ШОЛАНОВ ҚОРҒАНБАЙ САҒЫНАЙҰЛЫ

Профессор, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰЗА және ҚазҰА академигі, AASCIT (Ғылым және технология бойынша Американдық қауымдастығы) мүшесі. Ғылыми қайраткерлігі Мәскеудің Н.Э. Бауман (қазір МГТУ Н.Э. Бауман) атындағы жоғарғы техникалық училищесінің аспирантурасында (1973-1975 ж.) оқудан бастап, «Машина және механизмдер теориясы және автоматты өндірістер» мамандығы бойынша техника ғылымының кандидатынын ғылыми дәрежесіне ізденуші ретінде диссертацияны қорғады. 1986 жылдан бастап және қазіргі уақыттада Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде, ол негіздеген «Роботты техника және автоматиканың техникалық құралдар» кафедрасында жұмыс істейді. Шоланов К.С. ғылыми мүдделері, машиналармен механизмдер механикасымен, роботты техника және автоматикамен байланысты. Ол 4 монография, 8 оқулықтар және оқу құралдары, сонымен қатар 300 жуық ғылыми және әдістемелік жұмыстар жариялаған, 26 патенттер мен жаңа өнертабысқа авторлық куәлігі бар. Оның басшылығымен бірінші рет ҚР-да омыртқаның мойын бөлімінің протезі, екіаяқты адымдағыш роботтың тірегішті-қозғалтқыш механизмі, "SHOLKOR" аты алтықозғалғышты платформалық робот, «ҚазҰТУ роботы» параллельдік құрылымы бар роботтың қолданыстағы үлгісі жасалынып шығарылды, олардың шетелде аналогтары жоқ.

2002-2004 жылдары Шоланов К.С. ғылымның дамуына үздік үлес қосқан үшін Мемлекеттік стипендия алды. Ол екі мәрте (2005 ж. және 2010 ж.) "ҚР Үздік оқытушы" гранттың иеленушісі болып табылды. А. Байтұрсынов атындағы күміс медалімен, Еңбек мәртебесі медалімен марапатталды.