САРТАЕВ АЛТЫНБЕК


Биология ғылымдарының кандидаты, доцент. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану факультеті Биология кафедрасының профессоры.

2007 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері.

Генетикаға арналған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың және 100 астам ғылыми мақалалардың авторы.



ЖЕКСЕМБИЕВ РЫСМАХАМБЕТ ҚОҢЫРҰЛЫ


Биология ғылымдарының кандидаты, профессор. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің 1973 жылғы түлегі. Өсімдіктер генетикасы және селекциясы саласының маманы.

100 астам ғылыми еңбектердің, оқулықтармен оқу-құралдарының авторы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің жаратылыстану факультеті Биология кафедрасының меңгерушісі.