Page 211 - index
P. 211

индексін және инфляция қарқынын анықтаңыздар. Тұтынушылық
қоржынның құрамы өзгермейді және сәйкесінше, Х игілігі 3 данаға
және Y игілігі 5 данаға тең болып табылады.

Жылдар  X игілігі-  Y игілігі-нің  Тұтынушылық  Бағалар  Инфляция
        нің бағасы     бағасы       қоржынның   индексі  қарқыны
  2009                                   құны
  2010        2            1                      100
  2011        6            3
  2012        8            6
  2013       12           15
             24           25

   4. Мына төмендегі келтірілген тауарлар мен қызметтердің
қайсысын жалпы ішкі өнімнің құрамына жатқызуға болады?

   Үйдің жал төлемі; көршіңнің үй шаруасына көмектескені үшін
төленетін төлем; жазу үшін қағаз; құттықтау хаттарын дайындау
үшін қағаз; компакт-диск сатып алу; эстрада концертіне билет сатып
алу; өз отбасың үшін құлпынай өсіру; өз пәтеріңді сату; басқа елдің
территориясында жұмыс істейтін сіздің фирмаңыз; акцияларды сатып
алу.

   5. Айталық, экономиканың дамуы келесідей мәліметтермен
сипатталады:

Жылдар     Атаулы ЖІӨ, млрд. долл.      ЖІӨ дефляторы, 2010 жылға
                                              %-бен есептегенде
  2012                203 521
  2013                220 346                          105,0

                                                       106,0

   Табу керек:
   а) 2012-2013 жылдар аралығындағы атаулы ЖІӨ-нің өсу қарқынын;
   ә) ЖІӨ дефляторының өсу қарқынын;
   б) 2010 жылғы бағалармен есептегенде 2012 жылғы нақты ЖІӨ-
нің көлемін;
   в) 2012-2013 жылдар аралығындағы нақты ЖІӨ-нің өсу қарқынын;

   6. Тест тапсырмалары:
1.	 Еңбекақы қандай көрсеткішті есептегенде ескеріледі:

    А)	ЖІӨ-ді табыс бойынша В) ЖІӨ-ді шығын бойынша
    С)	Мемлекеттік кәсіпорындарға таза субсидияны D) Соңғы өнімді
    Е) Аралық өнімді

                                   211

⇐ МАЗМҰНЫ
   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215   216