ГЛОССАРИЙ


     Аллель – белгіні анықтайтын жұп гендер. Гомологтық хромосомалардың бірдей локусында орналасады.
     Аллельді гендер – хромосоманың бір жұбында орналасатын гендер. Доминантты және рецессивті аллельдер болады.
     Анафаза – хромосомдар мен хроматидтердің екі полюске ажырайтын митоз бен мейоздың фазасы.
     Анеуплоидия – хромосом жиынтығында хромосом санының артуы немесе кемуі. Мысалы, адамда (44 + Х = 45) – Шершевский – Тернер синдромы, (44 + ХХҮ = 47) – Клайнфелтер синдромы.
     Аутосомдар – екі жыныста да мөлшері жағынан бірдей ұқсас болып келетін хромосомалар.
     Белок – аминқышқылдардан тұратын полимер.
     Бөлшектену – эмбриондық даму кезеңдерінің бірі. Оның нәтижесінде көп жасушалы ұрық пайда болады.
     Гамета – жыныс жасушалар (сперматозоидтар немесе жұмыртқа жасушалар). Гаплоидты хромосома жиынтығына ие.
     Гаметогенез – жыныс жасушаларының түзілу процесі.
     Гаплоид – хромосома жиынтығының тақ саны, адамда – 23.
     Гаструла – ұрықтың дамуының екі қабатты кезеңі.
     Ген – ДНҚ молекуласындағы нәруыз молекуласы туралы ақпарат таситын ДНҚ-ның тізбегі.
     Генетика – организмдердің тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиеттерін зерттейтін ғылым.
     Генетикалық карта – генетикалық рекомбинация негізінде жасалған хромосомалардағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететін сызба.
     Гендік аурулар – гендердің өзгеру нәтижесінде пайда болатын тұқым қуалайтын аурулар.
     Генетикалық код – нәруыздардың жиырма аминқышқылдарының әрқайсысын үш нуклеотидтің реттілігі арқылы кодандау.
     Генеалогия – шежіре. Адам генетикасын зерттеудің негізгі бір әдісі.
     Геном – бір түрге жататын организдердің гаплоидтық хромосома жиынтығында орналасқан гендердің жиынтығы.
     Генотип – тұқым қуалайтын гендердің жиынтығы. Генотип – организмның тұқымқуалаушылық негізі.
     Геногеография – гендердің тарихи таралуы.
     Генотипоскопиялық – ДНҚ нуклеотидтердің орналасуы арқылы адамның табиғатын анықтайтын әдіс.
     Гетерозигота – әртүрлі аллельдері бар гаметалардың қосылуынан пайда болған зигота.
     Гетерохроматин – хромосоманың жақсы боялатын аймақтары.
     Гетерозис – бірінші ұрпақ буданының ата-анасынан барлық қасиеттері бойынша артық болуы.
     Гетероплоидия – деп хромосомалар санының гаплоидтық жиынтыққа еселенбей артуын немесе кемуін айтады. Мысалы, трисомия 2п +1; моносомия 2п – 1.
     Гомозигота – бірдей аллельдері бар гаметалардың қосылуынан пайда болған зигота.
     Голандриялық – адамда Ү-хромосомада орналасқан гендердің ұрпаққа берілу типі.
     Гоний – жұмыртқа жасушасының өсу кезіндегі сатысы.
     Гормондар – организмдегі маңызды тіршілік қасиеттерін реттейтін биологиялық белсенді заттар.
     Дальтонизм – түсті ажырата алмау ауруы.
     Даун синдромы – адам кариотипіндегі 21 хромосоманың үш есе еселенуінен туатын ауру.
     Дигибридті будандастыру – будандастыруға алынған даралар, екі жұп қарама-қарсы белгілерімен ажыратылады.
     Диплоид – жасушада гаплоидты хромосома жиынтығының екі еселенуі. Адамда – 46.
     Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – дезоксирибоза, фосфор қышқылының қалдығы және төрт азотты негіздерінен құралған күрделі полимер.ДНҚ гендер сақталады.
     Дискордантты – егіздерде тұқым қуалайтын белгілердің бір-біріне ұқсас болмауы.
     Диктиотена – бірінші қатардағы ооциттердің «тыныштық күйге» көшу фазасы.
     Евгеника – адамның тұқым қуалау белгілері мен қасиеттерін жақсарту және ұрпақтары кемтар болатын некелерді болдырмау туралы ғылым.
     Егіздер – бір мезгілде екіден көп туылған балалар.
     Жыныс хромосомасы – жынысты анықтайтын хромосома. Олар Х және Ү.
     Жыныспен тіркескен гендер – жынысты хромосомаларда орналасып өзара тіркесіп тұқым қуалайтын гендер.
     Зигота – аталық және аналық гаметалардың қосылуынан пайда болып,жаңа организның дамуына бастама береді. Зиготаның ядросында хромосомалардың саны диплоидты болады.
     Кариотип – бір түрге жататын организдердің хромосома жиынтығы. Хромосома саны және пішіні тұрақты болады.
     Крисс – Кросс тұқым қуалау – белгілердің шешесінен ұлдарына, әкесінен қыздарына берілуі.
     Кроссинговер – мейоздық бөлінудің 1-профазасында гомологтық хромосомалардың хроматидтерінің айқасуы.Осы құбылыстың нәтижесінде гендердің жаңа үйлесуі түзіліп, жаңа белгілер пайда болады.
     Конкордант – егіздер жұбының ұқсастығы.
     Комплементарлық – гендердің өзара әрекетесуі. Генотипте екі доминантты геннің, жаңа белгіге ие болуы.
     Кумулятивті полимерия – бір белгінің көрінуіне әр геннің қосатын үлесіне қарай көрінуі.
     Клайнфелтер синдромы – тұқым қуалайтын ауру. Хромосома саны – 47, ХХУ.
     Летальды гендер – гомозиготалы күйінде организмді өлуге мәжбүр ететін гендер.
     Локус – хромосомадағы гендердің орны.
     Мейоз – жыныс жасушаларының бөлінуі.
     Мезодерма – ұрықтың дамуының гаструла кезеңінің соңында пайда болатын ұрық жапырақшасы.
     Метафаза – мейоздық және митоздық бөлінудің фазасы.
     Митоз – өсімдік және жануарлар жасушаларының бөлінуінің негізгі түрі. Хромосомалар екі еселеніп, жаңа пайда болған екі жасушаға теңдей бөлінеді.
     Минисателит – ДНҚ-ның қайталанып отыратын бөлімі.
     Мутаген – мутация тудыратын фактор.
     Мутант – мутация нәтижесінде бастапқы түрінен өзгеріп туылған дара.
     Мутация – гендердің химиялық немесе хромосоманың құрылымдық өзгеруі.
     Мутагенез – мутацияның түзілу үдерісі.
     Монозигота – бір жұмыртқалы егіздер дамитын зигота.
     Нуклеин қышқылдары – қант, фосфор қышқылы қалдығы және азот негіздерінен құралған жоғары молекулалық қосылыстар. Олар тұқым қуалау ақпаратын сақтап, тасымалдауды қамтамасыз етеді.
     Нуклеотид – нуклеин қышқылының мономері. Қанттан, фосфаттан және азотты негіздерден тұрады.
     Ооцит – мейоздық бөліну үдерісінің нәтижесінде жұмыртқа жасушасы түзілетін үдеріс.
     Популяция – бір түрге жататын, бір ареалда өмір сүретін, еркін будандаса алатын, өсімтал ұрпақ беретін даралар жиынтығы.
     Полимерия – бір белгінің көрінуіне бірдей бірнеше гендер әсер етеді.
     Пробанд – шежіре құрастыруды бастайтын отбасының мушесі.
     Профаза – митоздық және мейоздық бөлінудің бірінші фазасы.
     Редукциялық бөліну – мейоздық бөлінудің бірінші сатысы, хромосома саны екі есе азаяды.
     Резус-фактор – маймылдың макака резус түрінің қанында анти-гендерге қарсы антиденелердің түзілуі. Содан резусфактор деп аталған.
     Репарация – жарақаттанған ДНҚ-ның арнайы ферменттердің көмегімен қалпына келуі.
     Репликация – ДНҚ екі еселенуі.
     Рецессивті білгі – гетерозигота жағдайында көрінбейтін тұқым қуалайтын белгі.
     Өзгергіштік – организмнің жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болу қабілеті.
     Сперматозоид – пісіп жетілген аталық гамета.
     Сибс – шежіреде зерттелетін пробандының іні – қарындастары.
     Сиам егіздері – егіздердің бір-бірімен дене мүшелері арқылы жалғасып бірігіп тұруы. Тайланда Сиам ауылында алғаш пайда болғандықтан, сиам егіздері деп атаған.
     Теломера – хромосоманың екі иығы ұшындағы бөлігі.
     Хромосома – гендер орналасқан, жасуша ядросында түзілетін боялғыш дене.
     Центромера – хроматидтері бір-бірімен жалғасатын хромосо-маның боялмайтын бөлігі.
     Эпистаз – гендердің өзара әрекеттесуінің типі. Бір геннің екінші генді тұншықтыруы.
     Эухроматин – хромосоманың нашар боялатын бөлігі.