Page 411 - index Bapaeva
P. 411

13-ҚОСЫМША
                    К. Г. ЮНГТЫҢ СҰРАҚНАМАСЫ
    Аталмыш әдістемені К.Г.Юнг тұлғаның типологиялық
ерекшеліктерін анықтау үшін ұсынған.
    Нұсқау:
    Әр сұраққа жауаптың екі нұсқасы берілген. Өзіңіздің
көңіліңізге қонған кез келген жауапты таңдап, сол жауапты
білдіретін белгіні қою қажет.
    1. Сіз:
    a) Достарыңыздың шағын болғанын;
    b) Достарыңыздың көп болғанын қалайсыз.
    2. Сіз қандай кітаптарды оқығанды қалайсыз?
    a) Оқиға желісі қызықты;
    b) Кейіпкерлерінің күйзелістері жақсы ашылған.
    3. Әңгімелескенде:
    a) Кешігесіз;
    b) Қателесесіз.
    4. Егер сіз өрескел қылық жасасаңыз:
    a) Қатты күйзелесіз;
    b) Қатты күйзелмейсіз.
    5. Адамдармен қалай жақындасасыз?
    a) Тез, жеңіл;
    b) Баяу, сақтықпен.
    6. Өзіңізді ренжігішпін деп есептейсіз бе?
    a) Ия;
    b) Жоқ.
    7. Сіз барынша шын жүректен күле аласыз ба?
    a) Ия;
    b) Жоқ.
    8. Сіз өзіңізді:
    a) Үндемейтін;
    b) Әңгімешіл деп есептейсіз бе?
    9. Сіз:
    a) Ашық-жарқынсыз ба?
    b) Тұйықсыз ба?
    10. Сіз өз күйзелістеріңізді талдайсыз ба?
    а) Иә;
    b) Жоқ.

                                    411

⇐ МАЗМҰНЫ
   406   407   408   409   410   411   412   413   414   415   416