Page 5 - indexf
P. 5

5

    Қазақстан Республикасы Президентiнiң халыққа Жолдауындағы мемлекеттiк
тiлдi дамыту туралы үлкен талаптарды жүзеге асыруда жоғары оқу орындарының
алатын орны ерекше. Ал техника саласы қазақ тілінде «сөйлемей» Қазақ тілі толық
қанды тіл бола алмайтыны белгілі. Осыған байланысты, техникалық бiлiм беретiн
жоғары оқу орындарының мемлекеттiк тiлде оқыту жөніндегі мәселелердің көп екені
де белгілі. Себебi, политехникалық терминдердің қалыптаспауы, техника саласын-
да қазақ тiлiндегi оқулықтардың жетiспеуi, кейбiр мамандықтар бойынша олардың
жоқтығы негізгі мәселелер болып табылады. Осының салдарынан техникалық
пәндердi оқытудың сапасы жеткiлiксiз, ал арнайы мамандық пәндерi бойынша өте
төмен деуге болады.

    Сондықтан да, «Қазақстан» баспасы ұсынған, қазақ тіліндегі тұңғыш
политехникалық қысқаша түсіндірме сөздіктің (Авторлары Е. Бекмұхаметов, Н. Сыз-
дықов, А. Әбдірахманов. 1979 ж.) алатын орны ерекше.

    Ұсынылып отырған «Қазақша-орысша түсіндірме сөздік» теқникалық жоғары
және арнаулы оқу орындарының студенттеріне, керек болған жағдайда, оқытушылар
мен мұғалімдерге арналған.
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10