Page 217 - index
P. 217

33. Қысқарту техникасында екі негізгі тәсілді қолданады:
    А. Бөліктермен қысқарту және мәтінішілік қысқарту
    В. Тақырыптарын қысқарту және сөздерді қысқарту
    С. Сөйлемдерді қысқарту және мәтінішілік қысқарту
    Д. Стилистикалық қысқарту және сөйлемдерді қысқарту
    Е. Дыбыстық қысқарту және сөйлемдерді қысқарту
    34. Автордың өзіне бағытталып, әлі жарияланбаған шығар­
маны сынау, ескерту сыны, бұл –
    А. Редакторлық талдау
    В. Оқырман талдауы
    С. Редакторлық түзету
    Д. Әдеби саяси сын
    Е. Шығармашылық сын
    35. Баспасөз орындарында авторлар қауымынан түсетін қол­
жазбаны қабылдап, редакциялап шығатын, оны жарыққа шы­
ғаруды басқаратын жетекші, басшы, шығармашылық қаламг­ ер:
    А. Жауапты немесе бас редактор
    В. Корректор немесе журналист
    С. Жауапты немесе ғылыми ізденуші
    Д. Негізгі немесе ғылыми редактор
    Е. Қосымша немесе жетекші редактор
    36. Латын тіліндегі «Correktura» сөзінің мағынасы?
    А. Түзету, жақсарту
    В. Өңдеу, жинақтау
    С. Теру, үйлестіру
    Д. Басу, жетілдіру
    Е. Жинақтау, дұрыстау
    37. Баспа теріміндегі әріптік, сандық, белгілік, таңбалық,
емлелік, полиграфиялық, техникалық қателерді тексеріп, түзету,
жөндеу жұмыстарының жиынтығы –
    А. корректорлық
    В. редакциялау
    С. тираждау
    Д. құрастыру
    Е. аудару

           217

⇐ МАЗМҰНЫ
   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222