Қарапайым іздеу кезінде сөздер, сөз тіркестері немесе сөз бөлігі бойынша іздеу жасауға болады.
Сұрауларды қалыптастыру үшін бір жол қолданылады. Жолда бір немесе араларында бос орын қалдырылған бірнеше сөздер жазылады. Мысалы, Ахметов тарих дамуы.
Бұл жағдайда іздеу алғашында іздеу үшін бірегей тіркес ретінде орындалады, одан кейін жеке сөздердің толық үйлесуі НЕМЕСЕ логикалық операцияның қолдануымен жүзеге асады.
Іздеу нәтижелері шыққанда берілген сөздер сарғылт түспен боянып, табылған жазбалардың саны көрсетіледі.
Алайда «қарапайым» немесе «тез» іздеу жиі өте көп іздеу нәтижелерін береді және бірінші реттік іріктеудің негізі ғана бола алады. Іздеу нәтижелерін шеңберін қысқарту үшін «Табылғандардың ішінен іздеу» немесе «Кең ауқымды іздеу» сілтемесін қолдану ұсынылады.
Бұл формада белгілі бір тақырыпты таңдаса, оған байланысты ресурстар автоматты түрде көрсетілетін «Тақырыптық іздеу» бар.
Сондай-ақ, сұраулар электрондық каталогтың библиографикалық сипаттамаларының нақты жолдары бойынша қалыптасады.
Сөздерді теру арқылы іздеу жолдарының бір, екі немесе барлық үш жолдары толтырылады. Мәзірде енгізілген терминдер библиографиялық сипатаммалардың қандай жолдарында кездесетіні көресетіледі. Оң жақтағы мәзір көмегімен іздеу үшін қолданылатын логикалық операциялар енгізіледі (ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ).
Іздеуді құру барысында қосымша шарттарды енгізуге болады – жыл бойынша фильтр, 1940 жылдан 2019 жылға дейін.
Іздеу нәтижелерін қарағанда ресурстың библиографиялық «Сипаттамасы» мен оның оқу мүмкіндігі көрсетіледі. Ол үшін «Қарау» сілтемін шерту керек.
Қазіргі таңда библиографиялық сипаттама толығымен МЕМСТ сәйкес келмейді, ол ресустарды айырып тану және толық мәтінді ресурстарға көшу үшін қолданылады.
«Тазарту» батырмасы барлық енгізілген мәндерді өшіруді орындайды және бос іздеу формасының шығуын қамтамасыз етеді.
Сұрауларды қалыптастыру кезінде іздеу нәтижелерін іріктеу мүмкіндігі бар. Модульде келесі санаттар бойынша іріктеуді жүргізуге болады: «Автор», «Тақырып», «Басылым түрі», «Басылым мерзімі».