ГЛОССАРИЙ

Автоматика — автоматты жұмыс істейтін құрылғылар мен жүйелер туралы теоряилық және қолданбалы білім аймағы, сонымен қатар автоматты жұмыс істейтін мехнизмдер мен құрылғылардың жиынтығы болып табылады.

Автоматика элементі – ақпаратты, энергияны түрлендіретін белгілі бір функцияларды орындайтын қондырғы.

Автотандыру — физикалық және oй еңбектерiң жеңілдету мақсатында бір немесе бәрнеше үрдісінде автоматты құралдарын енгізу.

Автоматты басқарылатын жүйе (АБЖ) - басқару тікелей адамның араласуынсыз арнайы техникалық арқылы жүзеге асырылатын жүйе.

Астатикалық автоматты басқарылатын жүйе — статикалық бақылау қатесі қоздыру барлық мәндер үшін нөлге тең жүйе.

Амплитудалық фазалық жийылық сипаттама (АФЖС) — шығу шамасы амплитудасының және фазасының кіріс әсердін жиілігінен тәулділігінің кестесі.

Әсерлер - басқару объектісінің күйін өзгертетін факторлар.

Беріліс функциясы — шығыс шаманын кіріс шамаға қатынасы.

Басқару объектісі - қойылған мақсатқа жету үшін арнайы ұйымдастырылған әсерлер қарамағында болатын техникалық құрылғы, қондырғы немесе үрдіс.

Динамикалық буын — уақыттан тәуелді кіріс әсерді өзгертуге арналған жүйенің элементі.

Екпін алу уақыты — реттелетің шама пайдаланудан бастап тұрақты күйіне дейін Δ=(3÷5)% мәнінен артық емес жағыдыйға жететің уақыты.

Коммуникации — бұл кеңістікте ақпараттардың таралу үрдісі.

Қоздыру f — тиімсіз немесе өзгертуге мүмкін емес әсерлер.

Құрылымдық сұлба - АБЖ моделдеуші аспаптарының бірі түрінде ұсынылатын математикалық және компьютерлік моделдер, функционалдық сұлбалар негізінде құрылған графикалық моделдер. Құрылымдық сұлба дегеніміз, жүйе қандай динамикалық буындардан тұратынын және олар өзара қалай байланысқанын көрсететін АБЖ графикалық моделін айтады.

Орнықты АБЖ - егер шектелген кіріс сигналында жүйе реакциясы шығыс сигнал ретінде де шектелген болса.

Өтпелі үрдіс – бұл АБЖ уақыт өте келе бір күйден екінші күйге өту үрдісі.

Өтпелі функция h(t) — бірлік секіріске жүйенің реакциясы.

Реттегіш – басқару үрдісінің сапасын және орнықтылығын қамтамасыз ететін автоматиканың құрылғысын айтады.

Типтік динамикалық буын (ТДБ) – объектінің белгілі бір идеализациясы кезінде, оның сипатын алдын-ала белгілі қарапайым түрлену операторы (ТО) көмегімен сипаттауға болатын буын.

Түрлендіру операторы (ТО) - элементтердің түрлендіргіш ретіндегі қасиеттері.