ГЛОССАРИЙ

Авторлық қадағалау – бұл автордың:

- сәулет және қала құрылысы туындысының авторы (авторлары) жүзеге асыратын құрылыс жобасының (құрылыс құжаттамасының) әзiрленуiне;

- сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторын (авторларын) қоса алғанда, әзiрлеушiлер жүзеге асыратын құрылыс жобасының iске асырылуына бақылау жүргiзудi жүзеге асыру жөнiндегi құқықтылығы;

Адам мекендейтiн орта – адам тұратын орта. Ол мыналарды қамтиды:

- қоршаған орта – атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетi мен жер асты суларын, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ олардың өзара әрекетiндегi климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлер жиынтығы;

- сәулеттiк-ландшафтық орта – адам шаруашылық қызметтi және басқа да функцияларды жүзеге асыратын, табиғи жағдайлар мен сәулеттiк нысандар ұштастырылған кеңiстiк. Әдетте, бұл елдi мекендер ортасы, ол адамның өмiр сүру жағдайлары мен психикалық-физикалық жай-күйiн айқындайды;

- iшкi орта – тұрғын үй-жайлардағы өмiр сүру жағдайларының және жұмыс (өндiрiс) үй-жайларындағы еңбек жағдайларының кешенi, ол әлеуметтiк, эстетикалық, биологиялық, психо-логиялық және физикалық-химиялық факторларды, соның iшiнде табиғи радиацияны, сыртқы шуды, биотикалық төңiректi, ауаның ластануын, ылғалдылығын, құрамы мен ауысуын, иiстердi, жанған өнiмдердi, табиғи және жасанды жарықты, судың тазалығын және басқаларды қамтиды;

Айрықша реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектiлерi – аумақтарды, елдiмекеннiң, жылжымайтын мүлiктiң жекелеген объектiсiнiң аумағын пайдаланудың арнаулы ережелерi (тәртiбi) енгiзiлмей, жалпыға бiрдей қабылданған ережелерге (тәртiпке) ерекшелiктер белгiленбей не оларға толықтырулар енгiзiлмей жүзеге асырылуы қиындаған немесе мүмкiн болмайтын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң объектiлерi;

Алаң – тұйық шекаралы қала құрылысының атаулы элементі;

Аллея – жағалай ағаш, бұталар және шырмауық өсімдіктер отырғызылған жаяу жүретін көше немесе жол;

Атау – елді мекендердегі елді мекеннің құрам бөлігіне берілетін, оларды белгілеу мен тануға қызмет ететін жалқы есімдер;

Алдын-ала берілген бастапқы мекенжай (жобалық нөмір) – объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезеңінде берілетін жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы; 6) бастапқы жылжымайтын мүлік объектілері – ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ, қала құрылысы регламентінің айрықша реттеу объектілері;

Антропогендiк әсер ету – табиғатқа, қоршаған ортаға, елдi мекенге адам қызметiнiң түрлi ықпал ету нәтижесiнде туындаған оң және терiс әсер етулер. Терiс әсер тигiзiлген жағдайда табиғат қорғау шараларын қолдану қажеттiгi туындайды;

Аумақтарды аймақтарға бөлу – қала құрылысын жоспарлау кезiнде жекелеген аймақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерi мен оларды пайдалану жөнiндегi мүмкiн болатын шектеулердi белгiлей отырып аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлу;

Аяқталмаған құрылыс – пайдалануға беру үшiн тапсырысшы белгiленген тәртiппен қабылдамаған және мақсатына қарай (тұру, қызмет көрсету, өнiм шығару, пайда алу және пайдаланудың басқа да түрлерi) пайдаланылмайтын құрылыс объeктici;

Алмастыру құны – бағалау объектісінің тозығын ескере отырып, бағалау жүргізілген күні қолданылған нарықтық бағалардағы бағалаудың ұқсас объектісін жасауға жұмсалатын шығындар сомасы;

Арнайы құн – бұл нарықтық құннан асып түсетін және активтің кейбір ерекшеліктерін көрсететін, арнайы сатып алушы үшін құндылыққа ие сома;

Алу құны – «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті бағалау стандартында» бекітілген әдістерге сай анықталатын нарықтық емес құн түрі;

Алдын ала тұрғын үй заемы – шарттық соманы алғанға дейiн негiзгi борышты өтеу талабынсыз, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында шарттық соманың шегiнде салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес шарттық соманың есебiнен өтеледi;

Аралық тұрғын үй заемы – жинақталған ақшаның ең төменгi қажеттi мөлшерiн жинақтау талабымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi беретiн нысаналы заем, ол бойынша қалдық Заңға, банктiң iшкi кредиттiк саясатына және банктiк заем шартының талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебiнен өтеледi;

Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республи-касының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

Әділ құн – бұл кем дегенде активтерді ауыстыруға болатын немесе хабарландырылған, бір-біріне тәуелсіз тараптар арасында операция жасаған кезде міндеттемені орындайтын сома;

Баламалы пайдалану – қазіргі пайдаланудан ерекшеленетін және бағалау объектісінің аса тиімді пайдаланылуын талдау уақытында қарастырылатын жылжымайтын мүлікті пайдаланудың ықтимал нұсқалары;

Банк-агент – үлескердің депозитін қабылдап алатын екінші деңгейдегі банк;

Бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясы – біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрылатын комиссия.

Бағалау объектісінің толық қалпына келтіру құны – құрылыс-монтаждау жұмыстарына, материалдар мен құрылғыларға, сауда үстеме бағалар мен көлік тарифтеріне қойылатын ағымдағы бағаларды есепке ала отырып, кәсіпкердің табысын және қосымша құн салығын есепке алмағандағы осы бастапқы түріне толығымен қалпына келтіруге қажетті қаражаттардың құны;

Бағалау объектілерінің экономикалық жарамдылығының қал-дық мерзімі – бағалау күнінен бағалау объектілерінің экономикалық өмір сүру мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзім;

Бағалау көрсеткіші – шарттық сомаларды төлеу кезектілігін қалыптастыру үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банкі әрбір шарт бо-йынша айқындайтын есептеу шамасы;

Басым мүдделер – осы Заңға және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын және мемлекеттік тіркеусіз жарамды деп танылатын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары);

Бұрын туындаған құқық (құқықтар ауыртпалығы) – 1996 жылғы 1 наурызға дейін туындаған және ол тиісті құқық туындаған сәтте қолданыстағы заңнамаға сәйкес келген жағдайда жарамды болатын жылжымайтын мүлікке құқық (құқық ауыртпалығы);

Бастапқы құн – бұл төленген өтелмеген салықтар мен алымдарды, сондай-ақ жеткізу, монтаждау, қондыру, пайдалануға қосуға кететін шығындарды және басқа да активтерді мақсатты пайдалану үшін тікелей жұмыс жағдайына келтіруге жұмсалатын шығындарды қоса алғанда, негізгі құралдарды тұрғызу немесе сатып алу жөнінде нақты жұмсалған шығындардың құны;

Блок – қызметі тұрғысынан тәуелсіз, басқа элементтермен үйлестіріліп те, жеке де пайдалануға болатын ғимараттың көлемдік-кеңістік элементі;

Бульвар – қарсы көліктік ағындары отырғызылған ормандармен және жаяу жүру жолдарымен бөлінген жергілікті маңызы бар көше немесе жол;

Гараж – автомобиль көлігін тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған құрылыс;

Ғимарат – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн; Ғимарат – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Ғимараттың жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;

Даңғыл – жалпы қалалық маңызы бар жол немесе көше;

Дара (бөлек) меншік – тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрамындағы үй-жайға азаматтардың, заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің меншігі;

Елдi мекеннiң аумағы – қалалық немесе ауылдық елдi мекеннiң белгiленген шекара (iшкi аумағы) шегiндегi кеңiстiк;

Елдi мекеннiң бас жоспары – аймақтарға бөлудi, оның аумағының жоспарлы құрылымы мен функционалдық ұйымдастыруды, көлiк және инженерлiк коммуникацияларды, көгалдандыру мен абаттандыру жүйелерiн белгiлейтiн, қаланы, кенттi, ауылды не басқа да қонысты дамыту мен салуды кешендi жоспарлаудың қала құрылысы жобасы;

Елді мекен – халқының саны 50 адамнан кем емес республика аумағының ықшам қоныстанған бөлігі;

Елді-мекендердің құрам бөліктері – елді-мекендер құрам бөліктері типтері атаулырының Тізімінде көрсетілген көше, даңғыл, орам, бульвар, шағын аудан және елді мекеннің басқа да құрам бөліктері;

Есептік тіркеу – құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеусіз жарамды болатын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), оның ішінде бұрын туындаған құқықтарды есепке алу мақсатында жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) тіркеу;

Жақсартылған жерлердің экономикалық жарамдылық мерзімі – жақсартылған жерлерден алынатын немесе болжанып отырған кіріс осы кірісті алуға байланысты операциялық шығыстардан асатын кезең. Жақсартылған жерлердің экономикалық өмір сүру мерзімі жақсартылған жерлерді пайдалану үшін жарамды күйде ұстауды ақтайтын кезеңді көрсетеді;

Жақсартылған жерлердің нақты жасы – жақсартылған жерлерді пайдалану басталғаннан бағалау күніне дейінгі кезең;

Жергілікті сараптамалық қорытынды – сараптаманы аяқтайтын кезеңді қоспағанда, жобалар сараптамасының жобаның тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптамалық қолдаудың әрбір кезеңінде ресімделетін және тапсырыс берушіге берілетін қорытындысы;

Жазбаша сауалнама – кондоминиум объектісін басқаруға, күтіп-ұстауға және пайдалануға байланысты шешімдер қабылдау үшін қайтадан жиналыс өткізілгенге дейін жазбаша нысанда жүзеге асырылатын кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің үштен екісінен астамының пікірін анықтау;

Жалдауға беруші (жалға беруші) – тұрғын жайды жалдау  шартындағы тұрғын жайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;

Жалға берілетін үй – жеке және (немесе) заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, жалдауға беруге арналған тұрғын үй (тұрғын ғимарат), тұрғын үй-жайлар (пәтерлер);

Жалдаушы (жалға алушы) – тұрғын жайды жалдау шартындағы тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға алушы тарап;

Жатақхана – еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;

Жеке арнайы шот – арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері тұрғын үй төлемдерін аудару және белгіленген мақсатқа төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банктік шоты;

Жеке тұрғын үй қоры – жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және олардың бірлестіктеріне меншік құқығымен тиесілі тұрғын жай;

 

Жер учаскесі – тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы;

Жинақталған ақша сомасы – салымшының өз салымдарынан, оларға тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептеген сыйақылардан және мемлекеттің сыйлық ақыларынан тұратын іс жүзінде жинақтаған ақшасы;

Жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері – тұрғын үй заемын алу үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта айқындалған ақша;

Жинақтау мерзімі – салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын жинақтайтын уақыт кезеңі;

Жеке тұрғын үй – қоныс учаскесiне орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл желектi екпелерiмен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй.

Жеке тұрғын үй құрылысы – белгіленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы.

Жеке тұрғын үйлер құрылысының аумағы – елдi мекен (аудан, махалла, көше) аумағының азаматтарға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, сондай-ақ инженерлiк және көлiктiк инфрақұрылым объектiлерi бар кешенiмен жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдаланатын бөлiгi.

Жер жақсарту – жер телімінің сапалық сипаттамаларының және оның құнының өзгеруіне әкелетін қандай да бір іс-шаралардың нәтижесі. Жер жақсартуларына жер телімінің шегінде орналасқан нысанасын өзгерту мен құнсыздандырусыз олардың орнын ауыстыруға болмайтын материалдық объектілер, сондай-ақ шаруашылық қызметтің немесе жүргізілген белгілі бір жұмыстың (рельефті өзгерту, грунтты жақсарту, егісті, көп жылдық екпелерді, инженерлік инфрақұрылымды орналастыру және т.б.) нәтижелері жатады;

Жобалау компаниясы – жарғылық капиталының елу проценттен астамын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын құрылыс салушы қалыптастырған заңды тұлға;

Жалға берiлетiн үй – жеке және заңды тұлғаға меншiк құқығымен тиесiлi тұрғын үй, тұрғын жай, жалға беруге арналған тұрғын үй-жайлар, пәтерлер. 

Жоба – жеке және заңды тұлғалардың немесе мемлекеттiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс құжаттамасы, сызбалар, графикалық және мәтiндiк материалдар, инженерлiк және сметалық есептеулер нысанында ұсынған, адамның мекендеуi мен тiршiлiк етуiнiң қажеттi жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi түпкi ойы;

Жобалау алдындағы құжаттама – қала құрылысының сәулет жобаларын, құрылыс жобасын әзiрлеу алдында жасалатын және бағдарламаларды, есеп берулердi, құрылыстың техникалық-экономикалық негiздемелерiн, техникалық-экономикалық есептердi, ғылыми зерттеулер мен инженерлiк iзденiстер нәтижелерiн, технологиялық және конструкциялық есептердi, нобайларды, макеттердi, өлшемдер мен объектiлердi зерттеу нәтижелерiн, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзiрлеу және жобаларды кейiннен iске асыру туралы шешiмдер қабылдауға қажеттi өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құжаттама;

Жобалау құжаттамасы:

аумақты көгалдандыру жобаларын, оны сыртқы безендiрудi, монументтiк немесе әшекей өнер туындыларын орналастыруды және орнатуды (тұрғызуды);

қала құрылысының жобаларын

– аумақтар мен елдi мекендердi немесе олардың бөлiктерiн ұйымдастыруды, дамыту мен салуды кешендi қала құрылысын жоспарлау жөнiндегi түпкi ойдан (Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақты дамытудың аймақаралық схемалары, аумақтарды қала құрылысына жоспарлаудың кешендi схемалары, елдiмекендердiң бас жоспарлары, нақты жоспарлау жобалары, өнеркәсiп аймақтарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектiлер мен кешендердiң бас жоспарлары, абаттандыру және көгалдандыру жобалары, өзге де жоспарлау жобалары) тұратын жобаларды; құрылыс жобасын (құрылыстық жобаны)

– көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешiмдердi қамтитын жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзуге, аумақты инженерлiк жағынан дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулердi қамтиды. Құрылыс жобаларына аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау және өз ресурсын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жобалары да жатады; сәулеттiк түпкi ойы бар сәулет жобасын

– жобалауға сәулетшiнiң қатысуы қажет болатын ғимарат (монумент) тұрғызудың жеке жобасын немесе объектiнiң сәулет-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерiн қамтитын, әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, технологиялық, инженерлiк-техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитарлық-гигиеналық, экологиялық және өзге де талаптарды ескеретiн және құрылыс жобасын немесе құрылыс объектiсiне арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде орындалған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының бiр бөлiгiн қамтиды;

Жобалардың мемлекетаралық сараптамасы – объектiнiң құрылысы туралы халықаралық шартқа қатысушы екi және одан да көп мемлекеттiң мүддесiн бiлдiретiн жобаларды сараптаудың мiндеттi нысаны;

Жобалардың мемлекеттік сараптамасы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асыратын құрылыс жобаларын (жобалау алдындағы немесе жобалау-смета құжаттамасын) міндетті түрде кешенді бағалау;

Жобалар сараптамасы – тапсырысшының (инвестордың) жобаны инвестициялаудың орындылығы, оны бекіту және iске асыру туралы шешiм қабылдауының алдындағы жобалаудан бұрынғы немесе жобалау құжаттамасын әзiрлеу кезеңi. Сараптама инвестициялар құжаттамасына талдау жүргiзуге және оның тиiмдiлiгiн, жобаларда көрсетілген жұмыстардың көлемі мен қаржы шығындарының дұрыстығын және негізділігін белгiлеуге, сондай-ақ жобалардың сапасын олардың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке мүдделерді, адамның тiршiлiк етуiне қолайлы және қауiпсiз жағдайлар жасауды, жобаланып отырған объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған, қала құрылысы мен техникалық регламенттерге, мемлекеттiк нормативтердiң шарттары мен талаптарына сәйкестiгiн не сәйкес еместiгiн белгiлеу жолымен бағалауға келiп саяды;

Жұмыс комиссиясы – нәтижелерiн мемлекеттiк қабылдау комиссиясына ұсыну үшiн объектiнiң дайындығына кешендi бағалау жүргiзетiн уақытша алқалы орган;

Жол – көлік құралдарының қозғалысына арналған мемлекеттік есепке алынатын және инженерлік құрылыстар кешені болып табылатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдімекен көшесі. Жолға бір немесе бірнеше жүру бөлігі, сондай-ақ, трамвай жолы, жаяусоқпақтар, жолдың жиегі мен бар болған жағдайда бөлу жолағы кіреді;

Жол санаты – көлік құралдары қозғалысының есептік қарқындылығына байланысты автомобиль жолдарының жеке учаскелердегі немесе бүкіл бойындағы жіктеуіші;

Жылжымайтын мүлік объектілері – жерге тығыз байланысты, яғни олардың нысанды  қолданылуына еселеусіз зиян келтірілмей орын ауыстыру мүмкін болмайтын жер часкелер, ғимараттар, құрылыстар;

Жылжымайтын мүлік объектілерінің кешені – бірыңғай жер учаскесінде орналасқан ғимарат, құрылыс, инженерлік желілер жиынтығы;

Жапсыра салған объектілер – негізгі тұрғын үй ғимаратымен функционалдық жағынан байланысты болмаған, негізгі ғимараттың төменгі қабаттарына жанасқан жеке орынжайлар (орынжайлар тобы);

Жапсарластыра салынған орынжай – тұрғын үй ғимараты көлемінде жеке кіретін жері ұйымдастырылған қоғамдық мақсаттағы орынжай;

Жапсарластыра-жанастыра салынған орынжай – негізгі ғимаратқа жанастыра салынған және оның бөлігіне жапсарластыра салынған үй-жай;

Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау – жеке нөмір бере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін анықтау және елдімекен мен елді мекеннің құрам бөлігіне жатқызу;

   

Жылжымайтын мүлік – қозғалмайтын объектілер: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыс, көп жылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни орнын ауыстыру олардың мақсатына сыйыспайтын шығын жұмсамайынша мүмкін болмайтын объектілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік қатарына кіретін өзге де мүлік; Жылжымайтын мүлік – табиғи объектілер: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;

Жеке сервитут – үстемдікке ие жылжымайтын мүлік объектісін иеленуіне байланысты емес белгілі бір адамның пайдасына сервитут;

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу – белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі;

Жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі – әртүрлі функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері;

Жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі – құқықтарды тіркеу мақсатында меншіктің жеке (бөлек) құқық (өзге де заттық құқық) объектілері ретінде оларға кадастрлық нөмірлер берілетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар;

Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалығы – Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тараптардың келісімімен көзделген тәртіппен туындаған және құқық иесінің жылжымайтын мүлікке иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын шектеуде көрінетін жылжымайтын мүлікке құқықты кез келген шектеу;

Жылжымайтын мүлік объектісін қалыптастыру – жылжымайтын мүлік объектісінің бірегей сәйкестендіру сипаттамаларын белгілеу және оған кадастрлық нөмір беру процесі;

Жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары – жылжымайтын мүліктің мекенжайын, мекенжайдың тіркеу кодын (ол бар болған кезде), түрін, кадастрлық нөмірін, меншік нысанын, құрамдастарының санын, жерлерінің, санаттарын, бөлінуін, нысаналы мақсатын, қабатын, ауданын (жалпы, тұрғын, пайдалы) қоса алғанда, жылжымайтын мүлік объектісі туралы құқықтық кадастрды жүргізу мақсатына қажетті мәліметтер;

Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру – үйлердің, ғимараттардың және олардың құрамдастарының құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын айқындау;

Жақсартылған жерлер – жер учаскесінің сапалық қасиетін және оның құнын өзгертуге әкелетін қандай да бір іс-шаралар нәтижелері. Жақсартылған жерлерге оларды құнсыздандырмау және нысанасын өзгертпей көшірілуі мүмкін болмайтын жер учаскелерінің шекараларында орналасқан материалдық объектілер, сондай-ақ шаруашылық қызметтің немесе белгілі бір жұмыс түрін жүргізу нәтижелері (рельефті өзгерту, топырақты жақсарту, егінді, көпжылдық екпелерді, инженерлік инфрақұрылымды орналастыру және жақсартуларға қатысты жұмыстардың басқа түрлері) жатады;

Заем бойынша сыйақы ставкасы – тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне тиесілі ақшаның жылдық мөлшерін есептеуден негізгі борышқа проценттік қатынаста тұрғын үй құрылысы жинақ банкі берген заем үшін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы мен банк заемы туралы шарттар бойынша салымшы төлейтін проценттік ставка;

Заңдық талаптар – жылжымайтын мүлікке құқықтарға, онымен жасалатын мәмілелерге қатысты үшінші тұлғалардың даулауы не мүддесінің бар екендігін айғақтайтын заңдық фактілер;

Инженерлiк инфрақұрылым – адамдардың тiршiлiк етуi, сондай-ақ өндiрiстiң немесе тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет айналымының тұрақты жұмыс істеуі үшiн қалыпты жағдай туғызатын кәсiпорындардың, объектiлердiң, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету коммуникацияларының және желiлерiнiң жиынтығы;

Кадастрлық құн – жер учаскесін кадастрлық бағалауды жүргізуді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген және бекітілген жаппай бағалау әдісімен анықталатын мемлекеттік кадастрлық бағалау үдерісіне бекітілген жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;

Кадастрлық құн – жаппай бағалау амалымен айқындалған, кадастрлық бағалауды жүргізуді реттейтін заңнамаға сәйкес бекітілген, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік кадастрлық бағалау үдерісінде белгіленген нарықтық құн. Кадастрлық құнды бағалаушылар салық салу мақсатында айқындайды;

Кадастрлық нөмір – жылжымайтын мүлік объектісінің Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке, қайталанбайтын нөмірі;

Кәдеге жарату құны – экономикалық жарамдылық мерзімінің соңындағы, яғни мүлікті пайдалану қауіпті немесе керексіз болып қалғандағы, яғни жөндеуге кететін шығындары оның бастапқы құнның 80%-ынан асатын нарықтық құны;

Кепiлдi мерзiм – құрылыс салушы жобалау-сметалық құжаттамада көрсетiлген құрылыс объектiсi көрсеткiштерiнiң сапасын сақтауға және тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шартқа сәйкес құрылыс объектiсiн пайдалану мүмкiндiгiне кепiлдiк беретiн уақыт;

 

Кепіл құны – бағалаушы белгілеген мүліктің ипотекалық құнынан үлес ретінде банк дербес айқындаған мүлік кепіліне берілетін кредит сомасы;

Кешенді қала құрылысы сараптамасы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган құратын сараптамалық комиссиялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жобалар бойынша және тиісті жергілікті атқарушы органдар құратын сараптамалық жұмыс топтары мәслихаттар бекітетін жобалар бойынша жүзеге асыратын әртүрлі деңгейдегі қала құрылысы жобаларының мемлекеттік сараптамасы;

Көлiк инфрақұрылымы – көпiр, тоннель және өзге де көлiк құрылыстарының, жол тарамдары мен жол өткiзгiштерiнiң, реттеушi белгi беру құрылғыларының, байланыстың, көлiк жұмысының инженерлiк қамтамасыз ету, жүктердi, жолаушыларды тасымалдайтын көлiк құралдарына қызмет көрсету, өндiрiстiк және қызмет көрсетушi адамдардың функционалдық қызметiн қамтамасыз ететiн объектiлер-дiң, қойма үй-жайлары мен аумақтардың, санитарлық-қорғаныш және күзет алаңдарының, сондай-ақ көрсетiлген бағыттағы жолдарға және жылжымайтын мүлiк объектiлерiн қамтитын объектiлерге заңдарда бекiтiлген жерлердiң кешенi бар жерүстi (автомобиль және (немесе) темiр) жолдарының, су (теңiз және (немесе) өзен) жолдарының жиынтығы;

Көпжылдық екпелер – егу орындарында өсірілетін, бір жылдан артық өмір сүретін немесе бір жылғы мәдени циклдағы ағаштар мен бұталарды қамтитын табиғи-заттай белгісі бойынша негізгі қорлар түрі. Жүзімдіктер немесе жеміс-жидек бау-бақшалары мысал бола алады. Мүлік объектілерінің осы түрлерінде амортизацияланатын активтерді білдіретін егу орындарына едәуір күрделі инвестициялары болуы мүмкін.

Кепілдікті мерзім – құрылыс салушы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсетілген құрылыс объектісі көрсеткіштерінің сапасын сақтауға және құрылыс объектісін (тұрғын жайды) пайдалану мүмкіндігіне кепілдік беретін уақыт;

Комиссиялық алым – тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт жасасу бойынша көрсеткен қызметі үшін тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне салымшы төлейтін ақша;

Коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету мен лифт қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;

Коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;

Кондоминиум – үй-жай азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда, жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны;

 

Кондоминиум объектісі – жер учаскесінен (жер учаскелерінен), бастапқы және кейінгі объектілерден тұратын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік белгіленетін кондоминиум нысанындағы мүліктік кешен; кондоминиум объектісі – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің дара (бөлек) меншігіндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардан және оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

 

Кондоминиум объектісін күтіп ұстау – кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шартқа сәйкес сервистік қызмет субъектісі іске асыратын ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар жиынтығы;

Көше – екі жолақты көлік жүретін бөлікті, жолдың шет жақтары, кювет пен қорғаушы бермаларды қосқандағы көлік және жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ;

Қайталама жылжымайтын мүлік объектісі – бастапқы объектінің бөлігі болып табылатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар;

Қала құрылысы элементінің санаты – объектінің функционал-дық қала құрылысы мақсатты мен ерекшелігін сипаттайтын қала құрылысы элементі атауының ажырамас бөлігі;

Құрылым – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты);

Қоныс учаске – белгiленген тәртiппен жеке тұрғын үй орналастыру және шаруашылық жүргiзу үшiн азаматқа берiлген жер учаскесi.

Қоныс учаскесiндегi жылжымайтын мүлiк – инженерлiк инфрақұрылымды (соның iшiнде құрылысы аяқталмағандарды) қоса алғанда, азаматқа меншiк құқығында тиесiлi салынып жатқан тұрғын жайлар мен басқа да құрылыстар, жасыл желектi екпелер және жер учаскесiнен бөлiнбейтiн өзге мүлiк.

 

Қосымша жалдаушы – тұрғын үйдi қосымша жалдау шартындағы тұрғын үйдi немесе оның бiр бөлiгiн жалдаушыдан тұрақты немесе уақытша пайдалануға алатын тарап.

Құрылыс салушы – өзіне меншік құқығымен немесе жергілікті атқарушы орган берген жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелерінде тұрғын жайлардың үлестік құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті үлескерлердің ақшасын тарта отырып, әрбір тұрғын жайды салу үшін жобалау компаниясын құру арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;

Құрылыстар – адамның болуына, жылжымалы мүлікті орналастыруға, материалдық құндылықтарды сақтауға, өндірісті жүзеге асыруға арналған үй-жайлар орналасқан жақсартылған жерлер және басқа түрлері;

Құрылыстар – құрылымдар мен үй-жайларға жатпайтын, арнайы техникалық функцияларды орындауға арналған жақсартылған жерлер (бөгендер, туннельдер, эстакадалар, көпірлер және өзге де түрлер);

Құрылысы аяқталмаған объектілер – құрылысы аяқталмаған күйде тұрғандықтан іс жүзінде пайданылмайтын құрылымдар, құрылыстар немесе тарату құрылғылары;

Құрылыс салушы – өзiнiң меншiк құқығындағы жер учаскесiнде тұрғын ғимарат салуды ұйымдастыру үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражатын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 

Қабылдау комиссиясы – құрылысы аяқталған объектінің дайындығын белгілейтін және құжаттамалық растайтын және салынған объектiнi пайдалануға қабылдайтын уақытша алқалы орган;

Қалалық аймақтарға бөлу – елдi мекеннiң аумағын олардың функционалдық мақсатына сәйкес бөлу (тұрғын, қоғамдық, өнеркәсiптiк, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтар);

Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы – аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен салудың қала құрылысын жоспарлау, объектiлердi салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу, консервациялау және кейiннен кәдеге жарату), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендiру үшiн қажеттi (жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттiк және мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды қоса алғанда) өзара байланысты құжаттардың жүйесi;

Қала құрылысы кадастрының есептеу бiрлiктерi – тұтастай Қазақстан Республикасы, облыстар, аудандар, елдi мекендер аумағының, ауқымды, жайпақ және желiлiк құрылыстардың барлық түрлерiн қоса алғанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң ұйымдастырылған және пайдаланылған элементтерi;

Қала құрылысының кеңiстiгi – адамның (ел, аймақ, елдiмекен, елдi мекен бөлiгi халқының) мекендейтiн және тiршiлiк ететiн материалдық ортасы қалыптасатын қала құрылысын реттеу аумағы;

Қала құрылысы қызметi – қала құрылысын жоспарлаудағы қала құрылысы кеңiстiгiн қалыптастырудың, қала құрылысы жобасын жасаудың, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас бөлiмдерiн үйлестiрудiң шығармашылық процесiн қамтитын, аумақтар мен елдi мекендердi ұйымдастыру мен дамыту, аумақтарды қала құрылысына пайдалану түрлерiн анықтау, қалалар мен ауылдық елдi мекендердi кешендi жоспарлау жөнiндегi қызмет;

Қала құрылысының регламенттерi – аумақтарды (жер учаскеле-рiн) және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдаланудың, сондай-ақ олардың жай-күйiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен жол берiлетiн кез келген өзгерiстерiнiң режимдерi, рұқсаттары, шектеулерi (ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда). Қала құрылысының регламенттерi мемлекеттiк нормативтерге сәйкес орындалған қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасымен белгiленедi. Қала құрылысы регламенттерiнiң қолданылуы олар үшiн белгiленген мерзiм шегiнде шектеледi;

Қонысаралық аумақтар – елдi мекендердiң шекарасынан (шегiнен) тыс жатқан аумақтар;

Қоныстану аумағы – тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк) және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлiк және көлiк инфрақұрылымдарының жекелеген бөлiктерiн, басқа да объектiлердi орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметi арнаулы санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететiндей әсер етпейтiн елдi мекен аумағының бiр бөлiгi;

Құрылыс қызметi – жаңа объектiлер салу және бар объектiлердi (үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды) өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;

Құрылыс өнiмi – сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметiнiң аралық және (немесе) түпкiлiктi нәтижесi;

Құрылыс өнiмiнiң сапасы (объектiнiң сапасы) – қызметтiң (пайдалануға берудiң, пайдаланудың, қолданудың) бүкiл мерзiмi бойында меншiк иелерiнiң және тұтас алғанда қоғамның мүдделерi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды бiлдiретiн, тұтынушыларға жеткiзiлген түпкiлiктi құрылыс өнiмi сипаттамаларының эстетикалық сипаттаманы қоса алғанда жиынтығы;

Қызмет ететін жылжымайтын мүлік объектісі – сервиттутпен ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлік объектісі;

Құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың, азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;

Бұрын туындаған құқықтарды құқықтық кадастрда жүйелі тіркеу – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүйесі енгізілгенге дейін туындаған және егер олар туындаған сәтте қолданыстағы заңнамаға сәйкес келсе, жарамды болатын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) есептік тіркеу;

Құқықтық кадастрдан мәліметтер – құқықтық кадастрда қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері;

Мекенжай – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау, ол мынадай элементтерді қамтиды: облыс, республикалық маңызы бар қала, аудан, округ, елді мекен, елді мекеннің құрам бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, қайталама жылжымайтын мүлік объектісі (бар болған жағдайда);

     

Мансардтық қабат – шатырлы кеңістіктегі, қасбеті көлбеу және тік құлама немесе қисық сызықты төбенің бетінде (беттерінде) толық және ішінара салынған қабат;

Мемлекеттің сыйлық ақысы – республикалық бюджеттен жыл сайын бөлінетін және жыл қорытындылары бойынша салымның жинақталған сомасына есептелетін ақша және тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысы;

Мемлекеттік тіркеу объектісі – құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар мен құқықтар ауыртпалықтары, сондай-ақ заңдық талаптар;

Мекенжайдың тіркеу коды – жылжымайтын мүлік объектісі мекенжайының бірегей коды.

Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры – қала құрылысы регламенттерiн, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметi аумағын оның пайдаланылу режимiнiң әлеуметтiк-құқықтық белгiлерi, инженерлiк-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейi, онда орналасқан объектiлердiң параметрлерi мен жай-күйi, сондай-ақ табиғи-климаттық жағдайлары мен экологиялық жай-күйi бойынша сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын сан және сапа көрсеткiштерiнiң мемлекеттiк жүйесi;

Мемлекеттiк нормативтер (мемлекеттiк нормативтiк құжаттар) – адамның мекендеуi мен тiршiлiк етуiне қолайлы, қауiпсiз және басқа да қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлер, қала құрылысы және техникалық регламенттері, нормативтiк-техникалық құжаттар, өзге де мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеулер жүйесi;

Меншiк құқығы дегенiмiз – субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.

Иелену құқығы дегенiмiз – мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

Пайдалану құқығы дегенiмiз – мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.

Билiк ету құқығы дегенiмiз – мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.

Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;

Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;

Мемлекеттік тұрғын үй қоры – мемлекетке меншік құқығымен тиесілі және коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорына, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорына кіретін тұрғын үйлер;

Нарықтық емес база – нарық қатысушыларының сатып алу қабілетіне емес немесе нарықтың айрықша немесе әдеттегіден бөлек шарттарындағы тиімділігіне емес, экономикалық пайдалы екендігіне немесе мүліктің функцияларына негізделетін нарықтық базадан ерекшеленентін бағалау құнының қағидалары;

 

Нарықтық құн– мәмiле жасасушы тараптар бағалау объектiсi туралы қолжетiмдi барлық ақпаратты иелене отырып әрекет ететiн, бәсекелестiк жағдайындағы мәмiленiң негiзiнде сол объектiнi иелiктен шығаруға болатын ақшалай есеп айырысу сомасы, ал мәмiленiң бағасына:

- мәмiле жасасушы тараптардың бiрi бағалау объектiсiн иелiктен шығаруға, ал екiншi тарап сатып алуға мiндеттi болмағанда;

- мәмiле жасасушы тараптар мәмiленiң нысанасы туралы жақсы хабардар болып, өз мүдделерiне әрекет еткенде;

- мәмiленiң бағасы бағалау объектiсi үшiн ақшалай сыйақының баламасы болып табылса және мәмiле жасасушы тараптарға қатысты қандай да бiр тараптан мәмiле жасауға мәжбүрлеу болмағанда, қандай да бiр төтенше жағдайлар әсер етпейдi

Нақты жоспарлау жобасы (НЖЖ) – қаланың немесе селолық елді мекеннің жекелеген бөліктері және үшін, ал қажет болған жағдайда – тұрғындарының саны 50 мың адамға дейін жететін шағын қалалардың немесе селолық елді мекеннің бүкіл аумағы үшін әзірленетін қала құрылысы құжаттамасы. Бұл ретте НЖЖ бас жоспармен қосарланады. НЖЖ елді мекеннен тыс жерде орналасқан аумақта да әзірлене алады;

Нөлдiк цикл – шартты жобалау белгiлiсiнен төмен орналасқан, нөл деп қабылданған үйлердiң немесе ғимараттардың бөлiктерiн және инженерлiк коммуникацияларды салу жөнiндегi құрылыс-монтаж жұмыстарының кешенi.

Инвестициялық құн немесе құндылық – бұл нақты бір инвестордың немесе инвесторлар сыныбының орныққан инвестициялық кезіндегі немесе өндірістік мақсаттағы мүлік құны. Бұл субъективтік ұғым нақты бір мүлікті нақты инвесторға, инвесторлар тобымен немесе белгілі бір инвестициялық мақсаттары және/немесе өлшемдері бар кәсіпорындармен сәйкестендіреді;

Ипотекалық құн – бұл қозғалысы экономикалық циклдің кезеңдерімен және алып-сатар сипаттағы элементтерге байланысы жоқ арнайы ациклдық құн;

Объектiлер мониторингi – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi объектiлерiнiң жай-күйi мен өзгерiстерiн байқау жүйесi;

Ортақ мүлік – дара (бөлек) меншіктегі үй-жайлардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (абаттандыру элементтерін және ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, кіреберістер, баспалдақтар, лифтілер, төбелер, шатырлар, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік почта жәшіктері, жер учаскесі);

Объектінің реттік нөмірі – бас әріптің қосылуы мүмкін немесе қосымша бүтін цифрлардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы бірізді цифрлардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл орайда нөмірде есімдіктер (мысалы «Я» әрпі), алфавиттегі қазақ әріптері (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Һ), айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және цифрға ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алып тасталады;

Орынжай – басқа іргелес үй-жайлардан ойықтары жоқ қабырғалармен немесе бітеу арақабырғалармен бөлінетін және көшеге, аулаға, ортақ пайдаланудағы дәлізге немесе баспалдақ алаңдарына жеке шығатын есігі бар құрылыстың ішкі оқшауланған бөлігі;

Өсімін молайту құны – бағалау жүргізген, ұқсас материалдар мен технологияларды қолдана отырып, бағалау объектісінің тозығын ескере отырып, бағалау объектісіне ұқсас объектіні жасаған күнінде қолданылған нарық бағаларындағы шығындар сомасы. Өсімін молайтудың толық құны осыған ұқсас объектіге бағалау жүргізілген сәтте қолданылған бағалар бойынша айқындалады;

Үлескер – ақшалай қаражатымен тұрғын үйге өзiнiң қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн тұрғын ғимараттарды салуға қатысатын жеке немесе заңды тұлға; үлескер – одан әрі жобалау компаниясына аударуға арналған ақшасын банк-агенттегі ағымдағы шотқа енгізу арқылы тұрғын жайларды салуға қатысатын жеке немесе заңды тұлға;

Үлестiк қатысу туралы шарт – құрылыс салушы мен үлескер арасында жасалатын және үлескердiң ақшалай қаражатын тарту жолымен тұрғын ғимараттарды салуға байланысты құқықтық қатынастарды реттейтiн шарт;

 

Пайдалануға қосуға арналған рұқсат – комиссияны тағайындаған инстанцияның тұрғын ғимаратты қабылдау туралы мемлекеттiк қабылдау комиссиясының актiсiн бекiтуi; 

Пайдалануға беруге рұқсат – мемлекеттік қабылдау комиссиясының тұрғын жайды қабылдау туралы қол қойылған актісі;

Ренталық кіріс (жер рентасы) – жер учаскесінің сапасы мен орналасқан орнына қарай өндіріс құралы ретінде жерден алынуы мүмкін кіріс. Ренталық кіріс жер учаскесінде алынатын өнімді сатудан күтілетін жалпы кіріс пен өндірістік шығындардың және өндірушінің пайдасы арасындағы айырым ретінде есептеледі.

Салым бойынша сыйақы ставкасы – тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаттарына сәйкес жыл қорытындылары бойынша салымның іс жүзінде жинақталған қалдығына тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептейтін проценттік ставка;

Сақтандыру құны – келісімшарттың немесе сақтандыру полисінің ережелерінде көзделген мүлік құны. Сақтандыру сомасының болжанып отырған мөлшері сақтандыру шартының талаптарына жүргізілген талдаудың нәтижелері негізінде, жалпы жекелеген сақтандыру жағдайлары, бір топ сақтандыру жағдайы үшін, сондай-ақ мүліктің табиғи жағдайының, оның ағымдағы пайдаланылу ерекшеліктерін, мүліктің нарықтық құнын қалыптастыруға сыртқы факторлардың ықпалын ескере отырып айқындалады;

Салық құны – қолданыстағы салық заңнамасының негізінде есептелетін құн;

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтiк құжаттар) – Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттiң (басқа мемлекеттердiң) аумақтарында, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде, қолданылатын, мемлекетаралық қала құрылысы нормативтерiн, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерiн, құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын нормативтiк-техникалық құжаттардың, ережелердiң және басқа да мiндеттi талаптардың, шарттар мен шектеулердiң жүйесi;

Сараптамалық жұмыстар – ғимараттар мен құрылыстардың жобаларына сараптама жасау және олардың сенімділігі мен тұрақтылығына техникалық тексеру жүргізу жөніндегі жұмыстар;

Сәулет қызметi (бұдан әрi – сәулет) – объектiнiң сыртқы және iшкi келбетiн жасаудың, құрылысқа арналған (реконструкциялау, қалпына келтiру) жобалау құжаттамасының сәулет бөлiгiнде кеңiстiктi, композициялық, көлемдiк-жоспарлау және функционалдық ұйымдастырудың шығармашылық процесiн, жобаны iске асыру кезiнде авторлық қадағалау жүргiзудi қамтитын сәулет объектiлерiн жасау жөнiндегi қызмет;

Сәулет объектiлерi – әзiрленуiне сәулетшiнiң қатысуы қажет болатын, сәулет немесе қала құрылысы жобаларының негiзiнде салынған үй, ғимарат, монумент, үйлер мен ғимараттар кешенi, олардың экстерьерлерi және (немесе) интерьерлерi, абаттандыру, ландшафт немесе бақ-саябақ өнерiнiң элементтерi;

Сервистік қызмет субъектісі – кондоминиум объектісін күтіп-ұстау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

Синергетикалық құн – бұл бастапқы мүліктік мүдде сомасына қарағанда, оларды біріктіру нәтижесіндегі алынған мүліктік мүдде құны жоғары екі немесе одан да көп мүліктік мүдделерді үйлестіру есебінен нарықтық сомадан асып түсетін сома;

Салыстыру деректері – бағаланатын объекті аналогтарының деректерін талдау негізінде алынатын құнның есептік шамасын алу үшін бағалау талдауында пайдаланылатын деректер: нарықтық деректерден алынған сату бағасы, жалдау ақысы, табыстар мен шығыстар, капиталдандыру және дисконттау ставкалары және басқалары;

Салыстыру элементтері – жылжымайтын мүлік үшін төленетін бағалардағы ауытқуларға әкелетін мүлік объектілері мен мәмілелердің нақты сипаттамалары. Салыстыру элементтері берілетін мүліктік құқықтар түрлерін, сату жағдайларын, нарық шарттарын, табиғи және экономикалық сипаттамаларды, пайдалануды жылжымайтын мүлікке жатпайтын, сату құрауыштарын және басқаларды қамтиды;

Сыртқы (экономикалық) тозу – жылжымайтын мүлік нарығында қоршаған ортаның әсер ету салдарынан өзгерістердің (экономиканың, демографиялық жағдайларға, тұтынушылардың төлем қабілеттілігіне және басқа да өңірлік факторларға байланысты, нарықта қалыптасқан сұраныс пен ұсыныстар көлемінің қатынасы) нәтижесінде объектінің құнын жоғалтуы;

Сервитут – бөтен жер учаскесін және (немесе) жылжымайтын мүліктің басқа да объектісін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану және өзге де қажеттер үшін шектеулі мақсатта пайдалану құқығы;

Тиімді (негізгі) жасы – оны сату мүмкіндігін ескеретін объектінің табиғи күйі мен пайдалылығына сәйкес келетін жас. Сыртқы түрін бағалауға, техникалық жай-күйіне, объектінің құнына әсер ететін экономикалық факторларға негізделеді. Объектіні пайдалану ерекшелігіне қарай тиімді жас нақты жастан арту немесе азаю жағына қарай ерекшеленеді.

Таза операциялық кіріс – жалпы кіріс пен операциялық шығындар арасындағы айырым ретінде айқындалатын кіріс;

Тарату құны – әдетте бизнес жабылғаннан кейін жеке сату үшін ұсынылатын бизнесте бірлесіп пайдаланылатын активтер тобының нарықтық құнының түрі;

Теңгерімдік құн – барлық жинақталған амортизация мен жинақталған шығыс сомаларын құнсызданудан алып тастағаннан кейінгі бухгалтерлік теңгерімде актив танылатын сома;

Терминалдық (реверсиялық) құн – бағаланатын мүліктің иелік ететін (болашақтағы) есептік кезеңінің соңындағы нарықтық құны.

Техникалық паспорт – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексерудің нәтижелері бойынша жасалған, құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті, бастапқы немесе кейінгі объектінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын белгіленген нысандағы құжат;

Тренд – хронологиялық өмір сүру мерзімі үшін бағаланатын объектінің құнын өзгерту индексі;

Табиғи тозу – объектіні пайдалану, күту жағдайларымен байланысты тозу мен бұзылудан, табиғи-климаттық және басқа да факторлардың әсерінен туындаған зақымданулардың (ақаулардың) салдарынан объектінің құнын жоғалтуы;

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу – тұрғын ғимарттарды салу мақсатында ақшалай қаражатты тарту (құрылыс салушы) және беру (үлескер) бойынша құрылысқа үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының қатынастары; тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу – тараптардың біртарап тұрғын үй салуды және нәтижелері бойынша екінші тарапқа тұрғын үй-жай түрінде үлесін беруді міндетіне алатын қатынастары

Тұрғын ғимараттағы үлес – жеке меншiк құқығы туындаған кезде бiр мезгiлде тұрғын ғимараттағы ортақ мүлiкке үлестiк меншiк құқығы туындаған жағдайда құрылысқа үлестiк қатысу шарты бойынша салынған тұрғын үйдiң құрамына кiретiн, үлескердiң жеке меншiк құқығына берiлетiн пәтер;

 

Тұрғын үй құрылысынаүлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимарат – тұрғын үйден, сондай-ақ ортақ мүлiк болып табылатын өзге де бөлiктерден тұратын құрылыс;

 

Тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) үлес – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша құрылыс жобасына сәйкес салынған тұрғын үйдің (тұрғын жайдың) құрамына кіретін, үлескерге беру актісі бойынша берілетін тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлар. Осындай тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларға жекеменшік құқығы туындаған кезде онымен бір мезгілде тұрғын жайдағы ортақ мүлікке ортақ үлестік меншік құқығы туындайды.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт – құрылыс салушының, жобалау компаниясының, үлескер мен банк-агенттің арасында жасалатын, үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлардың салынуына байланысты құқықтық қатынастарды реттейтін шарт.

Тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты – тараптардың шарты, оған сәйкес жалдаушы қосымша жалдаушыға тұрғын үйдi не оның бiр бөлiгiн тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын бередi. 

Тұрғын емес үй-жай – тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) ортақ мүлік болып табылатын бөліктерін қоспағанда, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға пайдаланылатын жеке үй-жай, яғни дүкен, кафе, шеберхана, кеңсе және сол сияқтылар.

Тұрғын жай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген техникалық, санитариялық және басқа да міндетті талаптарға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі,яғни дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме. 

Тұрғын жайды жалдау (жалға алу) – жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру.

Тұрғын жайды жалдау (жалға алу) шарты – оған сәйкес жалдауға беруші (жалға беруші) жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғын жайды не оның бір бөлігін тұрақты немесе уақытша иелену және пайдалану құқығын беретін шарт.

Тұрғын жайды жекешелендіру – азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлеріндегі өздері тұратын үй-жайларды меншігіне сатып алуы. Тұрғын жайдың жалпы алаңы – тұрғын жайдың пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы.

Тұрғын жайдың құны – тұрғын жайдың мәміле жасалған күні айқындалатын нарықтық құны.

Тұрғын жайдың пайдалы алаңы – тұрғын жайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;

Тұрғын жайдың тұрғын алаңы – тұрғын жайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;

Тұрғын жайдың тұрғын емес алаңы – тұрғын жайдағы (пәтердегі) ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы; 

Тұрғын үй (тұрғын ғимарат) – негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ мүлік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын құрылыс;

 

Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

Тұрғын үйдің қалдық құны – тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны;

Тұрғын үйдің табиғи тозуы – табиғи, климаттық және өзге де факторлар әсерінің нәтижесінде бастапқы техникалық-пайдаланушылық қасиеттерін (төзімділігін, орнықтылығын, беріктігін және басқаларды) жоғалту;

Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы – бүкіл тұрғын үйдің жалпы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының жиынтығы;

Тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғын жайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;

 

Тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі) – азаматтардың тұрғын үйді сатып алу (салу) және пайдалану мақсатындағы коммерциялық емес бірлестігі, онда тұрғын үйге меншік құқығы кооперативке тиесілі болады, ал кооперативке мүше азаматтар өздеріне бекітіліп берілген үй-жайларды иелену және пайдалану құқығына, жекелеген жағдайларда белгіленген тәртіппен билік ету құқығына ие болады және тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысады;

Тұрғын үй қоры – Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын жайлар;

Тұрғын үй төлемдері – бұл мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын жайға мұқтаж қызметкерлеріне арнаулы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан оны берудің орнына арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер және отбасы құрамы бойынша сараланған ақшалай қаражат мөлшері;

Тұрғын үй төлемдерін алушылар – тұрғын үйге мұқтаждар деп танылған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

Тұрғын орынжай (пәтер, бөлме) – тұрғын үйдің тұрғын ауданы сияқты, тұрғын емес ауданын да қамтитын, тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын жеке үй-жай.

Тiркеушi орган – жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдар;

 

Уәкiлеттi орган – облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары;

 

Уақытша тұрғындар – жалдаушы (тұрғын жайдың меншік иесі, тұрғын үй кооперативінің мүшесі) олардан тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы алмай, тұрғын жайда уақытша тұру құқығын берген азаматтар;

Уақытша құрылыстар – орнату мерзімі мақсаттылығына, конструкциялық шешімдерге, орналасқан жері және басқа да белгілерге байланысты уақытша шектелген павильондар, дүңгіршектер, қалқа және басқа да осындай құрылыстар;

Үй – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Yйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн;

Үйлердiң (ғимараттардың) инженерлiк жабдықтары – материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететiн, сондай-ақ технологиялық жабдықтар мен өндiрiс үдерістерiн инженерлiк жағынан қамтамасыз ететiн, адамдардың тұруына (тұрмысына), еңбек етуiне (болуына) қалыпты не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлiк жүйелер мен техникалық құрылғылар кешенi;

Үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;

Үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін бірлесіп басқаруы үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері құратын коммерциялық емес ұйым; 

Үстемдікке ие жер учаскесініңнемесе жылжымайтын мүліктің өзге де объектісінің пайдасына сервитут – басқа, әдетте, көрші жылжымайтын мүлік меншік иесінің (өзге құқық иесінің) пайдасына оның қажеттіктерін қанағаттандыру үшін, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, су жүргізу және басқа да мақсаттар үшін белгіленетін сервитут;

Үстемдікке ие жылжымайтын мүлік объектісі – меншік иесінің (өзге құқық иесінің) бөтен жылжымайтын мүлікті шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитуты) бар жылжымайтын мүлік объектісі.

Функционалдық тозу – жетілдірілген сәулет, көлемдік-жоспарлау, сындарлы және басқа да сипаттамалармен қазіргі заманғы ғимараттар мен құрылыстарға тән функцияларын жүзеге асырудың мүмкін еместігі нәтижесінде бағалау объектісінің құнын жоғалтуы;

Цоколдық қабат – үй-жайлар биiктiгінің жартысынан аспайтын биiктiкке жердiң жоспарлы белгiсiнен төмен үй-жай еденің белгiсіндегі қабат;

Шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық элементі.

Шарттық сома – салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін қажетті, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасынан және тұрғын үй заемынан тұратын ақша сомасы. 

Шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлік – ортақ мүліктің жекелеген жекеменшік иесінің(меншік иелерінің) пайдалануына белгіленген тәртіппен берілетін жекелеген бөліктері. 

Ішкі орынжай – ғимараттың (құрылыстың) қасбетін қайта жаңартпай және жеке кіреберіс ұйымдастырмай ғимараттың (құрылыстың) көлемінде ұйымдастырылған үй-жай;

Электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу