Page 135 - index
P. 135

B) Үкіметтің жоғары білім саласына бақылаудың болмауы.
    C)	АҚШ-тың білім беру мекемелерінде бағалық дискриминация­

        ның қалыптасуы.
    D)	Үкіметтің жоғары білім саласына шектен тыс араласуы.
    E) АҚШ-та орта және жоғары білім беру салалары арасында

        ресурстардың тиімді бөлінбеуі.
33.	Төмендегілердің қайсысы монополияға алып келмейді:

    A) Лицензиялар.
    B) Авторлық құқықтар.
    C) Патенттер.
    D) Жақын алмастырушысы жоқ ерекше тауарға бақылау жасау.
    Е) Жақын алмастырушылары көп тауарларды өндіру және өткізу.
34.	Мына нарықтардың қайсысы жетілген бәсекенің мысалына
    жақын бола алады:
    A) Бидай нарығы.
    B) Жеңіл автокөліктер нарығы.
    C) Оқытушылар қызметінің нарығы.
    D) Шикі мұнай нарығы.
    E) Есірткі нарығы.
35. Табиғи монополияның мысалы:
    A) «Ақиқат» журналы.
    B) Байқоңыр космодромы.
    C) ОПЕК ұйымы.
    D) «Арсенал» кинотеатры.
    E) «Ливерпуль» футбол клубы.
36.	Монополияға қарсы заңдар алғаш рет қай елде және қай жылы
    қабылданды?
    A) АҚШ-та 1890 жылы.
    B) Ұлыбританияда 1890 жылы.
    C) Ресейде 1992 жылы.
    D) Қазақстанда 1999 жылы.
    E) Германияда 1891 жылы.
37.	Жетілген бәсеке мен монополистік бәсеке нарықтарының
    ортақ белгілері қандай?
    A) Ерекшеленген тауарлардың шығарылуы.
    B) Сатушылар мен сатып алушылар санының көп болуы.
    C) Стандартты тауарлардың шығарылуы.
    D) Сатушылар мен сатып алушылар санының көп болмауы.

    E) Әрбір жеке фирманың нарықтағы тәртібі бәсекелестердің

        шешіміне тәуелді болады.

           135

⇐ МАЗМҰНЫ
   130   131   132   133   134   135   136   137   138   139   140