Page 6 - index
P. 6

Алғы сөз

    «Стилистика және редакциялау» пәні – сипаты жағ­ ынан
қолданбалы, мақсаты жағынан практикалық, құр­ ылымы жағынан
кешенді болып табылады. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдары
редакцияларында жүзег­ е асырылатын қолжазбамен танысу, оны
бағалау, талдау, баспасөзде, радио мен теледидарда жариялауға
әзірл­ еу, яғни редакциялау процесі ғылыми-әдістемелік нег­ ізд­ е
қарастырылады. Демек, бұл пән болашақ БАҚ қызметкерлерін
даярлауда негізгі пәндердің бірі бол­­ ып табылады. Ал, пәннің
басты мақсаты – студентт­ ерді оқырманға арнап жарияланатын
материалдарды стил­ ист­ икалық тұрғыда сараптап, талдау мен
бағалау және өңдеудің теориясы мен әдістемелігімен қаруланды­
рып, тәжір­ ибелік жағынан машықтандыру. Бұл мақсатқа жету
төмендегідей міндеттерді қамтиды:

    – білімгерлердің стилистика және редакциялаудың тео­
риясымен, әдістемесімен қаруланып, тәжірибе жин­ ақ­тауларына
мүмкіндік жасау;

    – БАҚ материалдарының тілдік, стильдік ерекшелікт­­ ерін
сараптап, оларды қолдана білуге білімгерлерді баулу, машық­
тандыру;

    – білімгерлердің тіл мәдениетін арттыру мәселесіне айрықша
көңіл бөлу;

    – автор мен редактордың арасындағы шығармашыл­ ық тү­
сіністікке қол жеткізудің жолдарын үйрету;

    – автор материалдарын стилін сақтай отырып ре­дакц­ иялаудың
және оған өзіндік бақылау орнатудың мән-маңызына тоқталу,
оны іс жүзіне асыруға машықт­ андыру.

    Баспасөз тілінің мәдениеті алдымен оның сауаттыл­ ығ­ ымен
өлшенсе керек. Баспа орындарынан шығатын газет, журнал,
кітаптар мәдениетті оқырман қауымға арн­ алатындықтан, олар

           6

⇐ МАЗМҰНЫ
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11