Page 69 - index
P. 69

6. Тест тапсырмалары:
1.	 Нарықтық экономиканың негізгі белгісі:

    А)	Мемлекеттік меншіктің басымдылығы В) Орталықтан
        жоспарлау

    С)	Жеке экономикалық мүдде D) Экономикалық қызметтің қатаң
        жоспарлануы Е) Мемлекеттік жоспарды орындау қажеттілігі

2.	 Қазақстанда екінші жекешелендіру кезеңі қай жылдары өтті?
    А) 1990-1991 жж. В) 1991-1992 жж. С) 1993-1995 жж.
    D) 1996-1998 жж. Е) 2000-2001 жж.

3.	 Меншіктің экономикалық мәнін беретін анықтаманы
    таңдаңыз:
    А)	Қайтарымсыз табиғи ресурсты иемдену
    В)	Биліктік мүмкіншілікті жүзеге асыру
    С)	Адамның тауарды жеке мақсатқа пайдалануы
    D)	Жинақталған интеллектуалдық әлеуетті пайдалану
    Е)	Қарама-қарсы экономикалық көзқарастағы субъектілердің
        өндіріс жағдайына байланысты қатынасы

4.	 Барлық экономикалық жүйелердің шешетін мәселесі:
    А)	Инвестиция жетіспеуі В) Өндіріс пен тұтыну сәйкессіздігі
    С)	Баға тұрақсыздығы D) Ресурстардың шектеулілігі Е) Еңбек
        өнімділігінің өсуі

5.	 Постиндустриалдық қоғамның негізгі экономикалық саласы:
    А) Ауыл шаруашылығы. В) Машина жасау. С) Қызмет көрсету.
    D) Өндіріс саласы. Е) Машина жасау және құрылыс саласы.

6.	 Жеке меншік қалай сипатталады:
    A) Ресурстармен бұйрық берудің және жеке таңдаудың еркіндігі
    B) Жеке топтардың пайдасы үшін байлықтарды қайта бөлу
    C) Кәсіпорынның аздаған акция пакетін иеленуі
    D) Әр адамның өзінің жұмыс күшінің меншігі
    E) Барлық жауаптар дұрыс

7.	 Игілікті пайдалануды кім және қалай жүзеге асырады деген
    шешім қабылдау құқығы – бұл:
    А) Пайдалану құқығы В) Басқару құқығы С) Тәуелсіздік құқығы
    D) Иелену құқығы Е) Жүзеге асыру құқығы

8.	 Тендер дегеніміз не?
    А)	Мүлікті кепілге қою арқылы несие алу
    В)	Өнімнің сапасын анықтауға байланысты арнайы құжат
    С)	Белгілі бір жұмыстарды немесе тауарды жеткізу бойынша
        тапсырыстарды ұсынудың және жүзеге асырудың ерекше

        формасы

           69

⇐ МАЗМҰНЫ
   64   65   66   67   68   69   70   71   72   73   74