Page 405 - index Bapaeva
P. 405

12-ҚОСЫМША
        К. Леонгардтың «Мінез акцентуациясын» анықтауға

                             арналған әдістемесі
    Нұсқау: Сізге 96 сұрақ ұсынылып тұр, олардың әрқайсысына
сіз «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беруіңіз қажет. Ойлануға көп
уақыт жұмсамаңыз. Мұнда «жаман» немесе «жақсы» деген жа-
уаптар болуы мүмкін емес.
    1. Сіздің көңіл күйіңіз жарқын, мұңсыз кезі бола ма?
    2. Тіл тигізгенді, ренішті сіз жақын қабылдайсыз ба?
    3. Сіз оңай жылай саласыз ба?
    4. Сізде қандай да бір жұмысты аяқтаған соң, оның орындалу
сапасына күмән пайда бола ма және барлығы дұрыс істелінді ме
деп тексеруге жүгінесіз бе?
    5. Балалық шағыңызда сіз құрбыларыңыз сияқты батыл
болдыңыз ба?
    6. Сіздің көңіл-күйіңіздің бірден өзгеруі жиі бола ма?
    7. Ойын-сауық кезінде сіз назар ортасында боласыз ба?
    8. Сіз ерекше себепсіз ұрысқақ және ашуланшақ болатын,
және айналадағылар сізге тимеген дұрыс, – деп санайтын күндер
бола ма?
    9. Сізге келген хаттарды оқыған соң бірден жауап қайтарасыз
ба?
    10. Сіз салмақты адамсыз ба?
    11. Сіздің айналадағылардың барлығын ұмытып кететіндей,
уақытша бір нәрсемен қатты айналысып кетуге қабілетіңіз жете
ме?
    12. Сіз тапқыр (іскер) адамсыз ба?
    13. Сіз реніш пен сізге жасалған қорлықты тез ұмытасыз ба?
    14. Сіз жұмсақ көңілді адамсыз ба?
    15. Сіз пошта жәшігіне хат тастағанда, оның онда түскенін не
түспегенін тексересіз бе?
    16. Сіздің мақтан сүйгіштігіңіз сізден жұмыста (оқуда)
алдыңғы қатарлылардың бірі болуыңызды талап етеді ме?
    17. Сіз балалық шағыңызда найзағай мен иттерден
қорықтыңыз ба?
    18. Сіз кейде әдепсіз әзілге күлесіз бе?
    19. Сіздің таныстарыңыздың арасында сізді педант деп санай-
тын адамдар бар ма?

                                    405

⇐ МАЗМҰНЫ
   400   401   402   403   404   405   406   407   408   409   410