Page 559 - indexf
P. 559

С ҚОСЫМШАСЫ
              Глоссарий

Континенталды еңіс – мұхиттың теңіз сулы бөлігіне континенталды қайраңнан
       төмен қарай бағыттайтын еңіс.

Сумұнайлы шекара (СМШ) – мұнайға қаныққан және суға қаныққан қабат
       қалыңдықтарын шартты бөлу беті. СМШ-дан төмен қарай мұнай тек қана
       мұнайға жағылған жыныстарда болады. СМШ-дан жоғары қарай екі фа-
       зада болады.

Газмұнайлы шекара (ГМШ) – газға қаныққан және мұнайға қаныққан
       қалыңдықтарды бөлетін шартты бет. ГМШ-дан төмен қарай газ тек ғана
       мұнайда еріген түрде, ГМШ-дан жоғары қарай екі фазада болады.

Сулы қабат – суды өткізгіш жыныс.

Лақтыру – ұңғыдан бақыланбаған сұйық арынының шығуы.

Сулы (газды) конус – мұнайлы қабатта су немесе газдан пайда болатын
       конустәріздес масса.

Екі реттік мұнай өндіру әдістері – әртүрлі агенттерді (су, газ, т.б.) қабат
       қысымын ұстау мақсатында айдауға негізделген әдістер.

Үшінші реттік өндіру әдістері – қабатқа агенттерді айдауға және екінші реттік
       мұнай өндіру әдістеріне қарағанда мұнайбергіштік дәрежені көбейтуге
       мүмкіндік беретін әдістер.

Статикалық қысым – ұзақ тоқтаудан кейін қалыптасқан, ұңғыма түбіндегі
       қысым.

Статикалық деңгей – тоқтатудан кейін оған атмосфералық қысым әсер ететін
       шарт кезінде ұңғымада қалыптасатын сұйық бағанасының деңгейі.

Динамикалық қысым – ұңғымадан сұйықты немесе газды алу кезінде неме-
       се ұңғымаға сұйықты немесе газды айдау кезінде қалыптасатын, ұңғыма
       түбіндегі қысым.

	 Сұйықтың динамикалық деңгейі – атмосфералық қысым әсер ету шарты
       кезінде жұмыс істеп тұрған ұңғымада қалыптасатын сұйық деңгейі.

Орташа қабат қысымы – бұл орташа өлшенген статикалық қысым.

Айдау аймағындағы қабат қысымы – айдау ұңғымалары орналасқан аймақтағы
       орташа өлшенген қабат қысымы.

Бастапқы қабат қысымы – игерудің ең басында, барлау ұңғымалар тобы бо-
       йынша анықталған, орташа өлшенген қабат қысымы.

         559

МАЗМ¦НЫ
   554   555   556   557   558   559   560   561   562   563   564