Page 42 - index
P. 42

нығайту, басқаруды жетілдіру, ғылым мен инфрақұрылымды дамыту,
т.б.

   Тәжірибе жүзінде таза күйінде интенсивті ұдайы және экстенсивті
ұдайы өндірістер орын алмайды. Олар бір-бірімен өзара байланыста
болады және бір-бірін толықтырып отырады, олай болса, нақты
шаруашылықта аралас ұдайы өндірістің типі орын алады.

   Аралас ұдайы өндіріс – бұл бір уақытта экономикалық
ресурстардың санын арттыру және техника мен технологияны
жетілдіру есебінен өндіріс ауқымын кеңейту үдерісі.

2.2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер,
       ресурстар, игіліктер. Маслоу пирамидасы

   Экономикалық ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш мәселесіне
жауап бере алатын басты ұғымдар орын алады. Бұл ұғымдар
экономикалық теорияның базалық түсініктері болып табылады, яғни
олар:

   1. Қажеттіліктер;
   2. Ресурстар;
   3. Игіліктер.
   Енді осыларға кеңірек тоқтауымыз қажет.
   Кез келген экономикалық мәселелер қажеттіліктерді зерттеуден
басталады. Экономикалық ғылымның бастамасы ең алдымен,
экономикалық қажеттіліктер және олардың қанағаттандырылу
тәсілдері болып табылады.
   Қажеттіліктер – бұл экономиканың субъектілеріне белгілі бір
экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен
ынта-жігерлер немесе басқаша сөзбен айтқанда, адамның өмір
сүруін қамтамасыз етуге және жеке бір индивидтің, фирманың және
тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген
жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар.
   Қажеттіліктер қанағаттандыруды талап етеді, өмір сүруді және
организмді дамытуды қамтамасыз етеді, адамның жеке басын
дамытуды қалайды. Адамдардың қажеттіліктері алуан түрлі болып
табылады. Американдық ғалым, әрі социолог Абрахам Маслоу
өзінің «қажеттіліктер пирамидасы» үлгісінде қажеттіліктерді
кеңінен зерттейді. Бұл үлгіге сәйкес, «төменгі сатыдағы» материалдық
қажеттіліктерден бастап, «жоғарғы сатыдағы» рухани қажеттіліктер
төмендегідей орналасады:

           42

⇐ МАЗМҰНЫ
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47