Page 71 - index
P. 71

16.	К. Маркс бойынша меншік дегеніміз – бұл:
    А)	Адамның затқа қатынасы В) Заттардың арасындағы қатынастар
    С)	Заттың пайдалылығы D) Ұрлық Е) Тауар өндірушілердің
        арасындағы қатынастар

17.	Ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету салаларының
    дамуы – бұл:
    A) Индустриалдық қоғамның басты артықшылығы
    B) Еркін бәсекелестік нарықтық жүйенің басты артықшылығы
    C) Аралас экономикалық жүйенің басты мәселесі
    D) Кез келген экономикалық жүйенің басты кемшілігі
    E) Постиндустриалдық қоғамның басты ерекшелігі

18.	Әміршіл-әкімшіл жүйеге байланысты артықшылықтарды
    көрсетіңіз:
    A)	Адамдық және материалдық ресурстардың басымды бағыттар­
        ға икемделуі
    B) Жеке кәсіпкерлікті шектеу, не тыйым салу
    C) Ресурстардың тұрақты тапшылығы
    D) Бәсекенің болмауы
    E) Бітпеген құрылыс көлемінің өсуі

19.	Индустриалды қоғамның басты белгісі:
    A)	Өндіргіш күштердің дамуының жоғарғы деңгейі B) Ірі
        машиналы өндіріс C) Құқықтық мемлекет D) Демократия E)
        Тұтынудың жоғарғы деңгейі

20.	Жоспарлы экономикалық жүйе қазіргі уақытта қандай
    елдерге тән:
    А) Еуроодақ елдеріне В) Сингапур мен Гонконгқа
    С) Оңтүстік Кореяға D) Солтүстік Корея мен Куба еліне Е) Ресейге

21.	Меншіктің заңдық тұрғыдағы мазмұны қалай сипатталады?
    А)	Мүліктік қатынастармен В) Табиғи жағдайларға деген
        қатынастармен
    С)	Өндіріс нәтижелеріне байланысты қатынастармен D) Пайда
        табу бойынша қатынастармен Е) Өндіріс құрал-жабдықтары
        бойынша адамдар арасындағы қатынастармен

22.	Нарықтық экономикалық жүйенің басты ерекшеліктері:
    А) Жеке меншіктің басымдылығы В) Таңдау еркіндігінің болуы
    С) Бәсекелестіктің орын алуы D) Жеке қызығушылық
    Е) Аталғандардың барлығы дұрыс

23.	Экономикада өмір бойы жалдану жүйесі қандай елге тән:
    А) Швецияға В) Жапонияға С) Германияға

    D) АҚШ-қа Е) Қазақстанға

           71

⇐ МАЗМҰНЫ
   66   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76