Page 413 - index Bapaeva
P. 413

14-ҚОСЫМША

                                Күйзеліс шкаласы
    Бұл сауалнама күйзеліс жағдайларын және күйзеліске
жағдайларды дифферианциалды түрде диагностикалауға
арналған, көпшілікке жүргізілетін скрининг-диагностикалық
зерттеулерде, алдын ала медициналық диагностикаларда қолдану
үшін жасалған. Т. И. Балашова құрастырған.
    Тестінің толық жүргізуге кететін уақыт пен өңдеу 20-30
мин алады. Зерттелінуші жауап парағымен жұмыс жасайды.
Күйзелістің деңгейі (КД) формула бойынша есептелінеді.
    КД (күйзеліс деңгейі)=∑тура+∑кері
    ∑ «тура» - № 1,3,4,7,8,9,10,13,15,19 сандарының тұсында
көрсетілген
    ∑ «тура» пікірлердің жалпы саны.
    ∑ кері - № 2,5,6,11,12,14,17,18,20 санының тұсындағы «кері»
пікірлердің жалпы саны.
    Мысалы, №2 пікірдің тұсында 1 белгіленген, біз оған 4 ұпай
қоямыз, №5 пікірдің тұсында 2-жауап белгілеген, 3 ұпай қоямыз,
№6 пікірдің тұсында 3-жауап белгіленген 2 ұпай қоямыз, №11
пікірдің тұсында 4-жауап белгіленген, 1 ұпай қоямыз және т.с.с.
    Нәтижесінде КД-ны шығарамыз, ол 20 ұпай мен 80 ұпайдың
аралығында өзгеріп отырады.
    Егер КД 50 ұпайдан аспаса, күйзеліс жағдайы байкалмай-
ды. Егер КД 50 ұпайдан жоғары және 59 ұпайдан төмен бол-
са, оқиғаларға сәйкес жеңіл күйзеліс немесе жүйке жүйесінің
шаршауы білінеді. 60 ұпайдан 69 ұпай аралығында болса, КД
көрсеткіші – субкүйзелістік жағдайды немесе жасырын күйзелісті
білдіруі мүмкін. Ал нағыз күйзелісті жағдай 70 ұпайдан жоғары
көрсеткіште байқалады.

             Күйзеліс деңгейін анықтаудың жауап парағы

    Аты-жөні-------------------------------------------------------------
    Мерзімі ---------------------------------------------------------------

    Нұсқау. «Төменде көрсетілген әрбір сөйлемді мұқият оқып

                                    413

⇐ МАЗМҰНЫ
   408   409   410   411   412   413   414   415   416   417   418