Генетикадан зертханалық жұмыстар және дала практикумы оқулығы бойынша тест тапсырмалары

    1. Дрозофила (жеміс шыбыны) денесінің сұр түсі қара түсінен басым. Денесі сұр тұсты екі шыбынды бір-бірімен шағылыстырғанда ұрпағында 1200 сұр түсті және 400 қара түсті шыбындар алынған. Сұр түсті шыбындардың қаншасы гомозигота болады?

    100
    200
    300
    400
    600

    2. Ерлі-зайыптылардың екеуі де альбинизм белгісі бойынша гетерозиготалы. Олардан әртүрлі жұмыртқалы егіз балалар дүниеге келген. Олардың екеуінің де альбинос болуының ықтималдығы қандай?

    25%
    50%
    75%
    100%
    12,5%

    3. Адамда алты саусақтың болуын доминантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Бес саусақты әйел, гетерозиготалы алты саусақты ер адамға тұрмысқа шыққан. Отбасында алты саусақты бала болуының ықтималдығы қандай?

    25%
    50%
    75%
    100%
    12,5%

    4. Ерлі-зайыптылардың екеуі де гомозиготалы алты саусақты отбасында бес саусақты балалардың тууы мүмкін бе?

    Иә
    Жоқ

    5. Бір жұмыртқадан пайда болған екі қыз, өздері сияқты егіз жігітке тұрмысқа шықса, олардан туылған балалар өздері сияқты бір-біріне ұқсас бола ма?

    Иә
    Жоқ

    6. Қара көзді жігіт көк көзді қызға үйленеді. Қара көзді белгі көк көздіден басым. Олардан қара көзді 8 бала туады. Осы отбасындағы балалардың генотипін анықтау керек.

    АА
    Аа
    аа
    Аа аа
    АА АА

    7. Гетерозиготалы организдер (АаВв АаСс АаДд) қандай типті гаметалар түзеді?

    2
    4
    6
    8
    10

    8. Қой көзді оңқай еркек көк көзді онқай әйелге үйленеді. Олардың бірінші баласы көк көзді солақай болды. Осы баланың генотипі қандай?

    АаВв
    ААвв
    ааВВ
    ааВв
    аавв

    9. Балаларының қанының топтары І; ІІ; ІІІ және ІV болса, ата-анасының генотиптері қандай болады?

    АО х ВО
    ВВ х ВО
    АВ х АВ
    АО х АВ
    АВ х ОО

    10. Балаларының қанының топтары ІІ; ІІІ және ІV болса, ата-анасының генотиптері қандай болады?

    АО х АА
    ВВ х ВО
    АВ х АВ
    АО х АВ
    АВ х ОО

    11. Отбасында ата-анасының қанының топтары І және ІІ, олардың бір жұмыртқалы екі ұлы және екі жұмыртқалы егіз қыз дүниеге келген. Егіздердің осы белгі бойынша генотиптері қандай?

    АО Х ВО
    АА Х ВВ
    ВВ х ВВ
    ВВ х ВО
    АО х ОО

    12. Егер ата-анасының қанының топтары ІІІ және ІV болса, олардан ІІІ топты бала тууының ықтималдығы қандай?

    25%
    50%
    75%
    100%
    12,5%

    13. Шешесі және әкесінің резусы оң (Rh+), осы отбасында резусы теріс (rh-), бала туса ата-анасының генотиптері қандай болады?

    Rh+Rh+ x Rh+ Rh+
    Rh+rh x Rh+ Rh+
    Rh+rh- x Rh+ rh-
    Rh+rh- x rhrh-
    rh-rh x Rh+ Rh+

    14. Тұқым қуалайтын аурумен ауыратын еркек, сау әйелге үйленеді. Олардың 8 баласы: 4 қызы және 4 ұлы болады. Қыздарының барлығы ауру, ұлдары сау болған. Ауру белгі қалай тұқым қуалайды?

    Аутосомды-рецессивті
    Аутосомды-доминантты
    Х-хромосомамен тіркескен
    Доминантты Х-хромосомамен тіркескен
    Рецессивті Х-хромосомамен тіркескен

    15. Адамда түнде көрмейтін ауру доминантты белгі ретінде тұқым қуалайды. Шешесі сау, әкесі ауру отбасында ауру бала тууының ықтималдығы қандай?

    25%
    50%
    75%
    100%
    12,5%

    16. Дауна синдромымен ауыратын адамдардың хромосомалар санында қандай өзгерістер бар?

    Трисомия 22
    Трисомия 13
    Трисомия 18
    Трисомия 21
    Трисомия 17

    17. Шершевский-Тернер ауруымен ауыратын адамдарда хромосомалар саны неше?

    44 + ХО
    44 + ХХХ
    44 + ХХХХ
    44 + ХХХХХ
    44 + ХҮ

    18. 47 хромосомалары бар (44 + ХХУ) ерекшелік кімдерде кездеседі және ол қалай аталады?

    Әйелдерде
    Еркектерде
    Клейнфельтер синдромы
    Даун синдромы
    Леша – Найхан синдромы

    19. 9 : 7 немесе белгілердің ажырауы 9 : 6 : 1 гендердің өзара әсерінің қай типіне жатады?

    Комплементарлық
    Полимерлік
    Плейотропты
    Эпистаздық
    Кодоминанттық

    20. 13 : 3, 12 : 3 : 1 қатынасында болып белгілердің ажырауын гендердің өзара әсерінің қай типіне жатады?

    Комплементарлық
    Полимерлік
    Плейотропты
    Эпистаздық
    Кодоминанттық

    21. Жыныс гаметаларында әр белгілердің қанша аллельді гендері болады?

    1
    2
    3
    4
    5

    22. Моногибридті будандастыруда организмдер қанша белгілерімен ажыратылады?

    2
    3
    1
    4
    6

    23. Қызан өсімдігінің жемісінің дөңгелек пішіні, алмұрт тәріздесінен басым. Ұрпақтарында дөңгелек және алмұрт пішінді жемістері теңдей алынған өсімдіктердің ата-анасының генотипі қандай болмақ?

    Аа х Аа
    аа х аа
    АА х АА
    Аа х аа
    Аа х АА

    24. Қызан өсімдігінің қызыл түсін анықтайтын ген сары түсін анықтайтын генге қарағанда басым. Гомозиготалы қызыл жемісті қызанды сары түсті түрімен будандастырғанда Ғ1-де алынатын жемістің түсі қандай болмақ?

    Сары
    Қызыл
    Қызғылт
    Ақ
    Жасыл

    25. Қызан өсімдігінң жемісін анықтайтын А гені, сары түсін анықтайтын а геніне қарағанда басым. Мына будандастыруда алынған ата-аналық өсімдіктердің қайсысының екеуінде рецессивті белгісі бар?

    АА х аа
    аа х аа
    Аа х Аа
    Аа х аа
    Аа х АА

    26. Жемісі ақ түсті асқабақ өсімдігін будандастырғанда алынған алынған ұрпақтың ¾-і ақ, ¼-і сары жемісті болған. Ата-ана түрлерінің генотиптері қандай?

    АА х аа
    аа х аа
    Аа х Аа
    Аа х аа
    Аа х АА

    27. Қандай будандастыруда белгілер екінші ұрпақта 1:1 қатынасында ажырайды?

    Кері будандастыру
    Тура будандастыру
    Талдаушы будандастыру
    Аутбридинг
    Инбридинг

    28. Қандай будандастыруда белгілер фенотип бойынша 3:1 қатынасында ажырайды?

    Кері будандастыру
    Тура будандастыру
    Талдаушы будандастыру
    Моногибридті будандастыру
    Дигибридті будандастыру

    29. Қандай будандастыруда белгілер генотипі бойынша 1: 2:1 қатынасында ажырайды?

    Кері будандастыру
    Тура будандастыру
    Талдаушы будандастыру
    Моногибридті будандастыру
    Дигибридті будандастыру

    30. Қандай будандастыруда белгілер фенотип бойынша 9:3:3:1 қатынасында ажырайды?

    Кері будандастыру
    Тура будандастыру
    Талдаушы будандастыру
    Дигибридті будандастыру
    Полигибридті будандастыру

    31. Қандай будандастыруда белгілер генотипі бойынша 1:1 қатынасында ажырайды?

    Кері будандастыру
    Тура будандастыру
    Талдаушы будандастыру
    Моногибридті будандастыру
    Дигибридті будандастыру

    32. Көк қаракөл қойын қара қошқармен шағылыстырғанда бір көк қошақан туған. Оның гетерозиготалы екенін білу үшін қандай шағылыстыру жүргізу керек?

    Кері будандастыру
    Тура будандастыру
    Талдаушы будандастыру
    Моногибридті будандастыру
    Дигибридті будандастыру.

    33. Гетерозиготалы организмдер (Аа, Сс, Вв) қандай типті гаметалар түзеді?

    2
    1
    4
    3
    5

    34. Дигетерозиготалы организмдер (АаВв) қанша типті гаметалар түзеді?

    2
    3
    4
    5
    6

    35. Қандай будандастыруда белгілер 1: 1: 1: 1 сандық қатынасында ажырайды?

    Кері будандастыру
    Тура будандастыру
    Талдаушы будандастыру
    Моногибридті будандастыру
    Дигибридті будандастыру

    36. Түсі қызыл түнсұлу гүл өсімдігін ақ гүлді өсімдігімен будандастырғанда бірінші ұрпағының фенотипі қандай болады?

    Ақ
    Қызыл
    Қызғылт
    Жасыл
    Сары

    37. Екі қызғылт түнсұлу гүлін будандастырғанда Ғ2-нің қанша бөлігі қызыл түсті болады?

    1 бөлігі
    2 бөлігі
    3 бөлігі
    4 бөлігі
    5 бөлігі

    38. Екі қызғылт түнсұлу өсімдігін будандастырғанда Ғ2-нің қанша бөлігі ақ түсті болады?

    1 бөлігі
    2 бөлігі
    3 бөлігі
    4 бөлігі
    5 бөлігі

    39. Екі қызғылт түнсұлу гүлін өзара будандастырғанда Ғ2-нің қанша бөлігі қызғылт түсті болады?

    1 бөлігі
    2 бөлігі
    3 бөлігі
    4 бөлігі
    5 бөлігі

    40. Дрозофила шыбынының денесінің сұр түсі қара денеге қарағанда доминантты. Егер сұр шыбын мен қара шыбынды бір-бірімен шағылыстырса бірінші ұрпағының фенотипі қандай болады?

    Сұр
    Қара қошқыл
    Қара
    Ақ
    Сары

    41. Екі сұр шыбынды өзара шағылыстырғанда Ғ2-нің ұрпағының қанша бөлігі гетерозиготалы болады?

    1 бөлігі
    2 бөлігі
    3 бөлігі
    4 бөлігі
    5 бөлігі

    42. Екі сұр шыбынды өзара шағылыстырғанда Ғ2-нің ұрпағының қанша бөлігі рецессивті болады?

    1 бөлігі
    2 бөлігі
    3 бөлігі
    4 бөлігі
    5 бөлігі

    43. Екі сұр шыбынды өзара шағылыстырғанда Ғ2-нің ұрпағының қанша бөлігі гомозиготалы болады?

    1 бөлігі
    2 бөлігі
    3 бөлігі
    4 бөлігі
    5 бөлігі

    44. Сұр шыбын мен қара шыбынды шағылыстырғанда 217 сұр және 54 қара шыбын алынған. Аталық және аналық шыбынның қанша бөлігі рецессивті гомиозигота болады?

    1 бөлігі
    2 бөлігі
    3 бөлігі
    4 бөлігі
    5 бөлігі

    45. Екі сұр шыбынды өзара шағылыстырғанда 1692 сұр және 567 қара шыбын алынған. Сұр шыбындардың ішінде қанша шыбын гетерозиготалы болады?

    1492
    497
    994
    567
    300

    46. Екі сұр шыбынды өзара шағылыстырғанда 1492 сұр және 500 қара шыбын алынған. Сұр шыбындардың ішінде қанша шыбын доминантты гомозиготалы болады?

    1492
    497
    994
    500
    300

    47. Екі сұр шыбынды шағылыстырғанда Ғ2 кезінде белгілер 3:1 қатынасында ажырайды. Ата-анасының генотипі қандай?

    Гомозиготалы
    Гетерозиготалы
    Фенотип
    Генотип

    48. Бұршақ өсімдігінің сары түсі ақ түсінен басым, ал тұқымының тегіс белгісі бұдыр белгісінен басым. Егер осы белгілер бойынша екі гетерозиготалы бұршақ өсімдігін будандастырса, Ғ2 кезінде белгілер 9 : 3 : 3 : 1 қатынасында ажырайды. Осы 16 өсімдіктің ішінде бұрын болмаған жаңа белгілері бар даралар қанша?

    9
    6
    1
    4
    12

    49. Қай заң белгілердің тәуелсіз тұқым қуалауын дәлелдейді?

    Мендельдің І заңы
    Мендельдің ІІ заңы
    Мендельдің ІІІ заңы
    Биогенетикалық заң
    Гаметалардың тазалығы

    50. Хромосома құрамына кіретін зат:

    Нәруыз
    Көмірсулар
    Нуклеин қышқылдары
    Майлар
    Витаминдер

    51. Әйелдің кариотипінде хромосома саны қанша?

    23
    69
    46
    92
    48

    52. Адамда Y-хромосома хромосоманың қандай типіне жатады?

    Метацентрлік
    Субметацентрлік
    Акроцентрлік
    Сақиналық

    53. Қан топтарын қанша аллельді гендер анықтайды?

    1
    2
    3
    4
    5

    54. Адамда жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын белгіні анықтаңдар:

    Қан тобы
    Дальтонизм
    Резус-фактор
    Даун ауруы

    55. Адамның кариотипінде неше тіркесу тобы болады?

    23
    46
    92
    22

    56. Нуклеотидтің құрамына не кіреді?

    Нәруыз
    Көмірсу
    Фосфор қышқылының қалдығы
    Азотты негіздер

    57. Тернер синдромымен ауыратын адамдардың хромосома жиынтығында қандай өзгерістер болады?

    21-жұптағы бір хромосома жетіспейді
    21-жұпта үш хромосома бар
    21-жұптағы екі хромосома жетіспейді
    23-жұпта бір Х-хромосома жетіспейді

    58. Харди-Вайнберг заңы популяцияның қандай ерекшеліктерін анықтайды?

    Бір жұп аллельдер бойынша түзілген генотиптер тұрақты
    Тұрақсыз
    Бір жұп аллельдердің қатынасы тұрақты
    Тұрақсыз

    59. Прокариотты организмдердің жасушасында не болмайды?

    Қабықша
    Көмкерілген ядро
    Цитоплазма
    Рибосомалар

    60. Жануарлар жасушасында өсімдік жасушасымен салыстырғанда қандай органоид болмайды?

    Ядро
    Цитоплазма
    Хлоропласт
    Хромосомалар

    61. Жасушасыз организмдер:

    Бактериялар
    Көк-жасыл балдырлар
    Ашытқылар
    Вирустар

    62. Жасушада энергия бөліну арқылы жеңіл ыдырайтын молекула:

    Клетчатка
    Нәруыздар
    Нуклеин қышқылдары
    Моносахаридтер

    63. Қуыстарында, қапшықтарында нәруыздар, майлар, көмірсулар жиналатын және олардың бір бөлігін жасушаның қажетіне жұмсайтын органоид:

    Митохондрия
    Хлоропласт
    Гольджи жиынтығы
    Лизосома

    64. Эукариотты организмдер:

    Шіріту бактериясы
    Сүт бактериясы
    Түйнек бактериясы
    Балдырлар



Тексеру Жауаптарды жою Кілт