Қазақстан Республикасының білім беру мекемелері Республикалық Жоғары Оқу Аралық электрондық кітапханасының ресурстарын құруға және оған қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін «Республикалық Жоғары Оқу Аралық электрондық кітапханасының қызметтері туралы келісім-шартқа» отыру керек. Бұл келісім-шарт – Қазақстан Республикасында оқитын оқытушылар мен пайдаланушылар үшін кітапханалық-ақпараттық қызметтердің толықтығын, тиімділігін және ассортиментін ұлғайту мақсатында еліміздің оқу орындары кітапханаларының тең қатысуы негізінде тараптардың бірлескен ұйымдастырушылық қызметі. Ынтымақтастық ерікті түрде, келісім бойынша, сонымен қатар қатысушылардың өз міндеттемелеріне жауаптылығы негізінде құрылады.