Page 416 - index Bapaeva
P. 416

15-ҚОСЫМША

     СУБЪЕКТИВТІ БАҚЫЛАУ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ

    Аталмыш экспериментті психологиялық әдістеме
сыналушының әртүрлі өмірлік жағдайларды қалыптасқан
субъективті бақылау деңгейін салыстырмалы жылдам әрі тиімді
бағалауға мүмкіндік беріп, клиникалық психодиагностикада,
кәсіби іріктеуде, отбасылық кеңес беруде және т.с.с. жарамды.
Бехтерев атындағы ҒЗИ құрастырылған.

    Осы тектес әдістемелер 1960 жж. АҚШ-та жүргізіліп көрген,
ең танымалдысы – екі тұрғыға негізделген Д. Роттердің бақылау
локусының шкаласы.

    1. Адамдар бір-бірінен өздері үшін маңызды оқиғаларды қалай
әрі қайда шоғырландыратындары бойынша ерекшеленеді. Ондай
шоғырланудың экстерналды және интерналды деген полярлы
екі түрі бар. Бірінші жағдайда адам басынан өткендер сыртқы
күштердің – өзге адамдар, түрлі оқиғалар әрекеттерінің нәтижесі
деп ойлайды.

    Екінші жағдайда адам маңызды оқиғаларды өзінің дербес
іс-әрекетінің нәтижесі ретінде талқылайды. Кез келген адамға
экстерналдыдан интерналдыға ұласатын континуумдағы нақты
ұстаным тән.

    2. Индивидке тән бақылау локусы оның алдында кездесетін
оқиғалар мен жағдайлардың кез келген түріне қатысты әмбебап
болады.

    Бақылаудың бір ғана түрі аталмыш тұлғаның сәтсіздіктер әрі
жетістіктер аумағындағы да мінез-құлықтарын сипаттайды. Әрі
ол әлеуметтік өмірдің әрқилы салаларына да әртүрлі дәрежеде
қатысты болады.

    Экспериментті жұмыстар тұлғаның экстерналдылық-
интерналдылықпен мінез-құлқының әрқилы түрлері мен
өлшемдерінің байланысын анықтады. Конформды әрі көнгіш
мінез-құлық көбінде экстерналды локусы бар адамдарға тән.
Интерналдар өзгелердің басымдылығына аса көне бермейді,
басқалардың өздерін пайдаланғысы келетінін сезінгенде
қарсыласады. Олар экстерналдарға қарағанда жеке еркіндікті

                                    416

⇐ МАЗМҰНЫ
   411   412   413   414   415   416   417   418   419   420   421