Page 210 - index
P. 210

Мемлекеттің экономикадағы рөлі және экономиканы мемлекеттік
реттеу;

   Қазақстан экономикасының қазіргі ұлттық моделінің әлеуметтік-
экономикалық даму негіздері.

   4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):
   1) Көлеңкелі экономика және оның түрлері.
   2) Ұлттық байлық және оның құрылымы.

   5. Есептер:
   1. Экономикада келесідей мәліметтер берілген (млрд.тг.):
   Трансферттік төлемдер – 6,0;
   Жалпы жеке инвестициялар – 18,4;
   Бизнеске салынатын жанама салықтар – 9,0;
   Таза экспорт – 2,2;
   Корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 4,9;
   Амортизация – 8,9;
   Жеке тұтыну шығындары – 88,2;
   Корпорацияның пайдасына салынатын салық – 2,6;
   Әлеуметтік сақтандыру салымдары – 0,5;
   Тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу – 9,8;
   Жеке табыс салығы – 4,8.
   Табу керек:
   1) Жалпы ішкі өнімді;
   2) Қолда бар табысты;
   3) Жеке жинақтарды.

   2. Ұлттық өндіріс мынадай 2 тауардан тұрады делік: Х (тұтыну
тауарлары), Y (өндіріс құрал-жабдықтары). Ағымдағы жылы Х
өнімінің 500 мөлшері өндірілді, әрқайсысының бағасы 2 теңге, ал Y
тауарының 20 мөлшері өндірілді, олардың әрқайсысының бағасы 10
теңгеге тең. Жыл аяғына қарай пайдаланудағы 5 машина жаңартылды.

   Табу керек:
   а) Жалпы ұлттық өнімді;
   ә) Таза ұлттық өнімді;
   б) Тұтыну көлемін;
   в) Инвестиция көлемін;
   г) Таза инвестициялар көлемін.

   3. Төмендегі кестенің мәліметтеріне қарап, Х және Y игіліктерінен
тұратын тұтынушылық қоржынның құнын, тұтынушылық бағалар

           210

⇐ МАЗМҰНЫ
   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215