Page 39 - index
P. 39

2-тақырып

       Экономиканы ұйымдастырудың жалпы
                                    негіздері

   Мақсаты: қоғамдық өндірістің экономикалық мәнін түсіну,
экономикалық теорияның негізгі базалық түсініктері: қажеттіліктер,
ресурстар және игіліктер ұғымдарын кеңінен қарастыра отырып,
экономикалық таңдау мәселесін шешу.

   Талқылау сұрақтары:

   2.1.	 Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі орны
          мен рөлі;

   2.2.	 Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, ресурстар,
          игіліктер. Маслоу пирамидасы;

   2.3.	 Шектеулілік және экономикалық таңдау мәселесі. Үнемділік;
   2.4.	 Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық

          мәні.

   Негізгі ұғымдар: экономиканың негізгі үш мәселесі, өндіріс,
қоғамдық өндіріс, өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну, қажеттіліктер,
Маслоу пирамидасы, ресурстар, технология, игіліктер, шектеулілік,
экономикалық таңдау, балама шығындар, өндірістік мүмкіндіктер
қисығы, т.б.

2.1. Қоғамдық өндіріс, оның қазіргі экономикалық жүйедегі
                               орны мен рөлі

   Экономикалық теория қоғамдық ғылым ретінде шектеулі ресурстар
мен мүмкіндіктер жағдайында мынадай сұрақтарға жауап беруі тиіс:

    1.	 Не өндіру керек? – қандай тауарлар мен қызметтер өндірілуі
        тиіс?

    2.	 Қалай өндіру керек? – қандай ресурстарды және технологияны
        пайдалану арқылы өндірілуі тиіс?

    3.	 Кім үшін өндіру керек? – шығарылған тауар немесе қызмет
        кімге арналады, олар қалай бөлінеді, оларды кімдер сатып
        алады?

   Қоғамның қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандыру
мәселесін шеше отырып, экономикалық теория экономикалық таңдау
мәселесімен соқтығысады, яғни осы жерде экономикалық теория 2
аксиомаға сүйенеді:

           39

⇐ МАЗМҰНЫ
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44