойындар

    19. Арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер

    Кросс
    Фитнесс
    Гимнастика
    Фартлек
    Спорттық ойындар

    20. Дене массасының индексі (Кетле индексі) формуласы

    I=m•h2 мұндағы, m – дене массасы, кг; h – бой ұзындығы, м
    I=m/h2m – дене массасы, кг; h – бой ұзындығы, м.
    I=m+h2m – дене массасы, кг; h – бой ұзындығы, м.
    I=m–h2m – дене массасы, кг; h – бой ұзындығы, м.
    I=m2/hm – дене массасы, кг; h – бой ұзындығы, м.

    21. Физиологиялық базисі адымдау рефлексі болып табылады

    Спорттық жүріс
    Жүзу
    Жүгіру
    Коньки тебу
    Секіру

    22. Стайер-желаяқтарында тыныштық күйде жүректің жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) төмендеуі – ... байқалады

    Тахикардия
    Гипертония
    Брадикардия
    Гипотония
    Гипоксия

    23. 3000 метр қашықтық аралығында су толтырылған шұңқыры бар кедергілер қойылған жүгіру жолдарында өткізілетін орташа қашықтықты жеңіл атлетика түрі

    Эстафеталық жүгіру
    Ұзындыққа секіру
    Жүгіру
    Стипль-чез
    Биіктен секіру

    24. Жеңіл атлетикалық секірулер мен лақтырулар

    Ациклді қимылдардан тұрады
    Циклді қимылдардан тұрады
    Ациклді қимылдардан тұрады
    Тізбекті қимылдардан тұрады
    Циклді, ациклді қимылдардан тұрады

    25. Қол жұмысын жұмылдыра отырып, шұғыл ұзарған жалғыз тіректі жүріс түрінің локомоциясы

    Эстафеталық жүгіру
    Ұзындыққа секіру
    Жүгіру
    Шаңғы спорты
    Биіктен секіру

    26. Велошабандоздарда артериялық қан қысымы төмен

    Гипоксия
    Брадикардия
    Тахикардия
    Гипертония тән
    Гипотония тән

    27. ӨТС ерлерде 6 л және одан жоғары, әйел адамдарда 4 және одан көп болуы ықтимал спорт түрі

    Эстафеталық жүгіру
    Ұзындыққа секіру
    Жүгіру
    Ескек есу
    Биіктен секіру

    28. Қимыл реакцияларының, қозғалыс координациясының дамуына әкелетін қозғалыстардың салыстырмалы (допты соғу, секіру және т.б.) алуан түрлілігімен сипатталатын спорттық ойындар тобы

    Бадминтон, волейбол және стол теннисі
    Баскетбол, гандбол (қол добы)
    Футбол, хоккей
    Футбол, гандбол (қол добы)
    Хоккей, гандбол (қол добы)

    29. Спорттық суық қарулардың бір түрімен жекпе-жек негізінде жатқан спорт түрі

    Жекпе-жек
    Ұзындыққа секіру
    Жүгіру
    Спорттық ойындар
    Сайысу (семсерлесу)

    30. Штанга көтеруден бәсеке, бұл дене күші мен техника қатар шешуші рөл атқаратын спорт түрі

    Жекпе-жек
    Ауыр атлетика
    Жүгіру
    Спорттық ойындар
    Сайысу (семсерлесу)



Тексеру Жауаптарды жою Кілт