Page 235 - index
P. 235

24.	Жиынтық ұсыныс қисығы оң көлбеулі, ал барлық тең
    жағдайларда ақша ұсынысының өсуі:
    A)	баға деңгейінің сақталуына және нақты өндіріс көлемінің
        өсуіне алып келеді
    B)	нақты өндіріс көлемін сақтауға және бағалардың өсуіне алып
        келеді
    C)	баға деңгейінің өсуіне және нақты өндіріс көлемінің өсуіне
        алып келеді
    D)	баға деңгейінің өсуіне және өндіріс көлемінің қысқаруына алып
        келеді
    E)	баға деңгейінің және өндіріс көлемінің өзгермеуіне алып келеді

25.	Тұтынудың кейнстік функциясына сәйкес:
    а) тұтыну пайыз мөлшерлемесіне тәуелді емес
    ә) тұтыну пайыз мөлшерлемесіне тәуелді
    б) тұтыну ағымдық табысқа тәуелді емес
    в) тұтыну перманентті табысқа тәуелді
    Е) тұтыну жиналған байлыққа тәуелді

26.	Ұзақ мерзімде жалпы өндіріс көлемінің әлеуетті өндіріс
    көлемімен сәйкес келген кездегі тұтыну шығындарының өсуі
    нені тудырады?
    А) жалпы өндіріс көлемінің өсуін
    В) баға деңгейінің өсуін
    С) жалпы өндіріс көлемінің және баға деңгейінің өсуін
    D) жалпы өндіріс көлемінің төмендеуін және баға деңгейінің өсуін
    Е) баға деңгейінің өзгермеуін

27.	Тұтынушының қарыздары ағымдағы тұтынуды қысқартады,
    сол себепті:
    А) жиынтық сұраныс көлемі қысқарады
    В) жиынтық сұраныс қысқарады
    С) жиынтық сұраныс көлемі қысқармайды
    D) жиынтық сұраныс қысқармайды
    E) жиынтық ұсыныс көлемі қысқарады

28.	Тұтыну функциясы қай түрде жазылады:
    А) С = C (Y-T).
    В) C = C (r).
    С) C = C (W/P).
    D) C = (K)→F(K).
    E) C = C (R).

29.	Қолда бар табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?

    А) жеке табыс пен ұлттық табыстың

    В) жеке табыс пен жеке салықтардың

           235

⇐ МАЗМҰНЫ
   230   231   232   233   234   235   236   237   238   239   240