Асхат (06-02-2026)
Сәлеметсіздер ме! Мен жоғары оқу орнында оқытушы болып жұмыс істеймін. Кітапхананың электрондық ресурстарын пайдаланғым келеді. Мені қызықтыратыны қазақ тілін оқыту бойынша еңбектер, оқу құралдары т.б.
Сәлеметсіз бе! Кітапхананың электрондық ресурстарын пайдалану үшін Сізде жоғары оқу орны берген корпоративтік электрондық пошта болуы қажет. Корпоративтік поштаны тек өзіңіздің оқу орныңыз ғана рәсімдеп береді. Сонымен қатар, Сіздің оқу орныңыз Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханаға (РМЭБ) қатысушы ұйымдар тізімінде болуы тиіс. Қатысушы оқу орындарының толық тізімі сайтта көрсетілген. Аталған талаптар орындалған жағдайда ғана жүйеге тіркеліп, электрондық ресурстарды пайдалана аласыз.