Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхананы құру туралы меморандум. Бұл Меморандум қатысушылардың Республиканың электрондық білім беру ресурстарын бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіру – Республикалық жоғары оқу орындары аралық кітапхана (РМЭБ) – профессор-мұғалімдер құрамын, студент, бакалавриат, магистранттарды заманауи ақпараттық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету мақсаты мен ниетін жүзеге асыру үшін бекітілді.
Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханасы (РМЭБ) республикалық жоғары оқу орындардың электрондық білім беру ресурстарын профессор-оқытушылар құрамын, студент, магистрант, докторант және білім беру іс-әрекетіндегі басқа қатысушылардың талаптарын қазіргі заманның ақпарат-білім беру ресурстарымен толық қанағаттандыру үшін біртұтас ақпараттық жүйеге біріктіреді.
Республикалық жоғары оқу орындары аралық кітапханасын құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 3 маусымдағы № 260 Бұйрығы. Профессор-мұғалімдер құрамын, студент, магистрант және докторанттарды интерактивтік мультимедиялық білім беру ресурстарымен қамтамасыздандыру мақсаттарын жүзеге асыру үшін БҰЙЫРАМЫН: Жоғары оқу орындарында (ары қарай – ЖОО) электрондық білім беру ресурсын біріктіру жолдарымен Республикалық жоғары оқу орындараралық электрондық кітапханасын құруды.
«Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана» мекемесінің жарғысы. Бұдан әрі «Мекеме» деп аталатын «Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана» мекемесі Қазақстан Республикасының Жоғары оқу орындары қауымдастығының бастамасымен құрылған және дербестік, өзін-өзі басқару, есептілік, заңдылық және жариялық негізінде іс-әрекет жасайды. Мемлекеттік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады және Жарғыда көзделген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мақсатымен құрылған.