ТҮСІПОВ АМАНГЕЛДІ

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы Абай атындағы орта мектепті медальға бітіріп, Санкт-Петербург архитектура және құрылыс академиясында (1960-1965) жоғары білім алған. Қарағанды техникалық университетінде (1965-1976) ассистент, аға оқытушы, «Материалдар кедергісі» кафедрасының доценті, Тараз мемлекеттік университетінің «Материалдар кедергісі» кафедрасының меңгерушісі (1976-1988), Қазақ мемлекеттік техникалық университетінің «Материалдар кедергісі» кафедрасының доценті (1988-1993) болып қызмет істеген. Қазақстан Республикасы Жоғары аттестациялық комитетінде (1993-2004) бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Техника ғылымдарының кандидаты (1973), «Материалдар кедергісі» кафедрасы бойынша доцент (1975), «Жаратылыстану ғылымдары академиясының» академигі (1998). 40-тан аса ғылыми еңбектердің, оның ішінде, 3 авторлық куәліктерінің, 3 оқулықтың, 2 оқу құралының авторы және сертификаттың иегері.

«Қажырлы еңбегі үшін» медалімен (1970), КСРО Жоғары білім беру саласындағы еңбегі үшін «Еңбектегі зор табысы үшін» белгісімен (1988), «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен (2003) марапатталған.